Біздің жақта қыс түскен кезде қарлығаштар ұшып баратын сонау ит арқасы қияндағы бір елде король болыпты. Оның өндірдей он бір ұлы, Элиза деген жалғыз қызы бар еді. Ағалы-інілі он бір ханзада мектепте сабақ алатын. Омырауларына жұлдыз тағып, белдеріне қылыш байлап жүретін. Алтын тақтаға алмас қаламмен жазатын. Бәрі де сабаққа жүйрік оқуға алғыр болушы еді. Ханзада екендіктері айтпай-ақ көрініп......
Бүгін Ерке қыз ерекше қуанышты. Өйткені, жақында мектеп табылдырығын аттайды. Даярлық сыныбына бармақшы. Енді оның сүйікті ұстазы, көп достары болады. Тек мысық қана уайымдап жүр. Ерке қыз сабақтан келгенше кіммен ойнамақшы? Мектеп табалдырығын аттау құрметіне ата-анасы жақындарын, көрші......
Ерке қыздың достары көп. Олармен ойнаған өте қызық. Бүгін де мысығы екеуі достары ойнап жүрген ойын алаңына барды. Мұнда әткеншек те, сырғанақ та, белтемір де бәрі-бәрі бар. Қалағаныңша ойнауға болады. Тек, достарыңмен таласып, өкпелетіп алмасаң болғаны. — Ерке қыз келді! – деп қуанды Айна қыз.......
Ерке қыз өте ақылды, елгезек қыз. Әрине, кейде еркелеп, болмашы нәрсеге бұртиып өкпелеп қалады. Бірақ онысы ұзаққа созылмайды. Күні бойы өкпелеп жүргеннің несі жақсы? Ешкіммен ойнай да алмайсың. Онан да тез арада татуласып алған жөн. Ерке қыз анасының тапсырып кеткен жұмыстарын тап-тұйнақтай етіп орындап қойды. Өз бөлмесін және інісі шашып тастаған ойыншықтарды жинау соншалықты......
Кең жайылған Қазақ елінде бір шағын ғана ауыл бар. Ауыл биік таудың баурайында орналасқан. Қыс болса ақ көрпеге оранып, Қар патшалығына айналады. Ал жазда жұпар гүлдің иісі жаныңды сергітіп, самал жел көк майсаны тербетіп жап-жасыл Ертегі әлеміне енгендей болады. Әсіресе, өткінші жауыннан кейінгі күй керемет. Аспан күмбезіне керілген кемпірқосақты айтсаңшы! Қызыл-жасыл, көздің жауын......
Жиырма бес қалайы солдат болыпты. Бәрінің де анасы бір қалайы қасық, ағалы-інілі бауырлар еді. Бәрі де қараса көз тойматын сымбатты сұлу болатын: бәрінің де қызыл әдіпті мундирі, иығына асқан мылтығы болатын және бәрі де алға қарап көз тігіп қатып қалған!
Өздері жатқан қорапшаның қақпағы ашылған кезде олардың алғашқы естігені «қалайы солдаттар!» деген сөз еді. Оны айтқан кішкентай бала санын шапалақтап қуанып қалды, өйткені ойыншық солдаттар оның туған күніне әкелінген тарту еді.......
Айырша без (грек, thymus — тимус) — омыртқалы жануарлар мен адам организмдеріндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын бөлігінен түрады. Адам мен жануарлар организмдеріндегі жасушалық және гуморальдық (сүйықтық) иммунитеттердің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын Т лимфоциттердің түрліше популяцияларын түзу арқылы айырша без денедегі иммуногендік қызметті реттеуге қатысады. .....
Қарапайымдылардың морфологиялық сипаттамасы. Жасуша құрылысы эукариоттық, бактериялар мен саңырауқұлақтарға қарағанда морфологиялық және функциональді құрылымдары күрделі. Қарапайымдылардың сыртынан эластикалық және ригидті пелликула қоршайды. . Қарапайымдылардың бірнеше ядросы болуы мүмкін......
Күні кеше Алматыда отандық әнші Төреғалидің "Ұлы дала комедиясы" атты фильмінің тұсаукесері өтті. «Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысады» демекші, тұңғыш ұлының тырнақалды туындысын көруге келген әртістің анасы қатты қобалжып, қорыққанын жасырмады. Ол өзінің "ерке әрі тентек" ұлының қылықтары мен даулы оқиғалары туралы NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.