Кіріспе Жапония эканомикасының даму ерекшеліктері. Жапония көптеген ірі және кіші аралдардан тұрады. Жапоия солтүстігінен батысқа, оңтүстігінен шығысқа 3,5 мың км қашықтықта созылып жатыр. Аралдардың жалпы ауданы 378 мың кв, км, ал олардың саны 3900 жетеді. Ең ірі аралдарына мыналар жатады: Хонсю, Хоккоидо, Кюсю және Сикоку. Жапония мемлекеті 47 префектураға бөлінеді, қалалары мен ауылдық жерлерінің әрқайсысының өз үкіметі, басқарушысы бар. 1999 жылдың наурыз айында жүргізілген халық санағы бойынша 125, 86 млн адамға жетті. Жапония КНР Индия, США, Индонезия, Бразилия, Ресей және Пакистан мемлекеттерінен кейін тұрып 8 – ші орынды иеленді. Жапония тұрғындарының 99 % жапондықтар құрайды. 1875 жылғы саннақ бойынша халқының саны 35,3 млн адам болса, ал 1975 саннақ бойынша 100 жылдың ішінде 111,9 млн – ға жетті. Тұрғындарының ¾ бөлігі қалада өмір сүреді. 8,5 млн тұығыны бар астанасы Токио қаласында халық тығыз орналасқан. Мұнда 1 кв. Км жерге 332 адамнан келеді. Жапония тұрғындарының ерлері мен әйелдерін салыстырғанда шамамен тең келген. ....
Кіріспе. Самурай (жапония самурай-қызмет ету)- Жапониядағы ірі князьдар мен ұсақ дварияндары қамтитын феодалдық топ, Самурайдың шағын және әрдайым жиі қолданылатын мағнасы – ұсақ дворяндардың әскери феодалдық сословиесі. Самурайдың ерекше сословие ретінде бөлінуі Жапонияда Минамото феодалдардың үйі билік құрған (1192-1867) кезіне саяды. Саловейдің сословиесі өзінің нақты анықтамасын Жопонияда Токугава феодалдар үйі сегундары билеген кезде алды. Феодалдар өзара соғыстар тоқталғаннан соң Самурайдың әскери отряды негізінен шаруалар көтерілісін басуға пайдаланды. Самурай Сословиесінің ыдырауы 18 ғасырдың орта шеніненде елең алады. Самурайлар сословиесі 1872 жылы таратылады. Басқарушы феодал класы Токугавада бірнеше топқа бөлінеді. Ерекше топ-кугэсарай маңындағы ақсүйектер, император астанасы Киото тұтастырды. Кугә формалды түрде ерекше пұрсатты жағдай орын алғанымен өздерінің жеке меншік жерлері болмады. Император секілді олар сегундардан еңбек ақы алып отырды.....
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам күруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бүл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс - қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономикалық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет. Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам құру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір - таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаев: «Қазастанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы » деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: « меншіктің негізгі түрлерін (жекеменшік пен мемлекеттік меншік) үйлестіре және өзара іс -қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік - экономика құру... ».....
Дипломдық жұмыс өзекті және қызықты тақырыптардың біріне арналған. Жалпы мазмұны Қазақстан Республикасының салық салу жүйесі мен салықтық құқығының процестері, мән-жайлары, принциптері мен құрылымдары, салық әкімшілігін жүргізу аясында экономикалық-қаржылық мүдделер балансы және т.б. өзекті тұстары мүлдем жаңа , яғни әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика мен құқықтық –демократиялық мемлекет тұрғысынан қарастылып, негізгі мәселері мен проблемалары ашылып көрсетілген, сондай-ақ әрбір институттар бойынша ғылыми тұжырымдамалар берілген. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет. Қолданыстағы Салық Кодексі экономикалық өсуде оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуеті іс жүзінде таусылды. Кодексте үнемі және жүйесіз өсіп отыратын 170–тен астам жеңілдіктер мен преференциялар бар » деп айта кетті. ....
Бір кездерде жұмбақ болған әрі жойқын зардабын тигізген көптеген кұбылыстар енді жақсы зерттеліп, адам оларға карсы күресуді үйренгенмен әлі де адамның ырқына көне қоймаған табиғат күштерінің стихиялық әрекеті мемлекетіміздің экономикасын орасан зор шығынға ұшыратуда. Орман мен шым тезек өрті, жер сілкіну мен cy тасқыны, селдер мен шөккіндер, қар көшкіні, боран мен дауыл стихиялық апаттардаң келетің шығын әлі де едәуір көп болып отыр. Кей жағдайларда біраз апаттардың пайда болуына адамдардың өздерінің де әрекеті себепкер болады. Мысалы, орман өрттері халықтың өрт кауіпсіздігі ережелерін сақтамауы салдарынан болып тұрады. Eгep дер кезінде шара қолданылмаса, мұндай өрт стихиялық апатқа үшыратуы мүмкін. Қазір өрт адамзат үшін негізгі кауіптің біріне айналуда. Өрт біздің еліміздін халық шаруашылығына да үлкен зиян келтіруде. Әсіресе, РСФСР-дың бірқатар өлкелері мен облыстарында 1972 және 1976 жылы ормандардың өртенуі жүрттың есінде. Қәзіргі кезде, қалалар мен селоларында құрылыстар көбінесе тастан және темірбетондан салынып, сүмен, газбен, немесе электр қуатымен жылытылатын, өртке қарсы қызмет жақсы ұйымдастырылған қарамастан әлі де едәуір көп болып отыр. ....
Тұрлан гефизикалық экспедициясы Каспиймаңы ойпатының шығыс енеумаңы бөлігінде, әсірес Ақтөбе – Астрахан күмбезінің іргетасында1987 жылдан бастап сейсмобарлау жұмыстарын МОГТ жүргізген. Алдымен сейсмикалық зерттеулер тербелісті жарылыс көзін пайдалану арқылы тудырған, кейін сонымен қатар жармайтын құрылғы СВ – 5150 – ді пайдаланған. Берілген есеп беру сейсмикалық материялдардың көмегімен құралған. Онда сейсмикалық толқындарды жаратын және жармайтын әдістермен тудырған. " 1986 – 1990 жж. және 2000 жылға дейінгі кезеңде ССР – дің негізгі бағытта экономикалық және әлеуметтік дамуында" елдің жаңа ірі мұнайшығару кешенінің біріктілуі алдын ала ескеріледі, өзінің мағынасы бойынша тең Батыс – Сібір, ашық базада Каспиймаңы ойпатының аймағында Астрахан, Тенгиз, Қарашығанақ және Жаңажол кенорындарында. Осылармен байланысты Каспиймаңы ойпаңыңда геологобарлау жұмыстарының көлемінің елеулі өсуі алдын ала қарастырылады. Cоңғы болжамды бағаларға сәйкес бұл ауданның жоғарғы болашағы бар мұнайгаздылығы Қарашығанақ, Жаңажол, Кеңкияқ, Урихтау және т.б. аудандарында мұнай және газ кенорындарының ашылуымен тұжырымдалатын, боррты аймақтардың тұзасты түзілімдерімен байланысты. Көмірсутектердің негізгі қорларымен келтірілген карбонатты түзілімдер бірінші ретті объектілер ретінде қарастырылады. Бактыкарын партиясы 8/85 – 88 Турлан геофизикалық экспедициясымен МОГТ және ОГИ МПВ сейсмобарлау жұмыстары орындаған, ауданның карбонатты түзілімінің кеңінен дамуы Темір кенорнының фундаменті болып табылады. Административтік тұрғыда жұмыс аймағы Темір ауданы Ақтөбе облысында орналасқан ( 1 – сурет ).....
КІРІСПЕ Көркем сөз өнерінің небір майталмандары сөз өнерінің бастауын жалпы халықтық тіл қорынан алатындығы жаңалық емес. Жалпы халықтық тілді жаңарту, байыту, жаңа қырынан жарқырата қолдану - әрбір жазушының жеке шығармашылық жемісі. Тиесілі сөздің тетігін тауып пайдалану сөз өрнегін келісті сала білген жазушының шеберлігін танытады. Қандай да бір көркем шығарманың көркі, шұрайы сол шығарманың тілі арқылы көрінеді, тілі арқылы бағаланады. Тіл – стильдің жаны. Әр жазушының өзіндік қалыптасқан стильдік мақамы бар. Көптеген халыққа танымал ірі қаламгерлердің үлкенді-кішілі атақты шығармаларын қолға алып үңіле түссең-ақ, кімнің шығармасы екенін айнытпай айтуға болады. Әдемі өрнек, сұлу сөзге тұнып тұрған, ұзын сонар ширатылған Әуезов сөйлемдерін, өлең жолдарындай өзара ұйқасын тауып, үйлесіп, төгіліп тұратын, артық деп бір сөзін алып тастауға көнбейтін Аймауытов сөйлемдерін, есте ұстауға ерекше икемді, әрбір кейіпкерін "өмірдің өзінен ойып алған" Майлин сөйлемдерін ешкіммен шатастыруға болмайды. Тақырыптың өзектілігі Көркем әдебиет тілін зерттеу – филология ғылымдарының алдында тұрған бүгінгі таңдағы қажетті міндеттердің бірі. Көркем шығарманы талдау арқылы көркем әдебиет тілінде экспрессивтік-эмоциялық жүк көтеріп, өзіне соншалықты міндет артып тұрған сөздер мен сөз орамдары, сөйлемдердің үлкен маңызы, мәні бар екенін байқаймыз. Осындай таңдаулардың көмегі арқылы ғана жазушының сөз қолдану ерекшелігі жан-жақты ашылады. Жазушы қолданған әрбір элементтің мейлі ол әдеби нормаға жатпасын алатын орны ерекше. "Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер" деген тақырыптың қазақ тіл білімінде біраз зерттелгенімен, ол – монографиялық ізденіс ретінде әлі де толықтыра, айқындай түсуді қажет ететін проблема. Көркем дүниедегі бейәдеби элементтердің стильдік қызметін зерттеу арқылы оның сыры, маңыздылығы ашыла түседі. Зерттеу деңгейі Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге өзіндік үлес қосқан зерттеушілеріміздің ең алдыңғысы деп Мұхтар Әуезовты айтуымызға болады. Ол сонау 50-жылдардың өзінде "Манас" жырының тілдік өрнектерін талдау арқылы бізге мол мирас қалдырған. Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге қомақты үлес қосып келе жатқан ғалымдардың бірі – Рабиға Сыздықова. Зерттеушінің стилистикаға байланысты жазған ғылыми еңбектерінен жазушының сөз қолданысы, стиліне байланысты құнды пікірлер мен ғылыми тұжырымдарды көре аламыз. Осындай ірі тұлғалардың ірі пікірлеріне сүйеніп, қазақ көркем әдебиет тілін зерттеуге үлес қосып жүрген зерттеушілеріміздің есімін атап өтпеуімізге болмайды. Шалабай Б, Әміров Р, Бизақов С, Сәрсеке Г, Майтанов Б т.б. осы бағыттағы ірі зерттеушілеріміз. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері Қазіргі қазақ әдебиет тіліндегі бейәдеби элементтердің қызметін көрсету. Ол мақсатқа орай мынадай міндеттерді қойдық: Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын орнын, маңыздылығын зерттеу; Бейәдеби элементердің көркем шығармада қолдану мақсатын айқындау; Көркем шығармадағы бейәдеби элементтерді маңыздылығын мысалдар арқылы дәлелдеу. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Осы көрсетілген міндеттерден де аңғарылуы тиіс, дегенмен нақтырақ айтсақ: Қазақ көркем әдебиеті тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын орны, мүмкіндіктері лингвистикалық стилистика тұрғысынан көрсетілді; Көркем шығармадағы бейәдеби элементтер нақты материалдар (мысалдар) арқылы талданды; Дөрекі сөз, орыс тілі элементтері, қарғыс, одағай сөздер осы жұмыста кеңінен баса көрсетілді; Аталған бейәдеби элементтердің образ жасауға қатысы нақты мысалдармен көрсетілді. Зерттеу жұмысының көмегімен көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің әдеби нормаға жатпаса да шығармада алатын орнының қомақты екендігі барынша дәлелденді. Зерттеудің әдістері Жұмыста сипаттау, жүйелеу, талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы Жұмыс зерттеушіні көркем сөз сырына, сөздердің не сөз оралымдарының қолданылу заңдылықтарына қанықтыра түсуде, бейәдеби элементтердің көркем шығармадағы орнын, қызметін, мүмкіндіктерін көрсететін лингвистикалық тұрғыдан талдауда септігін тигізетін танымдар мен талдаулар. Зерттеу жұмысының құрылымы Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-ТАРАУ. БЕЙӘДЕБИ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА АЛАТЫН ОРНЫ, МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
І.1. Дөрекі сөздердің сипаттамасы
Көркем әдебиет тілін зерттеу – филология ғылымдарының алдында тұрған бүгінгі таңдағы қажетті міндеттердің бірі. Көркем туынды белгілі бір оқиғаны оқырман сезіміне әсерлі, бейнелі етіп жеткізетіні белгілі. Сол әсерлілік пен бейнелілік түрлі амал-тәсілдермен жүзеге асырылады. Шығарма тілін талдау әдеби шығарманың көркемдік әрі эстетикалық қасиетін танып-білуге көмектеседі, кейіпкерлер тілінің өзіндік болмысын анықтауға мүмкіндік туғызады және стилистиканың көптеген мәселелерін шешуге көмегін тигізеді. Көркем әдебиет тілін зерттеу түркологияда өткен ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап қолға алынды. Соның өзінде жекелеген жазушылардың немесе олардың белгілі бір шығармаларының тілін талдау түрінде қалыптасты. Мұндай зерттеулер әзірбайжан, татар, қырғыз, өзбек тағы басқа түркі тіл білімдерінде пайда бола бастады. Оларда ұлттық әдебиетті дамытуға зор үлес қосқан ақын, жазушылар тілінің сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы, бейнелеу құралдары жан-жақты талдау нысаны болды. Түркологияда осы аралықта көркем әдебиет тілі мәселесін жалпы теориялық тұрғыдан да қарастырған еңбектер жарық көрді. Және проза тіліне қарағанда, өлең тілі анағұрлым терең де жан-жақты зерттелді (24; 25; 26). Сонымен бірге түркологияда көркем әдебиет тілін әдеби тіл дамуының тарихы тұрғысынан қарап шешу жағы басым болып, ал көркем шығарма тілін өнер тілі тұрғысынан талдап зерттеу жағы кешеуілдеңкіреп қала берді. Көркем әдебиет тілін зерттеудің қазақ тіл біліміндегі жалпы, қазақ филологиясындағы жайына келетін болсақ, оның біршама қалыптасқан тарихы, жасалған үлгісі, жинақталған тәжірибе.....
Ана ауыр науқасқа шалдыққан еді. Төсек тартып жатып қалған. Осы кезде оның жалғыз ұлы үйленді. Ана өз өмірінде бұл тойды асыға күткен еді. Онда үнемі өзін тойдың ортасында мәре-сәре боп жүгіріп жүрген қалпында елестететін. Бірақ анаға қазіргі сәтте ауыр науқасы бұған мүмкіндік бермеді. Оның орнына тойда сіңлілері жүгіріп жүрді ғой. Сонда да ана төсегінде жатып алып, ұлының үйленіп жатқандығына қуанып жатты.
Той да өтті. Адамдар тарап кетті. Тек ананың жанында кеше ғана үйленген жас жұбайлар қалды. Жастар үнемі ас ішетін мезгіл болғанда, ананы да өздерімен бірге ас ішуге шақыратын еді. Бірақ ана оған жарамайды ғой. Дегенмен үнемі: "Мені өздеріңнің ас ішкелі жатқан бөлмелеріңе апарып жатқызыңдаршы, - дейтін ана. - Мен сендердің қатар отырып ас ішіп отырғандарыңды көріп жатқым келеді". .....
Балалардың папасы мен мамасы, Надя апайлары үйде жоқ. Олар ана бір жатаған қоңыр ат жегіп жүретін қарт офицердің үйіне бала шоқындыру тойына кеткен. Солардың келуін күтіп, Гриша, Аня, Алеша, Соня және аспазшы әйелдің ұлы Андрей бәрі асханадағы тамақ ішетін үстелде лото ойнап отыр. Дұрысын айтқанда, олардың ұйықтайтын кезі болған, бірақ мамаларынан шоқындырған баланың қандай екенін, қонақасыға не бергенін білмей жатса, ұйқылары келер ме, сірә? Аспалы шамның жарығы түскен үстелдің үсті жыпырлаған көп таңбалы сандар, айнала жаңғақтың қабығы, неше түрлі қағаз қиқымдары, шыны сынықтары жайрап жатыр. Әрбір ойыншының алдында екі-екіден карта және таңбалы сандарды жабатын уыс-уыс шыны жарықшақтары. Үстелдің орта тұсында бір тиындық бес бақыр салынған табақша ағараңдайды. Оның қасында шала желінген алманың қалдығы, қайшы және жаңғақтың қабығын салуға қойған тағы бір табақша тұр. Балалар ақшаға ойнап отыр. Тігіс - бір тиыннан. Ойынның шарты: егер кімде-кім қарау ойнаса, дереу ойыннан шығарылады. Асханада ойыншылардан бөтен адам жоқ. Күтуші әйел Агафья Ивановна төменде - ас үйде, аспазшыға киім пішуді үйретіп отыр да, балалардың ағасы, бесінші кластың оқушысы Вася қонақ үйде диван үстінде зерігіп жатыр. .....