Менің ата анам менің жұмағым. Бесігімде әлдилеп, алақандарына аялады. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қатарынан қалмасын деп қолдағы барын аямады. Сіздер маған, өнегелі тәрбие беріп, жақсы үлгілі қыз болып өсуіме себепкер болды. Ендігі менің мақсатым: алдағы уақытта үлгілі қыз болып, ата анамды жерге қаратпай сенімдерін ақтау.......
Сабақтың мақсаты: Кітапханамен таныстыру.Кітапхана туралы мәлімет беру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет беру.Кітапты пайдалану ережесіме таныстыру. Сабақтың барысы: Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін сендер үшін ерекше күн.Мектеп кітапханасының енді тұрақты оқырмандары боласыңдар.Ендеше хош келдіңдер! - Балалар кітапхана деген сөздің мағынасын білесіңдер ме?- - Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.Кітапханада кітаптар өмір сүреді және оқырмандарға көмек береді.Сондықтан кітапты ұқыпты ұстай білу және уақытында тапсыру керек.Кітап ең жақын дос болып табылады.Енді оқушылардың кітап туралы өлеңдерін тыңдайық..
Ана деген құдіретті ат. Анаға ешбір күш, ешбір жан тең келмейді. Дүниедегі бәрінен қымбатты бізді аялап ,өсірген,өмірдегі ең жақын адам – асыл ана.
« О, дүние,төсіңді аш,мен келемін,алынбаған ақым бар сенде менің» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай,барлық адам баласының мына дүниеге келетіні анық. Сол сәтте.....
Рахмет,анашым! Алғаш менің жаттағаным, Жаттағаным тіс жарып Дүниені уысында Ұстап тұрған күш,алып- «Ана» деген үш әріп …
Ана…. Осы бір сөзде қаншама мән-мағына бар десеңізші! Ана-қамқоршы,ана-сүйеуші,ана-отбасы ұйытқысы,ана-қоғам қызметкері. Ия,дүниеде анаға теңесер жан болмас,сірә! Әр адамға өз анасы қымбат.Ақынтілімен айтсақ, Аналардың бәрі жақсы дегенмен, Менің анам ең жақсысы дер ем мен…
Ана! Осынау ардақты есімді атаудың өзі қандай бақыт!Үш-ақ әріп,дүниені нұр шуағына бөлеп,жылуын бөлген Күндей,өмірдің тұтқасындай болған асыл жан – Ана.Мейлі қай ел болмасын,қай тіл болмасын «Ана» деген сөздің мәні ерекше қастерлі. Ананың махаббаты,ананың жүрегі – бәрі-бәрі судай мөлдір,жібектей нәзік,шынайы. Оның құшағы – ең жылы.Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың құшағы,сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя, — деп дана халқымыз қалай айтқан десеңші?!Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.Адамдар – барлығы өз аналарының .....
Ана, ана дейді барлық жұрт. Ол кім? Ана бір қолымен әлемді тербетіп, бір қолымен бесік тербеткен әлемдегі ең қайратты, жігерлі, әрі ең нәзік жандардың бірі. Барлық адам баласында ана деген жан бар. Әрине аналар да әртүрлі болады. Бірақ ана өз сәбиін аялап, қорғап, оның әрқашанда періштесі болып жүреді. Ананың балаға деген махаббатын тілмен айтып жеткізе алмаспыз. Менің анашым әлемдегі ең сұлу, нәзік, жүрегі кең адам. Неге дейсіздер ғой. Өйткені ол адам баласының бар нәзік сәбилерін барлық жанымен сүйе біле алады. Анам бір қиындық туса құтқарып, әрқашанда ағайын-туғанның арасын жақындатып жүреді. Анам өзінің білгенін басқаларға үйретуден.....
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Ана – жүрек, жүректі құдіретте. Ана – тірек, тіректі құрметте, Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет. Ана – күнің, күніңе табынып өт. – деп айтқым келеді. Ана - туралы ойды айтып жеткізу мүмкін емес. Әркімнің өз анасы бар, және де барлығы өз аналарың жақсы көреді. Дәл сол адамдардың қатарында менде бармын. Ана – мен үшін осы жалған өмірдегі ең асыл адам. Анам маған өмір сыйлағаны үшін ол кісіге өмір бойы алғыс айтып өтетін боламын. Ана.....