Шариғат бойынша кімдермен некелесуге болмайды

1. Өмір бойы бір-бірімен үйленуге болмайтындар:
Жақын туған-туыстары. Олар: аналары мен әжелері; бірге туған әпке-қарындастары және олардың қыздары мен немерелері; Сонымен қатар, әкесі не шешесі бөлек әпке-қарындастары және олардың қыздары мен немерелері де үйленуге болмайтын кісілер қатарында; бірге туған немесе әкесі бір, шешесі бөлек, не шешесі бір әкесі бөлек аға-інілерінің де қыздарымен және немерелерімен некелесе алмайды[1]. Сондай-ақ, әке жағынан ағайын әпке-қарындастарымен және нағашы әпке-қарындастарымен[2] де үйленуге болмайды.

Сүт бауырлары: Әйелдің туған баласы туысқандарынан кімге үйлене алмаса, сол секілді сүт емген бала да олармен некелесе алмайды[3]. Айта кететін маңызды нәрсе, «сүт бауырлыққа» байланысты үкімдер тек сол емшек емген балаға ғана қатысты. Оның (әлгі сүт анадан ембеген) аға-інілеріне және әпке-қарындастарына қатысы жоқ[4].......
Кеңестер
Толық