Ананас (лат. Ananas) - жеміс Ананас — субтропиктік және тропиктік өңірлерде өседі. Піскен ананасты 8—9 градус температурада 10—12 күнге дейін сақтауға болады. Температура 7 градустан төмен болса ананас жемістері қарайып,су татып кетеді, ал 10 градустан жоғары болған жағдайда жеміс тез пісіп кетеді де, дәмі, түсі бұзылады. Ананастың құрамында қант, органикалық қышқылдар, күл пектин және хош иісті заттар, сондай-ақ С витаминнің 20 мг проценті, каротин (А провитамині), Ві және Вг витаминдері бар. Ананасты жаңа піскен күйінде де, сондай-ақ түрлі өңдеуден өткізіп те (шырын, компот ретінде) там аққа....
ХІV-ХV ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкентқаласы қауырт өсіп, тез дами бастады. 1425 жылы жазылған Шарафад-дин Али Иаздидің «Зафар-нама» шығармасында «Шымкент» атауы Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ауызға алынады. Алайда кездейсоқ табылған тас қару бұл жерде адамның сонау тас дәуірінде – бұдан ондаған мың жыл бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Ғалымдардың көрсетуінше....
Семейдің тұрған жері ерте замандардан ежелгі тайпаларға тұрақ болған. Бұл жерде сонау қола дәуірінен бастап, ғұндар, Түрік қағандығы, Қыпшақ, Керей, Найман ұлыстары мекен еткен. ХVІ-ХVІІ ғасырларда қазіргі Семейқаласы тұрған жерде Доржынкит қаласы болған. Құба қалмақтардың аңыздарына қарағанда 1600 жылы Асма тархан Доржи деген кісі Жеті шатыр сарайларын тұрғызған. Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінде осы Жеті шатыр қаласы айтылады. Семей 1782 жылдан....
Ордабасы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы таулы өңір. Ордабасы тауының қойнауында 1726 жылы Орда тігіліп, қазақтың үш жүзінің игі жақсыларының басы қосылып, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске халықты жұмылдыру жайы ақылдасылады. «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз сол заманнан қалған.
Сол жолы біртұтас Қазақ әскері құрылып, Бас қолбасшы сайланды. Батырлығы, әдіс-айласы, соғыс тәсіліне жетіктігімен танылған кіші жүз ханы Әбілқайыр үш жүздің біріккен Қазақ жасағына Бас қолбасшы болды.