Ең ауыр күндер
Біздің жүрегіміз темір емес. Міне, соғыстың біткеніне 71 жыл болды. Ата-баба қалдырған өнеге-үлгіні құрмет тұтып, оны қастерлеп жалғастыру жас ұрпаққа аманат. Әрбір адам елі үшін талмай қызмет етіп, халқының көркейіп өсуіне еңбек сіңіргенде ғана артына өшпестей із қалдырып, ұрпаққа ұлағатты өмір үлгісін тарту ете алады. Біздің атабабаларымыз болмаса, біз қазір тірі боламыз ба, болмаймыз ба енді бұл бір Құдайға аян. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп , күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-отанға сүйіспеншілік. Ардагерлеріміз мылтықтың оғын босқа ұшырмай, өлім мен өмір алысты. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізде мақтаныш сезімін ұялатады. «Ерсіз ел болмайды, елсіз ер болмайды»,- дейді батыр бабамыз – Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзінің қайсар ерлігімен, қайратты мінезімен жауынгерлерге жігер берген бабаларға мың алғыс. .......
Шығармалар