Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет

Қазақ ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет 1951 жылы Жітіқара ауданына қарасты Желқуар (Забеловка селосы) ауылында туған. Жітіқара қаласында қазақ мектебін бітіргеннен кейін «Шевченко» кеңшарында шопан болып жұмыс істеген жас қаламгерді Әулиекөл аудандық газетіне қызметке шақырады. Одан кейін Алматы облыстық «Жетісу», Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеттерінде, облыстық телекомпанияда жұмыс істеді. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін және Москвада Әдебиет институтын бітірді.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының Қостанай және Торғай облыстары бойынша әдеби....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Оқ, аңшы

Бір оқты бұлан көтереді,
Екі оқты ұлан көтереді.

Оқ-дәріңді отқа жақ.

Атқан жерде оқ қалар.

Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.

Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.

Жалғыздың жағы жоғалса да табылмас,
Көптің оғы жоғалса да табылар.

Бір оқпен екеуді сұлатты.

Жайдың оғы – жоғары ұшпас.

Оғы шалыс ұшпайтын аңшы болмас,
Жаңылыспайтын емші болмас.
Мақал-мәтелдер
Толық

Сақтық, қырағылық

Сол көзіңе, оң көзің қарауыл босын.

Алысқан жауға арқанды көрсетпе.

Сақтықта қорлық жоқ.

Оң көзіңе
Сол көзің қарауыл болсын.

Үй менікі демеңіз,
Үй артында кісі бар.

Кезенген жаудың көзінен сақтан,
Сойқанды сұмның сөзінен сақтан.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Табиғат (2)

Жұмбағым жұтылды,
Ойға қарай құтылды.
Құйын

Бір нәрсе жер мен көкті шарлап тұрған,
Дамылсыз бәйіт айтып зарлап тұрған.
Тамаша қылығына қарап тұрсам,
Арасын жер мен көктің барлап тұрған.
Жел

Бір нәрсеге қарап тұрсаң дүбірлейді,
Алыстан көзін салсаң күлімдейді,
Екпіні сонша қатты болса-дағы,
Ұстасаң қолыңызға білінбейді.
Жел
Жұмбақтар жауабымен
Толық

«Еңбек күні» мерекесі белгіленді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі белгіленді, ол қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі.

Осы жылы Еңбек күні бірінші рет мерекеленгелі отыр, оның негізгі мақсаттары – Мемлекет Басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру....
Жаңалықтар
Толық

Мұхтар Шаханов (1942)

Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын сырттан оқып бітірген.
КСРО Жазушылар Одағының мүшесі (1969), КСРО Жазушылар Одағының пленум мүшесі (1978), «Жалын» альманахының (1984), «Жалын» журналының бас редакторы (1986), Қазақстанның.......
Рефераттар
Толық

Өмірің өз қолыңда немесе өзгеру жолдары

Иә, әлгі бір әзілде айтылатыны сияқты, біз үнемі «бірнәрсе істеу керек еді» деген оймен жүреміз. Бірақ ештеңе де істегіміз келмейді. Өз өмірімізді онша ұната қоймаймыз, алайда өзімізге ұнайтын өмірге де қадам жасап көргіміз де келмейді. Тек армандауды ұнатамыз, ал арманға қарай ұмтылу ойда жоқ.
Оның себептерін білесің бе?
Осы күнге дейін біз үлкендерден тек «ақылды бол, елдің алдында ұятқа қалдырма, өз бетіңмен кетпе» деген сияқты сөздерді ғана естіп келдік. Енді мен саған ешкім айтпаған құпияны айтқым келеді. Армандарға бару жолындағы ең алғашқы қадамға ең бірінші кедергі келтірер нәрсе – ол “ЖҰРТ НЕ ДЕЙДІ?” деген пікір.
«Жұрт не дейді» деп ойлаудың басты себебі – өзің жұртты жамандағыш....
kz | Кеңестер
Толық