Технология | Автокөліктермен жүк тасымалдау процессін тиімді ұйымдастыру
Автокөліктермен жүк тасымалдау процессін тиімді ұйымдастыру
Дүние жүзіндегі экономикасы дамыған елдердің іс тәжірибелері көрсетіп отырғандай, ел ішіндегі жүк тасымалдау және жол қатынастарының даму деңгейімен ел экономикасының көрсеткіштері біріне бірі сәйкес. Бұл елдерде барлық жүк тасымалдау жұмыстары белгілі бір мемлекеттік деңгейде реттелініп, қадағаланып отырылады.
Өйткені қандай да болмасын өнеркәсіп бұйымдарын шығаруда немесе өндіріп сатуда тасымалдауға сол бұйымның жиырма пайыздан астам, кейде елу пайызға дейін құны өседі, сол себепті мемлекет әртүрлі амалдармен, арнаулы бағдарламалар арқылы жүк тасымалдаушыларға жеңілдіктер жасап, өндіріс бұйымдарының бағасына әсер етіп отырады.
Автокөлік тасымалдарын ұйымдастыру кез келген автокөлік кәсіпорны жұмысының маңызды және негізгі міндеті болып табылады. Көліктегі өндірістік процесті ықшамды ұйымдастыру уақыт және қаржы шығындарын азайтуға, жылжымалы құрам өнімділігін жоғарылатуға, тасымалдардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Экономикалық көрсеткіштерді есептемегенде, автокөлік кәсіпорынының экономикалық жағдайына едәуір әсер ететін ұжымның жұмыс шарттарын жетілдіру, автокөліктің қоршаған ортаға зиянды әсерінің дәрежесін төмендету сияқты мәселелерге назар аудармаса болмайды [1.2].
Автокөлікпен тасымалдау жылжымалы құрамның жағдайын, көліктік процесті ұйымдастыруды және жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер негізінде жалпы кәсіпорынның әр автомобильдің жұмысын жеке бағалау мүмкіндігін береді.
Барлық уақыттарда сауда мен көлік дамуы кез келген мемлекеттің тез дамуына әсер ететін факторлар болып табылған. Нарықтық экономикаға көшу шарттарында көліктің тасымалдау, соның ішінде автомобиль көлігіне байланысты мемлекеттік саясат төмендегі басымдылықтарды ескере отырып жүргізілуі тиіс:
- көлік шығындарын азайту;
- қозғалыс қауіпсіздігі;
- экологиялық қауіпсіздік;
- ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту;
Көліктің негізгі міндеті – бұл жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудағы тұтынушының қажеттіліктерін уақытылы және сапалы өтеу. Ал автокөліктің жүктерді тасымалдау жылдамдығын арттырып және «есіктен-есікке» жеткізу мүмкіндігі бар.
Көлік қандайда бір мемлекет болмасын оның экономикасында өте маңызды орын алады. Көліктік жүйе мемлекеттің денесіндегі қан жүрер тамырлары іспетті, оның дамуынан, ұйымдастыру деңгейінен, сол мемлекеттің жүк айналымы, жолаушылар тасымалдау қабілеттілігін анықтайды. Дүние жүзіндегі дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырған, ел экономикасының дамуына бірден – бір себепші болатын осы көліктік жүйе. Сол себептен елімізде үлкен мән беріліп, экономиканың көлік жүйесінің дамуына арнаулы бағдарлама қабылданып, бірнеше миллиардтаған қаржы бөлініп отыр [2.3].
Мемлекеттің көлік жүйесінің дамуы – оның технологиялық процессінің және цивилизациясының маңызды белгілерінің бірі. Жоғары дамыған көлік жүйесіне деген сұраныс европалық және әлемдік экономикаға бет бұрған сайын одан да күштірек қарқын алуда, көлік жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа тиімді кіруі үшін және жоғары дамыған мемлекет ретінде орын алуы үшін негіз болады.
Осыған сәйкес Қазақстан республикасының көлік коммуникациясының жағдайы европа интеграциясының талаптарына жауап беруі керек. Қазақстан республикасының көлік жүйесінің интеграциясы көрсеткіші болып жұмыс істеп тұрған көлік желілерін тиімді қолдану және олардың географиялық орналасуы мен коммуникациялық мүмкіндіктерінің артықшылықтарын жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан республикасының көлік жүйесі әлемдік деңгейге жету үшін барлық көліктік жүйені модернизациялауын іске асыру керек.
Еліміздегі көліктердің бәрі бірігіп үйлесімді жұмыс жасайтын біртұтас көлік жүйесін түзейді. Онда ұйымдастыру, басқарумен қатар жылжымалы құрамдарды пайдаланады және қатынас жолдарының, техникалық құралдардың барлық түрлерін қолданады. Халық шаруашылығының, тұтынушылардың тасымалдауға деген барлық сұраныстарын уақытылы, сапалы түрде, толық қамтамасыз етеді. Ол үшін атқарылатын тасымалдау жұмыстарын экономикалық тұрғыдан тиімді болатындай етіп, көліктің барлық түрлерін пайдаланады, олардың арасындағы өзара байланысын жүйелі ұйымдастыруды жетілдіріп отырады.
Көліктің халық шаруашылығында маңызы, оның атқарған жұмысынының (тасымалдаудың) өзіндік құнымен анықталады. Көлік шығыны барлық өндірістің өзіндік құнының 15% жуығын құрайды. Оның ішінде: қара металл рудалары мен қара металл өндірісіне арналған рудасыз материалдар 20%, ағаш өнеркәсібі өнімдері 24%, көмір 15%, мұнай өнімдері 26%, табиғи газ 35%, құрылыс материалдары 60%, цемент 30%, ауылшаруашылық өнімдері 20% құрайды.
Қандай да болмасын тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру үшін жүктің тасымалдау сапасы ең бірінші қолға алынады. Олай болмаған жағдайда мемлекеттік экономиканың қозғалтқыш күштерінің бірі болып есептелетін көліктік кешен өзінің кері әсерін тигізеді. Себебі қандай да болмасын жүк жіберуші немесе қабылдаушы сапасыз, сынған, бүлінген тауарлар, құралдар тіпті тамақ өнімдерін алса, олардың құны болмайтыны баршаға мәлім. Яғни жүк тасымалдаушы екінші бір кәсіпкердің, өндіріс ұжымының немесе мемлекеттік орындардың шығарған өнімдерін бүлдіріп, бағасын түсіреді де, екі жақты бірдей қаржылық тұйыққа тірейді. Сол себепті тасымалдау, соның ішінде автомобильдер мен тасымалдау жұмыстарын атқару технологиясын, негізгі шарттары мен ерекшеліктерін жете меңгеру, ол болашақтағы дұрыс атқарылар тасымалдау кепілі болмақ.
Автопаркті тұтастай дерлік және ондағы әрбір автомобильді пайдалануды жақсартудың сарпын анықтау үшін жүк автокөліктерінің пайдалану көрсеткіштерін зерттеп ондағы деректерді математикалық өңдеуден өткізу қажет. Өңдеу барысында атқарылған машина-күн санының математикалық тасыуы, Мд , олардың квадраттық орташа ауытқуы Ωд және вариациялық коэффициенті vд мына формуламен анықталады [3.4].
, (1)
, (2)
Мұндағы Д1,Д2,....Дп - әрбір автомобильдің немесе барлық автолмобильдің атқарған күн саны; п – автомобиль саны. Осы сияқтандырып автокөліктің жалпы жүрген жолы жайлы статикалық деректер өңдеуде түсіп, олардың әр ай сайынғы орташа арифметикалық Мs ,ML мәндері алынады және жалпы жүрген жолдың орташа жылдық математикалық тосуы Мs, оның ішінде жүкпен жүрген жолдың осындай көрсеткіші ML және атқарылған машина-күн санының орташа жылдық математикалық тосуы Mд беріледі.
Статикалық есеп беру дерегі кезінде автомобильдердің жүктелу графигін тұрғызамыз. Бұл графикте ордината осіне ай сайынғы жолға шыққан автомобиль саны алынса, абсица осіне бір жылдағы ай аты түсіріледі. Бұл график автопарктің техникалық даярлық коэффициентінің ай сайынғы өзгерісін сипаттайды.
Есеп беру мәліметін математикалық өңдеу қорытындысы бойынша графиктер түзіледі. Олар уақытқа байланысты жүк автомобилін пайдалану көрсеткіштерінің динамикасын айқын суреттейді. Графиктен автопаркті пайдаланудың ең бір пәрменді шағы маусым-қараша айларына тура келетіндігін көреміз. Бортты автомобильдерге қарағанда аударма автокөліктердің толығырақ пайдаланатынын көруге болады.
Жүк автомобилімен жүк тасымалдауды саралай келе жылжымалы автоқұрам жүк тасымалдаудың бірнеше түрін тасымалдайтынын байқадық. Ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа көліктермен жем, тыңайтқыш, улы химикат, тұқым, жанар-жағар май, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдарын, техникаларды тасымалдау жұмыстарын атқарады. Автомобиль пайдаланудың нақты деректері бойынша жүк айналым графигі тұрғызылады. Онда ордината осіне т.км.- мен жүк айналым (бір айда атқарылатын) көрсетілген, ал обсица осінде жыл айларға бөлінген. График бір жыл бойғы тасымалдау процессін көрнекті етіп көрсетеді.
Ауыл шаруашылық жұмыстары кезінде тасымалдау жұмыстарының бір жақтылығынан көп уақыт бос жүріспен кетеді. Тасымалдау жұмыстары кезінде автомобиль жұмыстарының 3% -ында бос жүреді. Сол себептен жүрісті пайдалану коэффициенті 0,5 ке жетпей жатады [1.3].
Автокөліктермен тасымалдау жұмыстары кезінде 1 т.км. жүк айналымы құны нарық заңына байланысты өзгеріп отырады. Автопаркке оның жұмысына жұмсалатын пайдалану шығынын азайтып, тиімділігін арттыру үшін оған техникалық қызмет көрсетуді және оны жөндеуге инженерлік денгейде ұйымдастыру қажет болады.
Ауыл шаруашылғы немесе өндірістің басқа барлық саласын көлікпен қамту тек көлік құралдарының санын көбейтумен шектелмеуі керек, өндірістің барлық буынында көлік жұмысын тиімді ұйымдастыру, жүк тасудың прогресшіл тәсілін енгізу және көлік жұмысын жоспарлауды жақсарту есебінен автокөлік құралдарының жұмысын тиімді ұйымдастыру қажет.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Автокөліктермен жүк тасымалдау процессін тиімді ұйымдастыру туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Автокөліктермен жүк тасымалдау процессін тиімді ұйымдастыру на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Технология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Автокөліктермен жүк тасымалдау процессін тиімді ұйымдастыру