География | Дүниежүзінің шаруашылық географиясы

Дүниежүзілік шаруашылық ұғымы. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы іс жүзінде адамзаттың бүкіл тарихын қамтиды.
Ұлы географиялық ашылулардың нәтижесінде халықаралық сауда Еуропа мен Азиядан соң жер шарының басқа да аймақтарын қамтыды. Олардың арасындағы өнім айырбасы дүниежүзілік рыноктың құрылуына әкеліп соқты. Бұл рыноктың мұнан әрі кеңеюі көліктің дамуына мүмкіндік туғызады. Теңіз көлігі барлық материктерді бір-бірімен байланыстырды. XIX ғасырдың екінші жартысында темір жолдардың ұзындығы тез өсіп, олар континенттердің ішкі бөліктерін байланыстырды, Генрик Гейненің бейнелеп айтқанындай, «кеңістікті өлтірді».
Алайда дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуындағы басты орын XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Батыс Еуропаның бірқатар елдері мен АҚШ-та оларда өткен өнеркәсіп төңкерістерінен кейін туған ірі машина индустриясына тиді. Демек, дүгиежүзілік шаруашылық XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ірі машина индустриясының, көліктің және дүние жүзілік рыноктың дамуы нәтижесінде құрылды.
Дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі. Бұл модель бірітіндеп күрделене түсуде. XIX ғасырдың аяғына дейін барлық көрсеткіштері бойынша бір орталық – Еуропа басым болды; И.А. Витвердің бұл кезеңді «еуропацентрлік» деп атауы тегін емес.Одан соң дүниежүзілік екінші орталық құрылып, көп кешікпей басты орталыққа айналды, ол – АҚШ. Дүниежүзілік екі соғыстың арасындағы кезеңде дүниежүзілік маңызы бар жаңа орталықтар пайда болды, олар – КСРО мен Жапония. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытай, Үндістан, Оңтүстік-Батыс Азияның мұнай өндіретін елдер тобы, Канада, Аустралия, Бразилия секілді орталықтар қалыптаса бастады. Соңғы жиырма жылдықта «төрт Азия жолбарысы» - Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур бастаған ұлттық-интеграциялық елдер дүниежүзілік аренаға шықты. Осының арқасында Азия-Тынық мұхит аймағының дүгинжүзілік шаруашылықтағы рөлі бұрынғыдан да өсе түсті. Сөйтіп, қазір дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі көп орталықты сипат алып отырады.
Таяу уақытқа дейін дүниежүзілік шаруашылық ішіндегі өзара қарым-қатынастар, бейнелеп айтқанда, төрт «полюстің» болуына қарай анықталған: капиталистік Батыс пен социалистік Шығыс, «бай» Солтүстік пен «кедей» Оңтүстік. Қазір Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы, өзгертіп айтқанда, «орталық» пен «шет» арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі өсіп келе жатқан алшақтықты негізгі ішкі қайшылық деп есептеу керек. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған кезекті 2005 жылғы республикалық кеңесті Үкімет басшысы Даниал Ахметов ашып, 2004 жылғы еліміздің аграрлық секторында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Премьер-Министр кеңес барысында Аграрлық азық-түлік және Ауылдық аумақтарды дамыту туралы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы сарапталып, алдағы жылдың жоспарлары мен міндеттері айқындалатынын атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрі Серік Үмбетов еліміздің аграрлық кешені мен ауылдық аумақтар дамуының екінші жылындағы жұмыс нәтижелері туралы баяндама жасады. 2003-2005 ауыл жылдары болып жарияланғаннан бастап бұл бағытта кеңінен жүргізілген іргелі іс-шаралар қоғамның ауыл проблемаларына бет бұрып, ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған талпыныстардың қалыптасуына себепкер болды, деп бастады сөзін министр.
Серік Үмбетовтің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде жүзеге асырылып жатқан ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары, негізгі экономикалық заңналармен және нарық талаптарына сай үйлестірген. Бұл мемлекеттік қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге толық мүмкіндік туғызып отыр. Егер ауыл жылдары басталардан бұрын аграрлық саланы қолдауға 27 млрд. теңге қаржы бөлінсе, соңғы екі жылда оның мөлшері екі есеге артып, 57,5 млрд. теңгені құрған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 13,5 пайызға өсіп, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 693,3 млрд. теңгеге жеткен.
Сонымен бірге азық-түлік тауарлары мен ішкі рынокты толықтыру мәселелері тұтастай тұтақталып, экспорт көлемі 35 пайызға артты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде өсуі бұл сананы тиімді бизнес көзіне айналдырып, оған инвестициялық ағымдардың құйылуына оң жағдай туғызды. 2004 жылы екінші деңгейдегі банктердің өзі осы салаға 125 млрд. тнңге құйған. Бұл 2002 жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Ауылда өндірісті шоғырландыру процестері басталып, іріленген өндіріс құрылымдары қанат жоюда. Соңғы екі жылда ауыл шаруашылығы бойынша алынған пайда мөлшері 20 млрд. теңгеге артты. Сондай-ақ сала еңбеккерлерінің орташа жалақысы 17 пайызға өсіп, 11 мың теңгеге жетті. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы

Азық-түлік проблемасы адамзат тарихында әлімсақтан келе
жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы өмір сүре отырып, азық-түлік
молшылығын жасау жолдарын нәтижелі шешуді армандап келеді.
Ғылым мен техника дамуымен таң қаларлық әр түрлі жобалар
пайда бола бастады. Олардың көбісі бір жаңалықпен немесе өнер
тапқыштықпен бүкіл адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуді
мақсат етіп қойды.
Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығын, сонымен қоса
олардың жетекші салаларын, агроөнеркәсіп өндірісі саласындағы
жалпы ғылыми техникалық өркениетті дамыту әлі ұзақ жылдарға,
жүз жылдықтарға жалғаса береді. Адамзаттың азық-түлік
проблемасын табысты шешу тек осы жолмен ғана айқындалмақ.
Дүние жүзінің жетекші елдері ауыл шаруашылығы
көлемінің 55 проценттен астамын, оның ішінде АҚШ 20,5
процентін, Еуропа экономикалық қауымдастығы елдері 18,5
процентке жуығын және Жапония 4 процетке жуығын өндіреді.
Осы елдерде үкіметтік және үкіметаралық деңгейде бағаны ауыздықтау және агробизнесті дамыту мақсатында азық-түлік тауарларын өндіруді шектеу және оларды квоталау жөнінде заң актілері мен келісімдер қабылданды. Айта кететін тағы бір жайт, дамыған елдермен салыстырғанда дамушы елдерде ауыл шаруашылығы өндірісінің бір қызметкеріне 16 есеге жуық аз өнім өндіріледі.
Бұған қоса, жетекші капиталистік елдерде, ең алдымен АҚШ-та экспорттық астық қорынан бірте-бірте көз сүзу алаңдатады. Мұның өзі қызықты монографиясында венгр экономисі Пал Шаркань атап өткендей, азық-түліктің ядролық бомба мен зымыраннан да қорқынышты қаруға айналатындығына жол ашатындай.
Қазіргі уақытта жер шарында ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіру үшін бар-жоғы бір миллиардқа жуық гектар жер
аумағы пайдаланылады. Ал, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне
жарамды жердің жалпы әлемдік қоры 10,5 миллиардқа жуық
гектарды құрайды. Өз кезінде К. А. Тимирязев айтып кеткендей,
егер планета бойынша адамдардың саны мұхит кеңістігіне ағаш
салып өмір сүретіндей жағдайға жетсе де, біздің жеріміз соның
барлық адамдарын қоректендіруге қауқары жетеді.
Бұл үшін тиісті әлеуметтік-эканомикалық және саяси жағдай
керек. Жаппай қарулануды тоқтату, көптеген елдердің
экономикалық және техникалық артта қалуын жою, аграрлық
экономиканы реформалау және басқа жаңғыруларды жүргізу
мәселені шешуде ерекше рөл атқарады.
Азық-түлік жағдайын түпкілікті жақсартпай, нарықтық
тегерішті игеру жөніндегі жұмыстарды бір арнаға түсіру тіпті
мүмкін емес. Егер өмір барған сайын қиындай берсе, ал халық
қарны тойып тамақ ішпей, қайыршылығын қоймаса, ең тартымды
және көңілге қуаныш ұялатады деген бағдарламаның өзі қолдау
таппай құрдымға кетеді.....
Рефераттар
Толық

Биология | Ас бұршақтың халық шаруашылығындағы маңызы

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту Қазақстанның экономикалық саясатының бірден-бір маңызды басымдығы болып табылады. Агроөнеркәсіп кешені – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және Республикамыздың тұрғындарының жартсына жуығының тұрмыс жағдайына тікелей әсері бар экономикамыздың аса маңызды салаларының бірінен саналады. Қазақстан халқының 47%-ы ауылдық жерлерде өмір сүреді. Еліміздің экономикалық белсенді тұрғындарының 1/3-і аграрлық салада еңбек етеді. Мемлекетіміздің жалпы өнімінің 5,3%-ы аграрлық сектордың үлесіне тиесілі.
Соңғы бес жыл ішінді ауыл шаруашылығы саласында өнім өндіру көлемінің өсімі орта есеппен жыл сайын 4%-ды құрап отырды. 2009 жылы ауыл шаруашылығы өндірген жалпы өнім көлемі 1трлн. теңгеден асып, 1386,9 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде егіншілік саласында өнім көлемі 829,3 млрд. теңге, мал шаруашылығында 557,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі тиісінше 113,2 және 102,6%-ға тең болды. 2009 жылдың қорытындысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,6 трлн. теңгеден асты.
Қазір еліміздің астық өндірушілері өнімдерін сақтау мен өткізуде күрделі қиындықтарға тап болып отыр. Міне, осы проблемаларды шешу мақсатында еліміздің агроөнеркәсіп кешенін 2010-2014 жылдар аралығында дамытудың стратегиялық жоспарында кешенді шаралар қарастырылған.
Агроөнеркәсіп кешенінің 2010-2014 жылдарға арналған даму бағдарламасында белгіленген кешенді шараларды іс жүзіне асыру аграрлық саланы әртараптандыру үрдісін қорытындылап, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа сапалық деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді. Оның бүгінгі жаппай жаһандану дәуіріндегі бәсекелестікке қабілетін шыңдап, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ішкі азық-түлік рыногындағы тұрақтылықты нығайтып, еліміздің экспорттық әлеуметін арттырады.
Ал, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында (6-ақпан, 2008 жыл) дамудың жаңа кезеңі, ол агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр.
... Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға өсу үстінде жіне тұсатай алғанда, аталған сала өте пайдалы болуда, сондықтан біз оған ақша салуымыз қажет. Ауылдың бұған екпінді еңбегімен және жоғары қайтарымымен жауап беретініне сенімдімін.
… елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту керек…
… Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан әрі шаралар қабылдауды тапсырамын. Шикізат өңдеуге айрықша назар аудару қажет…» деп атап өтті. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Арыстанды Қарабас желінің шаруашылыққа тигізетін әсері

ОҚО – ның Бәйдібек, Ордабасы аудандары аумағында байқалатын жел. Қаратаудан бастау алатын Арыстанды өзенінің аңғарын бойлай соғады. Қаратаудың батыс және шығыс биік жоталары аралығындағы тар асудың әсерінен үдеп, атмосфераның өзімен бағыттас ауа ағынымен қосылған кезде күшейе түседі. Жылдамдығы 35 м/с –ге жетеді. Жел солтүстіктегі құмды өңірден соққан кезде қара құйынды болып басталады. «Қарабас желі» деп аталуы да осы құбылысқа байланысты. Жел Арыстанды өзенінің алабының климатына әсерін тигізеді: қыста ауа –райы күрт суиды, жазда аңызақты қуаңшылық қалыптасып, жел апталап соғады.
Қаратауға барған сайын қара жел ұйтқып соғады да тұрады.
Тау аңғарындағы өзен арнасын жиектей қос аттылы келе жатырмыз. Ертемен шықтық дегенмен жол өнбеді. Қарсы алдымыздан соққан жел қарыс адам жүруге мүмкіндік берер емес. Алға қарай созылған сайын үдей түсетіндей екілене соғады. Көзіңді білегіңмен көлегейлей еңкіштене қозғалған сәтте екі иығыңнан әлдебіреу жібермей итеретіндей. Сосын, қолыңды түсіріп көзіңді ашқан боласың, жоқ, уілдей соққан желдің адуынды екпіні шыдытпайды. Бір қызығы, осы жел тұрса болды, үш күнсіз басылмайды, одан асса жеті күн, ал үдеді бар ғой, он төрт күнге ұласады. Көзін көлегейлей айналаға қара шал «е...е» - деп бір қояды, - шіркін, кейде осы жел тұрмаса, осы өңірдің жұрты елегзи іздейді, мені сынағандай сыңай білдірді. Бүгін жел жарықтық екіленіп тұр екен. Қолаттан құм суыра уілдейді. әншейінде тым – тырыс даланы әдемі әуенге бөлеп, демін ішіне тарта соғады. Кейде тыныс ала алмай, жүзімді кеудеме жасырамын.
«Білесің бе, қара шал сөйлеп келе жатыр, жел уілдеген сәт енді басталған әңгімені үзіп алып жоғалтады, содан мен ат басын бұрып ықтасын жағына шығып қайта қатарласамын, соны түсіне ме, сәл кідіріп басынан бастайды. – Білесің бе, Қаратаудың алып аждаһа бар деседі...» Мен селт ете түстім, бір қолыммен ердің басынан ұстаған күйі еңкіштей қозғалған кеудемді қайта тіктедім, асьымдағы жарау аттың аяғы сүрінді ме, жоқ қара шалдың тосындау басталған әңгімесі ме бағамдай алмадым, үзеңгідегі аяғымды нығырлай дұрыстап алдым, жүгенді жолға бұра жолсерік болып, даусымен тауды жаңғырықтыра желдің уілін көміп – көміп тастайтын ақсақалға тақым қаға жақымдадым. Қара жел дамылсыз соғады. Менің шалт қимылымды, абдырай қозғалғанымды айтпай – ақ біліп келе жатқан ол, бұл әңгімем сенімсіздеу болды ма дгендей нақтылай түседі: «Бұны балам мен кішкене кезімде үлкендерден еститінмін», - деп бір тоқтады. Артқа кеудесін бұрып қарап қояды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | ХVІ-XVII ғ.ғ. Қазақ хандығының саяси-қоғамдық құрылысы және шаруашылығы мен мәдениеті

ХV-XVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы – көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында, орналасатын. Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісудан басқа жерлерде) көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайларымен тарихи дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді таңдап алу, көбінесе халықтар арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси жағдайларға байланысты болды. Малдың негізгі түлектері қой, жылқы және түйе еді. Бұлар халықтың тұрмыс-тіршілігіне бірден-бір қолайлы түлектер. Мұндай мал халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Әрине, мал бағу ауыр еңбекті, төзімділікті және өмірге икемділікті талап етті. Сонымен бірге ол кезде мал шаруашылығының табиғаттың дүлей құбылыстарына түгелдей тәуелді болғанын да айту керек. Жем-шөп дайындау жүргізілмейді, қыста мал тебіндеп жайылды. Міне, осыған байланысты қыс сұрапыл қатты болған жылдары малдың жаппай қырылуы (жұт) жиі кездесетін. Мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп қалатын.
Қазақ халқының өмірі ілгері басқан сайын мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдіріп отырған.
Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ-киім, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын. Көшпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдан түскен өнімдерді Түркістанның Сығанақ, Сауран, Ясы және басқа қалаларының базарларына апаратын, соның ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізетін болған.
Малшылар бұл өнімдерімен айырбасқа қалалардан әр түрлі тауарлар: мақта маталары мен жібек маталар, темірден соғылған бұйымдар, дайын киім-кешектер, шапандар, орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, сондай-ақ әр түрлі үйге қажетті заттар т.б. алатын. Көшпелілердің астық өнімдерінен – бидайға, тарыға, арпаға, жеміс-жидекке – сұранысы өте қатты болды.
Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыды. Археологиялық зерттеулер ХV-XVII ғасырларда Отырар, Түркістан, Сауран маңындағы егістік жерлерінде құбырлар арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді. Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтарын өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды. ....
Рефераттар
Толық

География | Батыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы

Батыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры 206149 га жерді құрайды, соның ішінде орманды жерлер 95557 га. Облыстың орманды өңірі шамамен 0,6 %.
Ормандар көбінесе Орал, Елек өзендері жағалауында орналасқан, сонымен қатар Шыңғырлау ауданының кішкене шоқ қайыңдарынан және Бөкей Ордасы ауданының құм төбелер аралық төмендеуінде орналасқан.
Орманды жерлер келесі негізгі түрлермен көмкерілген: қара терек – 36%, қарағаш – 25%, ақ тал – 17%, қайын және көк терек – 2%, емен – 3%, бұталар – 17
Облыста 615 га және қылқанды ағаштар (шырша) бар, соның ішінде Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі аумағында – 123 га, Январцев мемлекеттік мекемесінде – 448 га және Орал мемлекеттік мекемесінде – 44 га.
2007 жылы 200 га көлемінде жол жанындағы ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар «Жасыл ел» Бағдарламасын жүзеге асыру шаралар Жоспарында қарастырылған 150 га көлемінде құмдарды бекіту жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік орман қоры аумағында өрттерді болдырмау мақсатында түрлі алдын алу шаралар өткізілуде: 2007 жылы 2,1 мың км және 8,5 мың км аумағында жолақтарды құнарландыру және оларды күту бойынша жұмыстар жүргізілді. Өрт қауіпті маңызы бар 70 км. жолдарды жөндеу және ұзындығы 97 км оралым соқпақтарын кесу жұмыстары өткізілді.
Жыл сайын ормандарды санитарлық қорғау мақсатында 5,5 – 6,3 мың га көлемінде орманды зиянкестерден қорғау, жою жұмыстары жүргізіледі.

2008 жылы мемлекеттік жер қоры аумағында көлемі 140 га жерде орман отырғызу жұмыстары жоспарлан
Жыл сайын облыстың елді мекендерінкөгалдандыру үшін 150 мың дана көшеттер өсіріліп, сатылады, олардың түрлері орташа 5-7 данаға жыл сайын көбейіп отыр.
«Жасыл ел» Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар Жоспарын орындау шеңберінде жыл сайын облыстың жоғарғы оқу орындары мен колледждер студенттері жалпы саны 400 адам күтіп баптау мақсатында кесу, санитарлық кесу жұмыстарына және тұқымбақтарда өсіріліп жатқан екпе ағаштарын күту жұмыстарына тартыла 2000 ды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | ЭЛЕКТРО»АҚ-НЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗЫМЕТІ МЕН БАНКРОТТЫҚ МҮМКІНДІГІНЕ АНАЛИЗ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алуда.Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына екелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артады. Банкроттық банкроттықтық жағдай және оны жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет. Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта билікті серіктерін таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Дегенмен, шаруашылық субъектілер мен кәсіпорындардың көпшілігі төлемқабілетсіз және дәрменсіз болуы экономиканың дамуының ұзақмерзімді перспективасы жолында күрделі кедергі болды. Жалпы әрбір кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Шаруашылық | Шошқаларды бордақылау

Шошқа шаруашылығының маңызы
Халықты етпен қамтамасыз ету мәселесін шешу барысында мал шаруашылығының тез жетілетін саласы ретінде шошқа өсіруді дамытудың маңызы зор.
Шошқа еті мен майы тағамдық құнарлылығы мен дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мәселен, 1 кг шошқа етінде 2500 ккал, ал сиыр етінде - 1500 ккал энергия бар. Шошқаның тұтас етінде орташа алғанда 52 пайыз бұлшық ет, 38 пайыз май және 10 пайыз сүйек ұлпалары бар. Ет өнеркәсібінің бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтьшың және басқа да ғылыми-зерттеу мекемелерінің зерттеулеріне қарағанда шошқа еті бағалы белоктарға, барлық аминқышқылдарына, минералдық заттар мен В тобының витаминдеріне бай. Адам ағзасын ауыстырылмайтын май қышқылдарымен қамтамасыз етудің маңызды көзі - тері май ұлпасы-қыртысмай жоғары тағамдық құнарлылығымен бағаланады.Қыстырмайдың бұндай тағамдық қасиетінің үлкен прайгикалық мәні бар, сондықтан да ол елеулі мөлшерде (20-25 пайыз) әртүрлі шұжықтарға қосылады. Шошқа еті мен қыртыс майының қорытылуы 90-98 %-ға дейін жетеді. Шошқа еті жақсы консервіленеді, оны тұздау мен қақтау бұл тағамның құнарын арттыра түседі. Шошқа етінен шұжықтардың әртүрлі сорттары, сан еттері, ветчина, рулеттер, буженина, грудинка, корейка жөне т.б. жоғары сапалы тағамдардың өте мол ассортименті дайындалады.
....
Курстық жұмыстар
Толық

Шаруашылық | Шошқа шаруашылығының маңызды және түрлері

Шошқа шаруашылығының маңызы
Халықты етпен қамтамасыз ету мәселесін шешу барысында мал шаруашылығының тез жетілетін саласы ретінде шошқа өсіруді дамытудың маңызы зор.
Шошқа еті мен майы тағамдық құнарлылығы мен дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мәселен, 1 кг шошқа етінде 2500 ккал, ал сиыр етінде - 1500 ккал энергия бар. Шошқаның тұтас етінде орташа алғанда 52 пайыз бұлшық ет, 38 пайыз май және 10 пайыз сүйек ұлпалары бар. Ет өнеркәсібінің бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтьшың және басқа да ғылыми-зерттеу мекемелерінің зерттеулеріне қарағанда шошқа еті бағалы белоктарға, барлық аминқышқылдарына, минералдық заттар мен В тобының витаминдеріне бай. Адам ағзасын ауыстырылмайтын май қышқылдарымен қамтамасыз етудің маңызды көзі - тері май ұлпасы-қыртысмай жоғары тағамдық құнарлылығымен бағаланады.Қыстырмайдың бұндай тағамдық қасиетінің үлкен прайгикалық мәні бар, сондықтан да ол елеулі мөлшерде (20-25 пайыз) әртүрлі шұжықтарға қосылады. Шошқа еті мен қыртыс майының қорытылуы 90-98 %-ға дейін жетеді. Шошқа еті жақсы консервіленеді, оны тұздау мен қақтау бұл тағамның құнарын арттыра түседі. Шошқа етінен шұжықтардың әртүрлі сорттары, сан еттері, ветчина, рулеттер, буженина, грудинка, корейка жөне т.б. жоғары сапалы тағамдардың өте мол ассортименті дайындалады. ....
Курстық жұмыстар
Толық