Түлкі мен бөдене

Түлкі мен бөдене екеуі айырылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті.
Күндерде бір күні:
— Досым, мені бір күлдірші, – депті түлкі.
— Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, – депті бөдене.......
Ертегілер
Толық

Түлкі мен ешкі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
— Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.......
Ертегілер
Толық

Түлкі мен маймыл

Бір күні түлкі жортып жүріп, қақпан үстінде өліп жатқан бір балықты көреді. Түлкі балықты құйрығымен сипап, тартып қарайды, бірақ қақпаннан шығара алмайды. Балық үлкенірек екен, түлкінің құйрығының қуаты келмейді.
Балықты алып жей алмай, ызаланып, жолмен жортып келе жатса, түлкінің алдынан бір маймыл ұшырайды. Түлкі маймылды көріп, басын төмен салып, құйрығын бұлаңдатып, еркелеп, ыржаңдай күліп, сәлем береді. Маймыл сәлемін алып......
Ертегілер
Толық

Түлкі тасбақа және кене

Баяғы заманда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене – үшеуі жолдас болып келе жатса, бір жерде бір уыс тары жатыр екен.
Үшеуі ойласып:
— Мұны тұқым қылып, жерге егіп, көбейтіп, бөліп алайық ,– дейді.
Түлкі бір жарды көріп:
— Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер, – деп, көлеңкені саялап, жатып алады.......
Ертегілер
Толық

Түйе арыстан қасқыр және түлкі

Бір түлкі жортып келе жатып, лағып бара жатқан бір түйеге кездеседі.
— Түйем, қайда барасың? – дейді түлкі.
Түйе:
— Оты мол, суы мол жер іздеп барамын, – дейді.
Түлкі:
— Ендеше, екеуіміз жолдас болайық, – дейді.
Түйе:
— Болсақ болайық, – дейді.
Екеуі келе жатса, бір қасқыр келіп жолығады.......
Ертегілер
Толық

Түлкі қойшы аю

Бір қойшы қой бағып жүрсе, бір түлкіні бір аю қуып келеді екен, ол бір тамға келіп кіреді. Аю да кірейін дегенде, тамның тар тесігіне кеудесі сыйып, бөксесі сыймай кептеліп қалады. Түлкі тамның бір кішкентай тесігінен жалт етіп шығып, айналып тесікке келеді де тесіктен не әрі кетпей, не қайта шыға алмай, ілініп жатқан аюдың артынан келіп, мазақтап, аюға сарып кетеді. Оны қойшы көріп тұрады. Аю әрең деп қайта шығып, жан-жағына қаранып, қойшыға келеді.......
Ертегілер
Толық

Түлкі мен құмыра

Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына тығып қояды. Мұны түлкі көреді де жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара алмай, әлек болады.......
Ертегілер
Толық

Тырна мен түлкі

Түлкі мен тырна достасып, бірге тұрмақ болыпты, Екеуі бір жерге қоныстаныпты. Ішіп-жемегі ортақ. Бірі жем іздеп, саяхатқа кеткенде, біреуі балапандар мен күшіктердің жанында қалады.
Күндердің күнінде тырнаның таз балапандарына жүн шығып, жорғалайтын болады. Түлкінің күшіктері пұшпақ болып құлпырады. Аналары балаларын ауық-ауық жатақтың жанындағы жайдаққа серуенге алып шығып жүреді......
Ертегілер
Толық

Түлкіден де өткен қу қаз

Түлкі бір күні оттап жүрген бір қазды ұстап алып, алдыңғы екі аяғымен басып тұрып, мазақ қылып, біраз азаптайын деп, мұртынан күліп:
— Ә, қаз, сенің қолыңа мен түссем, сен не қылар едің? Қаз сәл ойланып тұрып:
— Не қылар едім? Белгілі емес пе, сені тісіммен тістеп тұрып, екі аяғымды кеудеңе қойып, көзімді жұмып: «Ә, Құдай, бергеніңе мың шүкір!» дер едім де сені жеп қояр едім, – депті.......
Ертегілер
Толық

Түлкі мен қырғауыл

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп:
— Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.
Қырғауыл:
— Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.
Түлкі:
— Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.......
Ертегілер
Толық