Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі

"Отан от басынан басталады".
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің".
"Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық".
/Халық даналығы/.
"Отбасы-шағын мемлекет:
Мен-Президент, сен — Премьер"
/Қ.Аманжолов/.
Отбасы дегеніміз - туысқандық байланыста болатын, немерелер, ата-ана, ата-әже, балалар, немерелер, бірлесіп әлеуметтік өмір сүретін адамдар тобы. Отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды, демек некелік-отбасылық қарым-қатынастың биологиялық тарихы, әлеуметтік және праволық мәні бар.
Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік-туыстық қарым-қатынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса үлкен аға немесе әпке басқарады.
Қазақ халқы балалар жасын кезеңдерге былай бөлген:
І.Нәрестелік жас - 7 ай бесік, 12-ай еңбектеу.
2. Бөбек - 1-3 жас
3. Сәби - 3-7 жас.
4. Жеткіншек - 8-11 жас
5. Бозбала - 12-15 жас.
6. Үлкендер - 15 жастан жоғары.
Отбасы қоғамдағы алғашқы ұйымдардың бірі. Оның өзіндік міндеттері болады, ол үшке бөлінеді:
1. Репродуктивтік. Мұның мәні — баланың өмірге келуі, өмірдің, ұрпақтың жалғасын табуы.
2. Шаруашылық-экономикалық. Мұның мәні-материалдық жағдайды қамтамасыз ету, үй және жеке меншік шаруашылығын жүргізу, отбасының қор-қаражат жинау, оны сақтау.
3. Бос уақьттты ұйымдастыру, яғни бала, ұрпақ тәрбиесімен айналысу.
Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық, тәрбиемен ұштасып жатады. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы адамдарының белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.
Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құрса, ал рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Адамгершілік тұғырға көтерер ең маңызды ұлағаттар, адамгершілік қатынастар отбасынан басталады.....
Рефераттар
Толық