«Пай, пай, пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер! Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, Сарылып сал – сері кеткен жер. Бас иіп, иіскеп топырағын, Тағзым жасамай өтпеңдер!»-деп, М.Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын. Ақиық ұлы ақынымыз: «Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?! Қанша қурап, қаншама көгермедің?! Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой, Асанның шерге толы өлеңдерін! Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»-деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет-қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.......
Тұлпар шапса тұяғы талатын,сұңқар ұшса қанаты талатын кең байтақ Қазақстан деген отаным бар.Мен қазақпын-мен үшін осы сөздің өзі де үлкен бір қуаныш,үлкен бір бақыт.Мен өз Отанымды өте жақсы көремін.Ауыздықпен алысып,етегімен су кешкен ауыр күндерді ата-бабаларымыз бастарынан өткізді.Елімізді қасық қандары қалғанша ,сырт жаулардан азат етіп,келер ұрпаққа аманат етті. Еліміз талай қиындықты ,талай тарихи оқиғаларды басынан кешті.Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім,қазағым,қайран жұртым» деп,күйзелсе,Жұбан ақын «Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген» деп күңіренеді.Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды.......
Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз. Алайда, осы баға жетпес байлығымыз «Тәуелсіздігіміздің» құнын кейінгі ұрпақ қалай бағалайды? Компьютер, интернет тәрбиелеген «Жаңа заман адамы» Әнұранымыздың сөзін ұмытып, өз тілін жатсынып жатса, жұдырықтай жүрегім кеудеме сыймай кетеді. Алайда, арамызда ар мәселесін төменге ысырып, асқақ абыройын аяқасты ететіндер де осы қоғамнан табылады. Мен көпке топырақ шашпаймын. Тек осы шығармамды оқыған оқырманға ой салсам болғаны.......
Тәуелсіздікті жырлап көңілге тигізуге болады, суретпен бейнелеп таңғалдыруға болады, әңгімелеп елестетуге болады. Бірақ, біз ешқашан майдандағы батырлардың басынан кешкендерін, жырлағандағы ащы сезімдерін, жүректегі жеңіске деген лаулаған ұмтылысты сезе алмаймыз. Оны тек сол майданның қаһармандары ғана біледі. Тәуелсіздік жолындағы күресушілердің мақсаты жақсы дайындық, күш-жігер, соғыста жеңіске жету, тәуелсіз, дербес....