Ақберен Елгезек (Құрбандыққа тілену)

Ауа болып сіңер едім өкпеңе,
Өкпелеме, өтінемін,
«Кет» деме!
Мені жұтып тыныстасаң болғаны,
Маған басқа керек емес ештеңе!

Аптап күнде ыстық буға қастасып,
Су боп енсем таңдайыңмен.....
Өлеңдер
Толық

Ақберен Елгезек (Түнгі құлазу)

Жүре бермей өмірдің көшіменен,
Есім кетіп, сүйді екем несіне мен?
Жұлдыздар да ендігі жұбатпайды,
...Ай жатыр шалқасынан есінеген.

Ауламда күбірлейді құлаған нұр,
Құлаған нұр, сезім бе жылаған бұл?
Түн кейде жұбататын.....
Өлеңдер
Толық

Ақберен Елгезек (Елес іздеу)

Құпияңды біле алмай, жұмбақталған,
Елесіңе еремін бұлғақтаған.
Бесік-кеудем тербетер әлсін-әлі,
Мұң-баланы жүрекке құндақталған.

Ақ сағымға жөңкілген қыраттардан,
Ақ таңдарда кемсеңдеп.....
Өлеңдер
Толық

Ақберен Елгезек (Сурет салу)

Көз жасыңнан бес тамшы,
Алты бояу күлкіңнен,
Шарап жасап ұсыншы, айығайын дертімнен!
Тынысымнан буға сен айналғанда мөлдіреп,
Күлге айналып ұшайын жан шыдамас өртіңнен!

Күрсіністің демінен,
Ұшқынынан бақыттың,
Өлең өріп берейін.....
Өлеңдер
Толық

Ақберен Елгезек (Түнгі элегия)

Түн іші. Күңгірт бөлме. Елеспіз біз.
Бұл әлемге келген де емеспіз біз.
Қиялымыз шайырдың о, дүниелік,
Қабірінде билеген көмескі күз...

Біз екеуміз ешқашан тумағанбыз,
Тәтті сәтті Тәңірден.....
Өлеңдер
Толық

Ақберен Елгезек (Махабаттың сәулесі – рухтың жалғыз азығы)

Тіршіліктің бастауы – махаббаттың шуағы,
Ал, түнектің бастауы – бір жарықтың шырағы.
Махабаттың сәулесі – рухтың жалғыз азығы,
Рухтың жалғыз тірегі – жүрек – сезім тұрағы.

Сағыныш пен ынтығу – махаббатың өксігі,
Кеңістік пен уақытта махабаттың жоқ шегі!
Сезім деген Тәңірдің.....
Өлеңдер
Толық