70 жасқа толған мерейтойыңыз қайырлы-құтты болсын. Сіз елу жылға жуық отасқан жұбайыңыз Клара Уәхитқызымен өнегелі өмір сүріп, бақыттың бағында ұл-қыздарыңыздың қызығы мен қуанышына, немере, жиендеріңіздің сүйіспеншілігіне бөленіп, ағайын-туыс ортасындағы алтын көпірдей қадірлі қалыптарыңызды сақтап келесіз. Еңбекте де қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып-ақ жүрсіз. Жүрегіңізге Алланың нұры құйылып, зор денсаулықпен жасай беріңіз.
Сізді бүгінгі есте қаларлық ереулі мерекеңізбен – өте әдемі әрі мәнді 55 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Осындай қиын әрі қызық қызмет-міндетіңізде Сізге қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын, сондай-ақ ............ жұмысын ең жоғары дәрежеге.....
Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде Астананың ірі кәсіпорын басшысы....
Өзінен кіші бауырларына мейірін төгіп, мерейін өсіруге барын салған, бізді әлпештеп, аялы алақанына салып өсірген қадірлі, әз әпкемізді туған күнімен құттықтаймыз! Бір елдің ізетті келіні, ата-енесін, құдай қосқан жарының алтын басын қадірлеген әпкеміз – бүгінде бес баланың анасы.....
Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға / ақша төлеуге және тағы осылар сияқты әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Міндеттемеде оның әр тарабы - несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады, яғни үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады. Міндеттеме қабылдаудың мақсаты - борышкерді өз міндетін уақтылы және сапалы орындауға тарту. Міндеттеме көбінесе оның орындалуымен аяқталады, ал орындалмаған жағдайда қарызды қарызбен жабады, екі жақ келіседі, заңды тұлғаларды жояды. ....
Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады. Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады. Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді: • жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді; • әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады; • сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады; • сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді; • өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.
Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады. Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары: • қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы; • тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы; • тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы; • өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы. Кемшіліктері: ....
Бұл жұмыстың мақсаты – жеке кәсіпорынның нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни экономикада бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарық құрылымдардағы кәсіпорындардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модельді қарастырудың маңызы зор. Сонымен, зерттеу нысаны жетілегн бәсеке нарығындағы кәсіпорын болып табылады, ал оның мақсаты – тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Менің талдауымның мақсаты, біріншіден, өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір кәсіпорын және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу.....
А дам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережесіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланылады. Адам баласының сана – сезімнің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Сөйлеу адам сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық -әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамның тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналасуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі. Тіл сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. әйтпесе ол көздеген мақсатына жете алмайды. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшесінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ақ, адам сана-сезімінің, оның психологиялық көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі. Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, «мұғалім келді» деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мұғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп аталады. Сөйлеу-пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибесін меңгеруге де мүмкіндігін алады. Ойдың т ілі - сөз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалысында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.....
Тілдің табиғаты - дегеніміз тіл білімінің маңызды мәселелерінің бірі. Неміс ғалымы Франс Рок тіл биологиялық құбылыс, оны құдай жаратқан деп есептеді. Бұл пікірді ғылым ғалым Авгутсь Шмихер де қолдады. Олар тілді биологиялық организм сияқты туады, өседі, өледі дейді. Ал егер бұлай болған болса тіл атадан балаға тұқым қуалау арқылы беріліп отырады. әрине бұл пікір дұрыс емес. Тіл атадан балаға ген арқылы берілетін құбылыс та емес. Ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын кейінгі ұрпақтың алдыңғы ұрпаққа үйреніп отыратын нәрсе. Себебі жаңа туған бала өз ата – анасының тілінде сөйлеуі де, сөйлемеуі де, мүмкін. Жаңа туған баланың өскен ортасы өз ата – анасынан басқа болса ол бала сол тілде сөйлеп отыратын даусыз. Яғни бұл тілдің биологиялық құбылыс емес екендігінің дәлелі. Ал екіншісі бір топ ғалымдар Г. Штейнталь А. Патебния бтілді психологиялық құбылыс деп білді. Бұл пікір бойынша тілді құдый жаратқан нәрсе емес, оны жеке адамның өзі туғызды дейді. Жаңағы пікір сияқты , бұл пікір де қате еді. Егер тіл рухтың туындысы болса онда әр адамның жеке өз тілі болған болар еді. Тұтас халықтардң ұлттық тілі болмас еді. Жеке адамның тілі ұжымда ғана дамиды. Олай болса тіл психологиялықта құбылыс емес биологиялық та құбылыс емес. Тіл - қоғамдық құбылыс себебі қоғам үшін , қоғам мүшелері бір – бірімен пікір алысу үшін қызмет етеді. Тіл - қоғам бар жерде ғана болады. Адам жоқ жерде тіл де жоқ. Қоғам қай жерде пайда болса, тілде сол заманда пайда болады. Қоғамсыз тіл , тілсіз қоғам болмайды.
Тілдің қоғамдық қызметі. Тілдің қоғамда ең басты қасиеті неде? деген заңды сұрақ туындайды. Тілдің қоғамда ең басты қасиеті қатынас құрамы. Тіл адам баласының қоғамдық қарым – қатынас құралы сөйлесіп пікір алысу қоғамда қызмет атқару құралы. Тіл мен қоғам аралығындағы байланысекі жақты болады. 1. Адам ойы тіл арқылы белгілі болады. Ойлау мен тіл бір – бірімен тығыз байланысты. Тілдің осы екі қызметінен басқа тағы бір қызметі бар. ол тілдің атауыштық (номинатив) қызметі. Тілдегі әрбір сөз, сөз тіркесі белгілі бір заттың ұғымның атауы. Тілдің төртінші қызметі эксперсивті, эмоционалдық қызметі. Тілдің экспресивті , эмоционалды қызметі деп адамның сол затқа өзінің эмоциясын яғни не жақсы көру, не жек көру , сезімін айтамыз. Мысалы, алақай, пай – пай, масқара т.б. Тіл халық тарихы, өмірінің ізі. Тілден сол халықтың сол тілді жасаушы, халықтың арман үміті , қайғы қуанышы, сезімі туралы айтатын пікірлерді біле аламыз. ....