Тіл қатынасы жөнінде түсінік
Сөйлеу түрлері
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жекежағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып екі топқа жіктеледі.
Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог.
Ауызша сөйлеу – сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де, соның төңірегіне құрылады.
Ауызша сөйлеу негізгі бір түрі – диалогтық сөйлеу.
Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Диалог сөздің кейбір психологияның ерекшеліктері төмендегідей:
1) диалог сөз бөгелмей еркіге айтылады, ол ойды кең жайып жатуды тілейді;
2) үнемі кезектесіп айтылатын ықшам келеді, тек әңгімелеуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады;
3) диалогтық логикалық жағы (жоспарлығы, дәлелдігі) кемдеу болады;
4) диалог сөз шараларымен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалысымен (қолдың, ауыз, көз, қозғалысы) толықтырады;
Монологтық сөйлеу – бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:
1) монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын ала даярлықты тілейді;
2) монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі);
3) монолог сөз мәнерлі, адамға әсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді
Диалог және монолог сөздер көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады. Орынды ымдар біздің сезімімізді мәнерлі етумен қатар, оның өзімізге де, жұртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады. Бірақ, осындай ым-ишаралардың дербес күйінде аса үлкен маңызы жоқ. Адам мұны көмекші құрал ретінде ғана пайдаланылады.
Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және пассив сөздер болады. Актив сөздеркүнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер. Пассив сөздер тілімізде сирек пайдаланылатын, мағынасына түсінгенмен күн сайын айтылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге көбінесе ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады. Актив сөздің мол болуы адамның сөйлеу әрекетіне , айналысқан кәсібіне байланысты. Егер ересек адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000-7000 болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10000-13000 сөзге жетіп отырады. Мәселен, Шекспирдің сөздік қоры 12000 дай болған.
Сөйлеудің ерекше бір түрі – жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түспейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеде жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.
Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:
1) жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды.
2) Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауға тырысады, көп ойланып, толғанады. Өйтпейінше, бұдан нәтиже шығару қиын.
3) Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.
4) Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам өзінің туысқандарына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен стильдері әр алуан. Олардың бастылары ғылыми, публицистика, көркем әдебиет, іс-қағаздық т.б.сөздер.
Сөйлеудің жеке бір түрі – ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланылады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған. Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланылады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге болады. Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді еленбейді. Тек тиісті аспаптармен зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де кинестезиялық тітіркендіргіштерге орай туып отыратындығы анықталған. Ішкі сөйлеу жөнінде И.М. Сеченов былай дейді: «бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жыбырлауымен айтылады. Мұның өзі ересек адамдарда да жиі кездеседі. Мен тіпті өзімнен де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозғалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен, қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да, басқалардың алдынды бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын. Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді. өйткені адам әр кез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады, сондықтан ішкі сөйлеуге ұзақ тұжырым жасап жатудың қажеті де болмайды.
Сөйлеу мәдениеті
Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау т.б.) байқалғанмен, бұларда дыбыстық сипат болмайды. Жеке дыбыстардың көрініуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілденен (дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздеріне, дыбыстарына орайлас жасалатын реакциялар. Мәселен, үш-төрт айлық бала «мә», «ға», «ге» секілді жеке буындарды, бес-алты айдан былай қарай «ма-ма», «па-па» деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. Сегіз айлық бала сөздің интонациясын, дауыстың ырғағын аңғара алады. Бірақ жеке сөздердің айырмашылықтарын, олардың мәнін әлі толық ұға алмайды. Бір жарым жастан былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді. Оның алғашқы сөздері «мама», «папа», «әже», «ата» деген сөздерден басталады. Алғашқыда шағын сөздерді ғана айта алады. Үш-төрт буыннан тұратын күрделі сөздерді айтуға шамасы келмейді. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз және сонор дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, ұяң түрлерін меңгереді. Балаға ызың дауыссыздар мен (ж, ш) ысылдап шығатын дауыссыздарды ұғыну қиынырақ болады, «л», «р» дыбыстарын төрт-бес жасқа дейін дұрыс айта алмайды. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі. Мәселен, жас жарымдағы балада 10-15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста мыңға жуық сөзі болады. Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын стихиялы түрде үйренуге кіріседі. Баланың алғашқы сөздері бір не екі сөзден құралады, ол бір сөзбен-ақ айтайын дегенін аңғартады.
Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінің қалыптасуына ересек адамдардың сөзінің әсері өте күшті екендігі түсінікті. Бала оларға үнемі еліктеп, өз бетімен сөз шығаруға талпына бастайды, ол басқа балалардың тіпті үлкендердің сөзінде байқалған қателіктерді көргіш келеді, яғни баланың тіл сезімі күшті болады.
Жанұяда баланың сөйлеу әрекетінің дұрыс қалыптасуына жеткілікті көңіл бөлінсе, мектепте келгенде оңай хат танып, сабақты жақсы үлгіріп кетеді. Осындай балалардың ана тіліндегі сөз қоры 4000-ға дейін жетіп отырады.
Баланың сөйлеуі мектепке дейін тек қарым-қатынас рөлін атқарса, мектепте жүргенде білім жүйелерін меңгерудің негізгі құралы қызметін атқарады. Мектепте түсу бала тілінің жоспарлы түрде дамуына өте қолайлы жағдай туғызады. Сауат ашу, оқып, жаза алуға үйрену, мектепке дейін өз бетінше меңгерген ана тілін енді арнаулы пән ретінде (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұрғыдан) оқып-үйрену бала тілінің дамуына бұрын-соңды болып көрмеген үлкен өзгерістер енгізеді. Тілді меңгеру барысында баланың сөйлеу ерекшеліктері онан сайын жетіле, дами түседі.
Жазбаша сөйлеу – баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал жасайтын қуатты фактор. Жазбаша сөйлеуді меңгеруге бала мектеп есігін аттағаннан бастап белсенді кіріседі. Баланы жазу сөзіне үйрету – бастауыш мектептегі оқуды пайызға шаққанда жартысына жуығын алады. өйткені жазу техникасын меңгеру – психологиялық тұрғыдан өте күрделі процесс. Бастауыш мектеп оқушыларының ауызекі сөзі мен жазбаша сөзін салыстыра зерттеу – көптеген қолға алынып жатқан жұмыс.
Жазба сөйлеудің дамуы хат тани білуден басталады. Хат тану арнаулы дағдылардың болуын қажет етеді. Мұндай дағдыларды оқу дағдысы дейді. Хат тану негізгі үш кезеңнен тұрады. Мұның бірінші кезеңінде оқушы әріптің, аттарымен танысады. Бұған қоса, сол әріптердің тілдегі дыбысқа қалайша сәйкес келетіндігі, олардың буынға бірігуі, буыннан сөздің қалайша құралатыны да осы кезеңде үйретіледі. Баланың әріптен буын, буыннан сөз құрауы өте баяу, көптеген қиындықтармен жүріп отырады. Мұның бірнеше психологиялық себептері бар. Біріншіден, бала әріптердің графикалық өрнектерін жөнді ажырата алмайды, бірімен-бірін шатастырады. Бұл дағдының қалыптасуына үлкен бөгет келтіреді. Екіншіден, оқушы білетін әріптерін дыбыстармен байланыстырғанда үлкен қателіктер жібереді. Дыбыс пен әріптің арасындағы айырмашылықтар бала қабылдауына біраз қиындық келтіреді. Осының нәтижесінде сөздің элементтерін синтездеу және оларды тану қиынға түседі.
Оқу дағдысының бірінші кезеңін психологияда анализдік кезеңі деп атайды.
Екінщі кезеңде оқушы сөздің элементтерін онша қиналмай-ақ бір-біріне жеңіл қоса алатын болады. Әрине, мұнда да ол қате жібереді. Бала тұтас сөзді тезірек оқуға асығады да оның жеке бөліктерін ежіктеп жатпай долбарлап қабылдайды. Қатенің көбі осындайдан шығады. Әсіресе, бала оқыған сөздер сырт жағынан біріне-бірі өте ұқсас болса (көру-кіру, аю-ою, жазу-жағу т.б.), қателер көбірек кетеді. Оқу дағдысын меңгерудің екінші кезеңін синтездік (жинақтау, топтастыру) кезең дейді.
Үшінші кезеңде бала әріптерді тез танып, бір-біріне қосып оқи алады. Осы әдіспен оқытылған бала ұзамай хат танып кетеді, енді ежіктеуді қойып, бір қалыппен оқитын болады. Шапшаң оқу баланың сыныбы жоғарылаған сайын арта түседі. Мәселен, әліппені бітірген бірінші сынып оқушысы кітапты дауыстап оқығанда, төртінші сынып баласынан үш есе жай оқиды.сөздің мағынасына түсініп, ойланып оқу күрделі ой процестері (салыстыру, жалпылау, нақтылау, жүйелеу т.б.) жүйесінің болуын қажет етеді. Өйткені ойдың осы тәсілдері балада бірсыдырғы дамыған болса, оқыған кітабының мазмұнын дұрыс аңғара бастайды, ондағы негізгі, басты ойларды түсінуде көп қиналмайтын болады. Бала оқуының бұл ақаулығын мұғалімдер кезінде көре біліп, сөздік қорын молайту жағын ойластыру тиіс. Бұл үшін балаға тексті түгелдей, немесе жартылай оқытып, оның негізгі мазмұнын, ондағы ең негізгі сөздер мен сөйлемдерді тапқызып үйрету қажет. Оқыған нәрсесінің жоспарын жасауды, текстің жеке бөліктеріне дұрыс тақырыпша беру, асығып, аптықпай, мәнерлеп оқуға жаттықтыру сияқты тәсілдерді де жиі қолданып отырмаса болмайды. Мәнерлеп оқу текстін, логикасын аңғара алуға мүмкіндік береді.
Бала мектепке келген күндерден бастап оқу дағдысымен қатар жазу дағдысын да меңгере бастайды, жазу дағдыларына машықтану да өте күрделі процесс. Мұның да үш кезеңі бар:
Бірінші кезең әріптің элементтерін үйрену кезеңі деп аталады.
Екінші кезеңде бала әріптің жеке элементтерін жаза білу қабілетіне ие болады. Баланың зейіні енді бірітіндеп әріп таңбаларына ауа бастайды, оның әріп жазуға қатысатын қимыл-қозғалыстары автоматталына түседі. Осы кезеңде бала жеке әріптерді толық жаза-білуге үйренеді. Жазуға үйренудің екінші кезеңін психологияда әріптік кезең деп атайды.
Үшінші кезең – жазба сөйлеудің қалыптасу дәрежесін көрсететін негізгі кезең. Мұнда оқушы өз бетімен жеке сөздерді жаза алатын халге жетеді. Баланың зейіні енд жеке әріптерге емес, солардан құрылатын сөзге ауады. Бала, сондай-ақ, сөздегі әріптердің еңкіштігі мен басылып жазылуына, олардың қазқатар орналасуына да қатты көңіл бөледі.
Жазу дағдысының осы үш кезеңі жылдам, тез жазуға жасалған дайындық кезең болып табылады. Жазу дағдысын меңгеруде балаға ұшырасатын негізгі қиындықтар психологияда жан-жақты зерттелген. Мәселен, саусақтағы ұсақ еттері әлі де болса дамып жетіле қоймаған. Сондықтан да жазудан баланың қолы тез шаршайды. Жазу үстінде байқалатын осы кемшіліктерді болдырмау үшін мұғалімге мына секілді шараларды жүзеге асыру қажет болады. Біріншіден, оқушыға алғашқы кезде бір жазғанын қайта-қайта жаздыра бермеген дұрыс, өйткені мұндайдан оның қолы тез талып, шаршап қалатын болады. Екіншіден, саусақтардың ұсақ еттерінің қатая түсуі үшін балаға пластиленнен, балшықтан мүсіндер жасатқызу, сурет салғызып не бір нәрсені тіккізіп дағдыландырылған дұрыс. Үшіншіден, мұғалім көшіріп жазудан кеткен қателерге баланың зейінін үнемі аударып, оның өз қатесін түзеуін қадағалау тиіс. Төртіншіден, бала өз қатесін сезіне білумен қатар, оларды түзете алғанын да сезініп отыратындай болсын. Бесіншіден, баланы жазу дәптерлерін өте ұқыпты ұстауға әдеттендірудің де осы айтылғанға тікелей қатысы бар. Өйткені баланың дәптері таза болса, ол әдемі жазуға тырысады, каллиграфиясы жақсарса, қателері азая түсетін болады.
Баланың жазу қарқыны әр сыныпта әр түрлі болып келеді. Бастауыш мектеп оқушылардың ішінде жазумен көбірек шұғылданатын – бірінші сыныптағылар. Өйткені бұл кезде жазуға көп көңіл бөлінеді. Екінші, үшінші сыныптарда баланың жазу қарқыны біршама төмендейді де, төртінші сыныпта қайтадан көтеріледі. Психологиялық зерттеулерде бастауыш мектепті бітіретін оқушының жазу жылдамдығы минутына орта есеппен 60-70 әріп болатындығы анықталған.
Жазу дағдыларын ойдағыдай меңгеру орфографиялық ережелерде меңгерумен тығыз байланысты. Орфография – грамматиканың күрделі бөлімдерінің бірі. Әсіресе, орыс тілінің орфографиясын меңгеру ұлт балаларына үлкен қиындық туғызады, өйткені осы тілде сөздің айтылуы, көбінесе, жазылуынан басқаша келіп отырады. Бала әдеби тілдің нормасы бұлай етуде көтермейді. Жазудың орфографиялық ережелерін меңгеруге кейбір балалардың сөйлеу мүшелерінде кездесетін түрлі кемшіліктер кесел келтіреді. Бала жазатын сөзін буынға бөліп, ол сөздерді іштей айтып отыруға дағдыланса, емле қателерін аз жіберетін болады. Әсіресе, өзінің үнемі қате жіберетін сөздерін осылай айтып дағдылануы дұрыс. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Тіл қатынасы жөнінде түсінік туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Тіл қатынасы жөнінде түсінік на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Педагогика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Тіл қатынасы жөнінде түсінік