Түлкі мен маймыл
Бір күні түлкі жортып жүріп, қақпан үстінде өліп жатқан бір балықты көреді. Түлкі балықты құйрығымен сипап, тартып қарайды, бірақ қақпаннан шығара алмайды. Балық үлкенірек екен, түлкінің құйрығының қуаты келмейді.
Балықты алып жей алмай, ызаланып, жолмен жортып келе жатса, түлкінің алдынан бір маймыл ұшырайды. Түлкі маймылды көріп, басын төмен салып, құйрығын бұлаңдатып, еркелеп, ыржаңдай күліп, сәлем береді. Маймыл сәлемін алып:
— Жол болсын, түлкі би! Бұрын мұндай құрмет қылмаушы едіңіз, енді қалайша құрмет қылдыңыз? – дейді.
Сонда түлкі айтады:
— Сүйінші беріңіз, патша сайламаққа келдік! Көп аңдар, көп жандар кеңес қылып еді. «Арамыздан патша сайлаймыз» деп, маған ақыл салды. «Сенің білімің көп еді, осы кеңесіміз мақұл ма?» – деді. Мен: «Менен маймылдың білімі көп, адамзатқа ұқсайды. Менің тілімді алсаңыздар, маймылды патша сайлаңыздар, үлкен-кішіміздің жайымызды білер, әділетсіз іс қылмас. Егер арыстан патша болса, онда күші көп, өзіне ықтияр тиген соң, ойына келген ісін қылар, жазықты, жазықсызға қарамай, нашар жандардың барлығын қырып тастар; алдына ешкім арыз айтып келе алмас, әулетімен құртып жіберер!» – дедім. Жиылғандарға менің ақылым ұнады. «Түлкі бидің ақылы – табылған ақыл», – деді. «Патша сайламаққа арыстан жарамайды екен, бәрімізге де зиян келтіреді екен, маймылды патша сайлайық, нашардың сөзін тыңдар адамзатқа ұқсаған әділетті, ақылы көп шығар, тез тауып келіңіз», — деді. Сіздің қайда екеніңізді білмей, жан-жануар тұс-тұс жаққа қарап, іздеп кетті. Бәрінен бұрын сізге келіп, мен жолықтым. Құрмет қылып тұрғанымның мәнісі осы еді.
Маймыл бұл сөзге қуанып, түлкінің аузына қарап, миық тартып күліп:
— Мақұл! Халық ұнатса, патшалықтан несіне қашайын. Әлім келгенше әділетпен іс қылармын. Түлкі, сенің жақсылығыңды ұмытпаспын, «Келіннің бетін кім ашса, көзіне сол ыстық» деген. Сүйіншіңді оңдап берермін. Қолыма билік тиген уақытта, сенің айтқан сөзіңді жерге тастамаспын. Жүргін, бастағын, – дейді.
Түлкі біраз жерге бастап келеді де манағы қақпан мен балыққа жақындаған уақытта тоқтап тұра қалады. Маймылға қарап:
— Әй, патша! Бір өтінішім бар, менің қарным аш. Сіз бір дуа қылыңыз. Мен:«әумин!» десем, Құдай қабыл қылар. Бір тамақ табылып қалар, – дейді.
Сонда маймыл өз тілімен дуа қылады.
Түлкі:
— Әумин! – деп, алдыңғы екі аяғын көтереді. Дуа қылып болғаннан соң, түлкі маймылды бастап, бір қырдан қылт етіп шыға келгенде, манағы қақпанға қойған балыққа жолығады.
Сонда түлкі маймылға:
— Сіз дуа қылып едіңіз, мен «әумин!» деп едім, сонымыз қабыл болған екен. Даяр тамаққа жолықтық. «Өлмесін деген құлға өлі балық жолығар» деген осы. Міне, жеңіз! – дейді.
Сонда маймыл:
— Қарным ашты деген едің, өзің жей ғой! Мен бүгін ас жемесем де қуанышыммен-ақ тоқпын, – дейді.
Түлкі:
— Ей, маймыл патша! Егер алты күн аш жүрсем, астың алдын әуелі сіз татпай, қайтіп жеймін. Би патшасынан бұрын ас жемейді. Аш та болсам, әдепсіз қылық көрсетпейтін, білімді бидің баласымын, – дейді.
Сонда маймыл қақпанға қарай аяғын бір басып қалғанда, сарт етіп аяғын шабады. Қақпанның серпуімен балық ыршып барып, басқа жерге түседі. Түлкі қағып алып жеп қояды. Сонда маймыл ойлап тұрып:
— Патша болған соң ғана кешемін! Пәледен аяғымды құтқар! – деп түлкіге жалынады.
Сонда түлкі:
— Ей, маймыл! Әр алуан ойыншы едің, ойнап айтасың ба, шындап айтасың ба? Амалды сөкпе, абыройды төкпе! Арыстаннан сені жақсы деп келгенімде, ақуалың осы ма? Аяғыңнан ұстаған қақпанды көтере алмай, жын ұрды ма? Аузыңнан ащы-ащы сөз шығады. Екі бақ бар: бірі басқа қонады, екіншісі аяққа қонады. Маймылеке, мәнісі осылай болады. Аяғыңнан қан қақса да отыр! Аузыңнан зар қақса да отыр! Тепкілесең кетпейтін темір бақ қонды! Қақпанға сені патша қылдым! Қайыр қош, аман бол, патшалығың баянды болсын! – деп, жөнеле береді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Түлкі мен маймыл туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки для детей на казахском языке, балаларга Түлкі мен маймыл арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Түлкі мен маймыл казакша оку, Түлкі мен маймыл