Жұмбақтар жауабымен: Спорт бұйымдары (ойын, доп, футбол, шахмат, велосипед, шаңғы, асық, тоғыз құмалақ, карта)

Тебесің сен бір,
Тебемін мен бір.
Түсі теңбіл,
Көнбіс зат ең бір.
Футбол добы

Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар:
Ақ, қара ғып бөлгенде
Бірін бірі қуғындар.
Ханы үшін де, жаны үшін
Бермейді олар намысын.
Шахмат

Қозғамасаң — құлайды,
Сүйемесең — сұлайды.
Құйымшақта ері бар,
Бұл не деген жануар?
Велосипед
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Егіс пен өсімдіктер өлкесі

Қырдан қырайман көрдім,
Судан сүлеймен көрдім.
Қайырылып тұрған тас көрдім,
Тұзсыз піскен ас көрдім.
Диірмен, балық, қауын

Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?
Орамжапырақ

Асты тақта,
Үсті тақта,
Ортасы жасыл мақта.
Пісте
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Мамандықтар (шаштараз, аспаз, агроном, мұнайшы, журналист, футболшы)

Екі шекпен күмбірлеп,
Көңіл сазын сапырады,
Тұлпар шабыс дүмбірлеп,
Желпіндіріп отырады.
Күйші

Отан үшін жан беріп,
Жоғалтқанмен ол атын.
Жүрегі бар мәңгілік,
Халықпен бірге соғатын.
Белгісіз солдат

Құрып қойып өрмегін,
Ұршықтарын ойнатып.
Сәнді мата өрнегін,
Жасайтын кім жайнатып?
Тоқымашы
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Әдеби жұмбақтар

Жүздесесің,
Үлкенге де, кішіге.
Үнсіз күтсең,
Құрметсіздік ісі де.
Құрметіңді сезіндірер кісіге,
Не екенін білесің бе түсіне?!
Сәлемдесу

Жел соқса,
Жайқалып толқиды.
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.
Өлең

Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.
Ана сүті
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Сіріңке суретімен

Бір сіріңкені жылжытсаң теңдеу дұрыс болады.
Жұмбақтар жауабымен: Сіріңке суретімен

Жауабы:


Бір сіріңкені жылжытсаң жауабы дұрыс болады.


Жауабы:


Бір сіріңкені жылжытсаң жауабы дұрыс болады.


Жауабы:

Жұмбақтар жауабымен

Новость отредактировал: ZHARAR - 25.12.2019

Толық

Әлем шаруашылығының құрылымы (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геоэкономика
Сабақ тақырыбы: Әлем шаруашылығының құрылымы
Белгілі бір оқыту мақсаты: Әлем шаруашылығының құрылымын білу
Сабақ мақсаттары: 10.4.1.4 әлем шаруашылығының құрылымын бағалау
10.4.1.5 әлем мемлекеттерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Шаруашылықты ұйымдастыру факторлары мен шарттары (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақ тақырыбы: Шаруашылықты ұйымдастыру факторлары мен шарттары.
Оқыту мақсаты: 10.4.1.3. шаруашылықтың әртүрлі салалардағы кәсіпорындарды орналастырудың факторлары мен шарттарының жиынтығын талдау.
Сабақтың мақсаттары: Кәсіпорындарды орналастырудың факторлары мен шарттарын талдап үйренеді.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы
Сабақтың мақсаты: Оқушылар дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын бағалап,дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктейді.
Оқыту мақсаты: 10.4.1.7 дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын бағалау
10.4.1.8 дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері №2 (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Бөлімі: Геоэкономика
Сабақ тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері №2
Сабақ барысында қамтылатын оқу мақсаттары: 10.4.1.9 Дүниежүзілік шаруашылығының аумақтық модельдерін талдау
Сабақтың мақсаты: Дүниежүзілік шаруашылықтың түрлі модельдерінің ерекшеліктерін сипаттай алады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық