Қазақша Жұмбақ: Техника

Қанаты бар, жаны жоқ ,
Табаны бар, аяғы жоқ .
Өзі ұшады, аспанда жүреді ,
Теңізден де, таудан да өтеді.
Ұшақ (Самолет)

Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте.
Ұшақ (Самолет)
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Балық, кит, сазан, бақа

Қауырсын мұрт шетінен,
Жүзеді тек шалқалап.
Шабақты су бетінен,
Оңай ұстар қалқалап.
Қарабауыр жайын

Қарасаң келбетіне
Тұмсығы найзадай.
Шығарып су бетіне,
Қанатын жайса жай,
Көрінер кемедей,
Мұхитта телегей.
Желкенді балық

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Уақыт

Үш жүз алпыс алты анасы,
Қырық сегіз болар баласы.
Он сегіз бөлек ұясы,
Ішінде екі ақ жұмыртқасы.
Жыл,бір жылдағы апта,күн,ай

Үй артында бір дуан,
Бір ұлы бар ханға дуан,
Қырық сегіз қызы бар,
Бәрі жуан.
Бір жыл,бір ай ораза,бір жылдағы қырық сегіз жұма
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Халықаралық отбасы күні (Отбасы - өмір аясы)

Ашық сабақ тақырыбы: Отбасы - өмір аясы
Ашық сабақ мақсаты: а) «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;
б) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
в) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Ашық сабақтар
Толық

1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Ақпыз, қара, сарымыз)

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Тәрбие сағаттың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.
Тәрбие сағаттың көрнекілігі: «Ынтымақ галереясы» атты плакат, тақырыбы, слайд - суреттер, балалардың әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.

Тәрбие сағаттың барысы:
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар мен....
Тәрбие сағаттар
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Кәсіп, мамандық

Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін?
Тігінші

Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.
Аспаз

Жұмбақтар жауабымен
Толық

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Желтоқсан жаңғырығы)

Сынып сағат тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы [16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні]
Сынып сағат мақсаты: Оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Сынып сағат көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, магнитофон;
Сынып сағаттар
Толық