Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мұңды шал)

Жасыңда араластың малтымаға,
Қызығып есер елдiң салтына да.
Би, болыс, ептi жiгiт атанам деп,
Көп түстiң ерегіс пен талқыға да.
Кейде елдi партияға көп жиям деп,
Әркiмге аласардың жалпия да. ....
Өлеңдер

Новость отредактировал: nurgul95 - 13.06.2019

Толық

Мұхтар Шаханов (Ұлылар мен орташалар)

...Міне, қызық, ылғи бойын зорайтқан соң күліп алдан,
Пайымсыз жұрт орташаны биік қойған ұлылардан.
Ұлылардың осал жерін орташалар біліп алған,
Ұлы ойлардың иығына орташа ойлар мініп алған.
Сан алқалы жиындарда орташалар той бастаған,
Хас тұлпардың даңқын бөгеп орташа аттар ойқастаған.
Мынау марғау дәуірдің де орташалар — сүйенері,
Биліктегі бастың көбі — орташа ақыл иелері. ....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Ақындар мен патшалар)

Дарынды жерден ізде,
Көктен ізде,
Оларды берген емес текке бізге.
Шабытты ерттеп мінген Шеллиіңіз
Су жұтып,
Кетті дейді көк теңізге.
Қандай күш ақын дертін емдеп еді!
Мықтыға мықты ғана тең келеді.
Бастарын Иожеф пенен Верхарнның.....
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Аппақ қар жасыл шыршалар)

Қол бұлғайды мың үміт, мың сан арман,
Құралатын сияқты жыл солардан.
Жұлдыз біткен қонғанда жылтыр қарға,
Жылдың иісі шығады шыршалардан.
Шырша сатып алғандар оны құптар,
Жатыр жермен жаңадан жолығып қар.......
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Қара шалғы)

Жетелеп сонау жылдар қара шалды,
Қарасазда жүруші ең, қара шалғы.
Қара шалғы ішінде қарт пен сенің,
Талай-талай көріп ем тамашаңды.
Қалыпсың ғой қаңырап, қара шалғы. .....
Өлеңдер
Толық