Айгүл Иманбаева Серікқұлқызы (1977 жылы 15 наурыз)

 Айгүл Иманбаева Серікқұлқызы (1977 жылы 15 наурыз)

Айгүл Серікқұлқызы Иманбаева (15 наурызда 1977 жылы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) — эстрада әншісі, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Өмірбаяны
Балалық шағын Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен Әзірбай ауылында өткізген. Орта мектеп кезінен бастап музыкаға жақын болған Айгүл «Баян» класын аяқтап шығады. 1994 - 1998 жылдар арасында Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын сәтті аяқтап шығады. 1998 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжде ұстаздық қызметіне қабылданады. Және де сол уақыт арасында Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық театрға актрисалық қызметіне жұмысқа тұрады. 2001 жылы Хабар арнасындағы «Ұят болмасын» бағдарламасының жүргізушісі әрі келіннің образын алып шығады. 2001 жылы алғаш рет ұйымдастырған Республикалық көлемде өткен әзіл ысқақ жарысында әншілерге пародия жасағаны үшін бірінші орынды жеңіп алады.

Театр қабырғасында әр түрлі сарындағы образдарды ойнап үлгерген. «Қыз Жібек» спектакілінде «Жібек» рөлін, «Пай, пай, жас жұбайлар ай» да «Ғазиз» рөлін, Таланған тағдыр» да «Гүлжан» рөлін, «Алма бағы», да «Алма» рөлін «Көгілдір такси», де «Клара» рөлін, «Желтоқсан желі» де «Ақмарал» т.б. рөлдері.

Кино саласында да біраз жетістіктерге жетіп үлгерді. 2004 жылы Мосфильм түсірген «Человек ветер» фильмінде Шолпан атты қыздың рөлін сомдап шықты. Отандық кинорежиссерлердің де біраз туындыларының басты рөлдерін сомдап шықты. Олар: 2005 жылы «Сүйінші» фильмінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің анасының рөлін сомдап шықса 2010 жылы Баян Есентаеваның продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты кинода басты рөлдердің бірі Майра Итаяқованың образын сомдап шығады. 2011 жылы аталмыш фильмнің екінші бөліміне де түседі.

2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистратурасына журналистика факультетіне тапсырады.

Эстрада саласына 1999 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Қазіргі таңда 10 бейнеклипі отыздан астам әндері бар. 2007 жылы ең алғашқы «Таңғы елес» атты жеке шығармашылық кешін өткізді. 2006 жылы Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері атанады.

2011 жылы тәуекелге бел буып жеке «А.И» драма театрын ашады. Азғантай ғана уақыт өтсе де көрермендерге екі спектаклін көрсетіп үлгерді. Оның бірі Ж.Ануйдің «Медея» трагедиясы болса екіншісі Ш.Бошпековтың «Темір қатын» комедиясы болып табылады.

Жеке мағлұматтары
Діни көзқарасы - Ислам.
Саяси қайраткер ретіндігі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, И.Н. Тасмағамбетов.
Хоббиі - би билеу, вокал, спорт.
Қазақ, орыс және француз тілдерін жақсы меңгерген.
Әбдімүтәлиев Асылжан Сәбитұлы атты бір ұлы бар.

Марапаттары
2004 ж. халықаралық «Азия Дауысы» конкурсының «Қазақ әндері» конкурсындағы Бас жүлдесін иемденген.
2006 ж. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
2010 ж. «Жылдың үздік әншісі».
2015 жыл ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағын алды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру