Ғылымның соңғы жетістіктері заманауи автокөлік (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары.
Сабақтың тақырыбы: Ғылымның соңғы жетістіктері: заманауи автокөлік
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау
7.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.
Т6. Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру
7.Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру
Сабақтың мақсаты:Тыңдалым материалын мұқият тыңдай отырып, негізгі мазмұн мен өзекті ақпаратты ажыратады;
Өзінің пікірін өзгелермен салыстыра отырып жауап береді;....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Технология | Автокөліктермен жүк тасымалдау процессін тиімді ұйымдастыру

Дүние жүзіндегі экономикасы дамыған елдердің іс тәжірибелері көрсетіп отырғандай, ел ішіндегі жүк тасымалдау және жол қатынастарының даму деңгейімен ел экономикасының көрсеткіштері біріне бірі сәйкес. Бұл елдерде барлық жүк тасымалдау жұмыстары белгілі бір мемлекеттік деңгейде реттелініп, қадағаланып отырылады.
Өйткені қандай да болмасын өнеркәсіп бұйымдарын шығаруда немесе өндіріп сатуда тасымалдауға сол бұйымның жиырма пайыздан астам, кейде елу пайызға дейін құны өседі, сол себепті мемлекет әртүрлі амалдармен, арнаулы бағдарламалар арқылы жүк тасымалдаушыларға жеңілдіктер жасап, өндіріс бұйымдарының бағасына әсер етіп отырады.
Автокөлік тасымалдарын ұйымдастыру кез келген автокөлік кәсіпорны жұмысының маңызды және негізгі міндеті болып табылады. Көліктегі өндірістік процесті ықшамды ұйымдастыру уақыт және қаржы шығындарын азайтуға, жылжымалы құрам өнімділігін жоғарылатуға, тасымалдардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Экономикалық көрсеткіштерді есептемегенде, автокөлік кәсіпорынының экономикалық жағдайына едәуір әсер ететін ұжымның жұмыс шарттарын жетілдіру, автокөліктің қоршаған ортаға зиянды әсерінің дәрежесін төмендету сияқты мәселелерге назар аудармаса болмайды [1.2].
Автокөлікпен тасымалдау жылжымалы құрамның жағдайын, көліктік процесті ұйымдастыруды және жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер негізінде жалпы кәсіпорынның әр автомобильдің жұмысын жеке бағалау мүмкіндігін береді.
Барлық уақыттарда сауда мен көлік дамуы кез келген мемлекеттің тез дамуына әсер ететін факторлар болып табылған. Нарықтық экономикаға көшу шарттарында көліктің тасымалдау, соның ішінде автомобиль көлігіне байланысты мемлекеттік саясат төмендегі басымдылықтарды ескере отырып жүргізілуі тиіс:
- көлік шығындарын азайту;
- қозғалыс қауіпсіздігі;
- экологиялық қауіпсіздік;
- ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту;
Көліктің негізгі міндеті – бұл жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудағы тұтынушының қажеттіліктерін уақытылы және сапалы өтеу. Ал автокөліктің жүктерді тасымалдау жылдамдығын арттырып және «есіктен-есікке» жеткізу мүмкіндігі бар.
Көлік қандайда бір мемлекет болмасын оның экономикасында өте маңызды орын алады. Көліктік жүйе мемлекеттің денесіндегі қан жүрер тамырлары іспетті, оның дамуынан, ұйымдастыру деңгейінен, сол мемлекеттің жүк айналымы, жолаушылар тасымалдау қабілеттілігін анықтайды. Дүние жүзіндегі дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырған, ел экономикасының дамуына бірден – бір себепші болатын осы көліктік жүйе. Сол себептен елімізде үлкен мән беріліп, экономиканың көлік жүйесінің дамуына арнаулы бағдарлама қабылданып, бірнеше миллиардтаған қаржы бөлініп отыр [2.3].
Мемлекеттің көлік жүйесінің дамуы – оның технологиялық процессінің және цивилизациясының маңызды белгілерінің бірі. Жоғары дамыған көлік жүйесіне деген сұраныс европалық және әлемдік экономикаға бет бұрған сайын одан да күштірек қарқын алуда, көлік жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа тиімді кіруі үшін және жоғары дамыған мемлекет ретінде орын алуы үшін негіз болады.
Осыған сәйкес Қазақстан республикасының көлік коммуникациясының жағдайы европа интеграциясының талаптарына жауап беруі керек. Қазақстан республикасының көлік жүйесінің интеграциясы көрсеткіші болып жұмыс істеп тұрған көлік желілерін тиімді қолдану және олардың географиялық орналасуы мен коммуникациялық мүмкіндіктерінің артықшылықтарын жүзеге асыру болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Технология | Автокөлік экологияға зияны

Орал қаласында ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Ал бүгінде облыста 60 мыңға жуық автокөлік тіркеліпті. Ауаға таралатын зиянды қалдықтар, соның ішінде улы газдар көлемін азайту мақсатында эколог мамандар қала көліктерін арнайы катализатор құрылғысымен жабдықтауды ойластырып отыр. Ал болашақта қала көшелеріне экологиялық таза транспорт - троллейбустарды шығару көзделуде.
Орал қаласында ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Ал бүгінде облыста 60 мыңға жуық автокөлік тіркеліпті. Ауаға таралатын зиянды қалдықтар, соның ішінде улы газдар көлемін азайту мақсатында эколог мамандар қала көліктерін арнайы катализатор құрылғысымен жабдықтауды ойластырып отыр. Ал болашақта қала көшелеріне экологиялық таза транспорт - троллейбустарды шығару көзделуде.
Орал қаласында ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Ауаға таралатын зиянды қалдықтар, соның ішінде улы газдар көлемін азайту мақсатында эколог мамандар қала көліктерін арнайы катализатор құрылғысымен жабдықтауды ойластырып отыр. Ал болашақта қала көшелеріне экологиялық таза транспорт - троллейбустарды шығару көзделуде.
Өндіріс орындары көбейген сайын экологияға солғұрлым зиян келетіні мәлім. Қоршаған ортаның ластануына автокөлік құралдарының қосар залалы да айтарлықтай. Мәселен, тек Орал қаласының өзінде ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Қазіргі күні облысымызда алпыс мыңға жуық автокөлік тіркеліпті. Қала көшелерінде жүйткіген темір тұлпарлар күн санап көбеймесе азаяр емес. Шетелден шекара асып, елімізге жететін шетелдік көліктерді былай қойғанда тозығы жеткен отандық, отандық емес-ау ресейлік автокөліктердің қатары да көбеюде. ....
Рефераттар
Толық

Автокөлік | Бульдозер

Кіріспе
Құрылыс өндірісінің интенсивті дамуы мен жаңа тұрғын үйлерді, фабрикаларды, заводтарды, темір және автокөлік жолдарды, газ және мұнай құбырларды пайдалануға беру мерзімін қысқарту жер жұмыстарының кешенді механизациялауын тездетіп орындауды талап етеді. Бұл жұмыстардың басым бөлігін бульдозерлар, скреперлар мен грейдерлар орындайды. Бұл машиналар пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, құрылыс материалдарын өндіруде және ауыл шаруашылық өндіріс құрылысында негізгі жұмыстарды атқарады.
Бүгінгі күні бульдозерлар арнайы тағайындалатын басқа да ауыр техниканың ішінде жетекші позицияға ие. Кез келген қазіргі таңдағы құрылыс ауыл немесе коммуналды шаруашылық осы еңбекқор әрі төзімді, кез келген ауа райында күні бойы жұмыс істей алатын машиналарсыз жүргізілмейді.Көптеген жылдар бойы бульдозердің сыртқы келбеті айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ, сол себепті осы қуатты машиналар басқа арнайы техникаға қарағанда көп танымал. Ал бульдозердің техникалық сипаттамасы үлкен өзгерістерге ұшырады. Ең алдымен бұл машиналардың қуатының өскендігін, екіншіден, атқарылатын жұмыстың нақтылығы және басқа да ерекшеліктерді атап айтуға болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағалау | Автокөлік құралдарын банк қызметі үшін және тәуелсіз бағалау

Бүгінгі күнгі нарықтық экономика мен құқықтық мемлекеттің маңызды институттарының бірі –бағалау қызметі дамып келеді. Бағалау қызметі қоғамда тұрақты экономикалық қатынастарды қалыптастыру үшін, сонымен қатар меншік құқықтары объектісінің өркениетті экономикалық айналысы үшін қажет. Қазақстан Республикасының активтерінің негізгі түрі болып автокөлік құралдары табылатын автокөліктік кешенінде олардың құнын бағалаудың қажеттілігі туындап отыр. Оның актуалдығы сақтандыру қызмет нарығының құрылуынан пайда болды, оның негізгі мәселесінің бірі – кейіннен залалды өтеу үшін апатты зілзала, авария, өрт, жол-көліктік оқиға және тағы басқа нәтижесінде туындайтын зардаптар сомасын бекіту.
Автокөлік құралдарын бағалау қажеттігі бүгінгі күні банктік жүйеде меншік иесінің өз автокөлік құралын кепілдікке ұсынып, несие алуына мүмкіндігінің тууымен түсіндіріледі.
Автокөлік құралдарын бағалау ─ бағалау қызметінің арнайы және ерекше түрі болып табылады, өйткені оның басқа бағалау объектілер түрлерінен өзінше бір айырмашылықтары бар, [17] олар:
-1- автокөлік құралдарын бағалау объектісі ретінде басқа бағалау объектілер түріне қарағанда, функционалдық, конструктивті және эксплуатациялық айырмашылығы бар;....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Менеджмент | АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУ

Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп берді. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бұл әрине экономиканы басқарудағы қаржылық – несиелік механизмді пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды талап етті. Бұл жерде мемлекеттік субъектілердің шаруашылық қызметіндегі сақтандыру мәселелері, сондай-ақ тұрғындардың барлық топтарының нарыққа ойдағыдай өту үшін материалдық жағдайының қандай екендігі үлкен рөл атқарады.
Соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құралуларға төтеп берді. Осыған орай мүліктік сақтандыру нарығын демонополизациялаудың фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады. Қазір сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік бар. Ондаған тіпті жүздеген әр түрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік нысандағы сақтандыру ұйымдары құрылуда.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ескі көліктен қалай құтыламыз?

"Темір тұлпарлар" да тозады. Ал ескі көліктерді қайткен жөн? Елімізде өткен жылдың 21 қара­шасынан бастап ескі көліктерді қабылдайтын жоба бас­тал­ғаны белгілі. Сонымен, көне көліктерді қайда, қалай өткізу керек?
Кеңестер
Толық

Автокөлік

Жол полицей қызметкері машинаны тоқтатып, жүргізушіге былай дейді:

- Сіз осы қиылысты жол ережелерін бұзбай бірінші болып өттіңіз, міне сізге сол үшін 200 доллар.
-О! Керемет болды, барып жүргізуші куәлігін сатып алайын.
-Сіздің куәлігіңіз жоқ па еді?

Әйелі:

-Араққа тойып алған адам.....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық