Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру

Нарық қатынастары шаруашылық қарым – қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үрдістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан – жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бпр ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттілікткрін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестік күресінде жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады. Бұл жиналған ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерістері туралы тағы басқа сол сияқты болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетинг жетекші рөл атқарады.
«Маркетинг» ұғымы ағылшынның “market” – нарық(рынок) сөзінен шыққан, ал “ing” жалғауы нарық жасаушы немесе нарық аумағындағы қызмет дегенді сипаттайды. Алайда бұл ұғымның мәні одан да кең және ауқымды. Сондықтан мұның көптеген (2 мыңнан астам) анықтамалары бар. Солардың ішінен маркетинг саласындағы белгілі маман Филип Котлердің берген анықтамасын айта кетуге болады. Ол бойынша маркетинг – айырбас арқылы мұқтаждық пен қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі.
Маркетингтің негізгі мақсаты: нарықтық экономикалық және шаруашылық коньюктураны зерттеу, тұтынушылардың нақты сұранысын анықтау мен оларды материалдық тұрғыдан ынталандыру, басқару саласына қатысты қабылданатын шешімдермен қамтамасыз ету, кәсіпорындардың жұмыс бағдарламаларының дұрыстығын дәлелдеу.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық өмірінде болып жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен ғана шектелмей, республика кәсіпорындары алдына жаңа экономикалық шарттарда өміршеңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелрдің бір қатарын жолға қояды.
«Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді» деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын, сонымен қатар біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайға қол жеткізу үшін біз кәсіпорындарымыздың жұмысын шетелдік стандарттарға сай ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды қолдануымыз қажет Соның бірі кәсіпорындағы маркетингтік тәжірибелерді қолдану. Қазіргі қалаптасқан жағдайда бұл өте көкейкесті мәселелердің бірі болып саналуда. Осы мәселенің бастысы курстық жұмыстың мақсатын анықтаған болатын.....
Рефераттар
Толық