Саят Қабылұлы Медеуов (1973 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданында туған) — әнші. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2015).
Саят Қабылұлы 1973 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен ауылында дүниеге келген. Әкесі - Қабыл еңбек ардагері. Анасы - Нұрғайша. Алматы № 14 техникалық кәсіптік училищесін бітірген. 2001 - 2005 жылдары Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің "эстрада-вокал" мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылдан шығармашылықта.....
Айгүл Қосанова (1974 жылы 24 шілдеде Маңғыстау облысында туған) — дәстүрлі әнші, домбырашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010). Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері (1999). Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. ҚР мәдениет саласындағы президенті сыйлығының иегері.
Өмірбаяны 1974 жылы Маңғыстау облысында туған.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбырада халық әндерін орындау класы бойынша бітірген......
Бекболат Қанайұлы Тілеухан (7 тамыз 1966 жыл, Атасу кенті, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) — әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсінің III және IV шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті (2013 жылдың 24 желтоқсанынан бастап).
Білімі В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын халық әндерінің оқытушысы, концерттік орындаушы мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (1995) бітірген. Доцент.....
Айгүл Серікқұлқызы Иманбаева (15 наурызда 1977 жылы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) — эстрада әншісі, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
Өмірбаяны Балалық шағын Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен Әзірбай ауылында өткізген. Орта мектеп кезінен бастап музыкаға жақын болған Айгүл «Баян» класын аяқтап шығады. 1994 - 1998 жылдар арасында Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын сәтті аяқтап шығады. 1998 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжде ұстаздық қызметіне қабылданады. Және де сол уақыт арасында Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық театрға актрисалық қызметіне жұмысқа тұрады. 2001 жылы Хабар арнасындағы «Ұят болмасын» бағдарламасының жүргізушісі әрі келіннің образын алып шығады. 2001 жылы алғаш рет ұйымдастырған Республикалық көлемде өткен әзіл ысқақ жарысында әншілерге пародия жасағаны үшін бірінші орынды жеңіп алады.
Театр қабырғасында әр түрлі сарындағы образдарды ойнап үлгерген. «Қыз Жібек» спектакілінде «Жібек» рөлін, «Пай, пай, жас жұбайлар ай» да «Ғазиз» рөлін, Таланған тағдыр» да «Гүлжан» рөлін, «Алма бағы», да «Алма» рөлін «Көгілдір такси», де «Клара» рөлін, «Желтоқсан желі» де «Ақмарал» т.б. рөлдері. ....
Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжанов (1984 жылы 29 сәуірде ШҚО Бородулиха ауданында туған) — актер, әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2011). ҚР Мемлекеттік степендиясының иегері. Нұрлан Баянғалиұлы 1984 жылы 29 сәуірде ШҚО Бородулиха ауданында дүниеге келген. Әкесі - Баянғали Әлімжанов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Оқуды бітіргенен кейін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамына алынды. Отандық көптеген кинофильмдер мен телесериалдарға түскен. Көптеген телебағдарламалардың жүргізушісі.....
Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (4 шілде 1926, Петропавл - 16 қараша 2013, Алматы) — әйгілі опералық және камералық әнші (баритон), педагог, КСРО халық әртісі (1959), ҚазКСР халық әртісі (1956), профессор (1982), қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1986).
Өмірбаяны Әкесі - Бекмұхамед Хусайнұлы Серкебаев (1896-1976), педагог, жазушы, ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы мүшелерінің бірі, білім беру саласында еңбек етті. Анасы - Зылиха Сабырқызы (1906—1997), бастауыш кластар мұғалімі болды. Ермек Серкебаев үшінші сыныптан бастап оқуын Алматыдағы № 54 мектепте оқиды. 1941—1943 ж. П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка класы бойынша оқып, отбасының материалдық жағдайына байланысты үш жылдан кейін, оны тастап, Қазақстан радиосына дикторлыққа келеді, оған қоса киностудияның кейбір фильмдерінде осы тұрғыда қызмет....
Ескендiр Өтегенұлы Хaсaнғaлиев (13 ақпан 1940, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы) — әншi (лирикaлық бaритон), композитор, музыкант. Қазақ КСРнің Халық артисі (1984). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2006). Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2010).
Өмірбаяны Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хорлық фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н. Шaриповaның клaсы бойыншa курсты бітірген. Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бiтiрдi. 1970 жылдaн бaстaп, Қaзaқ рaдиосы мен теледидaрының солисi. Е. Хaсaнғaлиевтiң орындaу мәнерi жоғaрғы кәсiби деңгеймен ерекшеленедi. Ол Қaзaқстaнның белгiлi эстрaдaлық әншiлерi орындaйтын көпшiлiкке жaқсы тaнымaл әндердiң aвторы.....
Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов (1948 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылында туған) — актер, режиссер, театр педагогы. Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1992). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992). Жамбыл облысының құрметті азаматы (2006). Парасат және Достық ордендерінің иегері. 1973 жылы Қазақ ұлттық консерваториясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік өнер иниституты)ның "актерлік" факультетін бітірген. Ұстазы: КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкеева 1970 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына студент кезінде алынды. Осы жылдан бүгінгі күнге дейін осы театрда қызмет етеді. 1993 - 2001 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас директоры әрі көркемдік жетекшісі болды.....
Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжанов (5 қаңтар, 1937 жылы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған) — әнші. Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.
Нұрғали Нүсіпжанұлы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында 1937 жылдың 5 қаңтарында қарапайым шопан отбасында дүниеге келді. Оның ата-бабалары ежелден осы өлкенің күңгейтеріскейін мекендеген. *Қоғалыдағы орта мектепте оқыған жылдарында әнге құмартты. Көркемөнер ұйымының құрамында үшінші сыныпта жүрген шағында сайлау алдындағы ата-аналарға арналған концерттердің бірінде «Қызыл бидай», «Қыздар-ай» әндерін орындағаны үшін мақтау қағазын алды. Нұрғали студенттер мен жастар арасында Мәскеуде өтетін фестивальге жолдама алу үшін ауылдық, облыстық конкурстардан өтеді. Ақыры Алматыдағы қорытынды байқауға қатысты. Әділқазылар алқасы Нұрғалидың ән салушылық қабілетін көріп, консерваторияға қабылдауға ұсынды. ....
Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы Бағысбайұлы (15 қыркүйек 1947 жылы туған, Түркістан облысы Түлкібас ауданы) – шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы (1998).
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген (1969).
1970 - 75 ж. КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын оқыды. 1975 - 1976 ж. Марокко корольдігі, 1985-86 ж. Тунис Араб республикасы университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өтті. 1976 - 77 ж. ҚР Ғылым Академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері. 1977 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті деканының орынбасары, Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі. 1986 - 1988 ж. КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының докторанты. 1989 ж. Шығыстану факультетінің деканы. 1991 - 97 ж. Тілдер және Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор. 1997-2000 ж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі, 1-сыныпты кеңесші дипломатиялық лауазым иесі. 2000 және 2005 ж. Қазақстан мұсылмандарының III және IV Кұрылтай жиынында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, 2007 ж. Орта Азия мүфтилер кеңесінде бірауыздан осы кеңестің төрағасы, 2000 жылдың тамызында Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараевода және 2002 ж. сәуірде Кипрде өткен Еуразия Ислам Шурасының IV - V халықаралық конференцияларында осы ұйым төрағасының бірінші орынбасары болып екі рет сайланды. 1977 ж. «Арабтілді Марокко әдебиетінің даму дәуірлері» деген тақырыпта (ғылыми жетекшісі - профессор Ю.Н. Завадовский) кандидаттық, 1998 ж. «VIII - XX ғасырдағы арабтілді Марокко сөз өнерінің әволюциясы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Қазақстан ғылымының өкілі ретінде Бағдад (Ирак), Сана (Солт. Иемен), Аден (Оңт. Йемен), Мекнес (Марокко), Токио (Жапония), Кашмир (Үндістан), Пешавар (Пәкістан), Мадрид (Испания), Колумбия (Нью-Иорк) университеттерінде дәріс оқыды. Бірқатар халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар мен симпозиумдарға (Душанбе - 1985, Москва - 1989, 2000, 2004, Александрия - 1992, Сеул - 1995, Мадрид 1996, Дели, Кашмир - 1999, Берлин - 2002, Каир - 2003, Афины - 2004), ЮНЕСКО-ның діни-мәдени конгрестеріне (Ташкент - 2000, Доха - 2001) қатысып, баяндамалар жасаған.....