Қазақстан - тәуелсіз ел

Тәуелсіз ел! Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең көлемде шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі.Иә, бұл-бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу кұштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі.Ол-өлең, ол-ән, ол-сұлулық, ол-асқақ арман, ол-шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз.Қазақ жері.
Қазақстан-тәуелсіз ел.Сол тәулсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! "Тамырсыз ағаш,тарихсыз халық болмайды"демекші, қазақ елінің азаттық,бостандық жолындағы тарихына бір сәт көз жүгіртіп өтетін болсақ, басынан қаншама қиын-қыстау ауыр сәттерді өткіздігін көреміз.Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, ұшса құс қанаты, шапса тұлпар тұяғы талатын кең-байтақ жерімізге көз алартқан жауларымыз аз болмады.Ең алдымен, Жоңғар халқы жерімізге баса көктеп кірді.Олардың жасаған шабуылынан еліміз аз зардап шеккен жоқ.Ел арасында "Ақтабан шұбырынды,Алакөл сұлама"орын алды.Алайда елінің тыныштығын ойлаған хас батырларымыз бен ел билеген хандарымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол жинап, атамекенін, жерін жаулардан қорғай білді.Одан кейін де халқымыздың ел тарихында қаншама ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.Олардың барлығы халқымыздың тағдырына өшпестей із қалдырды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ол туралы былай деп еске алады:"Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды.Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды"......
Шығармалар
Толық

Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау. (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың нығаюына әкелді ме? Мектеп:
Сабақтың мақсаты: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау.
Оқу мақсаты: • «Ұлы жібек жолы» cөзінің шығу тарихын біледі.
• Карта да Ұлы Жібек жолының сауда тармақтарын көрсете алады;
• Халықаралық қатынаста Ұлы Жібек жолының маңыздылығын біледі.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тәуелсіз мемлекетімнің жарқын болашағы

Жаутаңдап қарап дала тұр, ,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Сырбай Мәуленов
Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімнің болашағы жарқын. Келешек ұрпақтың ұйқысы тыныш, тамағы тоқ, киімі көк. Әр қазақ баласының бал- бұл жайнаған жүздерін көреміз. Аллаға шүкір, уайымсыз ,бейбіт өмір кешудеміз. Алайда, осы бейбіт өміріміздің қалай келгені, қаншама қан төгілгені туралы жадымыздан шығару мүмкін емес.
Осыдан 75 жыл бұрын жер бетін шарпыған сұрапыл Ұлы Отан соғысы келді. Халқымыздан береке қашып, тыныш ұйқымыздан айырылдық. Бұл соғыс қаншама жас қазақ жігіттерінің өмірін қиды. Қаншама ананы баласыз қалдырды, қаншама бейкүнә сәбиді асқар тауы әкесінен айырды. Қаншама нәзік жанды қыздарымызды сүйгендерінен айырды. Әрине, қайтып келгендері де болды. Бірақ, оларда саусақпен санарлықтай еді. Отанына келген жауынгер батырлардың басым көпшілігі мүгедек болды......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз елдің ертеңі

Мен XXI ғасырдың ұрпағымын. Мен бейбіт, тәуелсіз елдің ертеңін жалғастырушы болашағымын. Осындай елде жас ұрпақ алаңсыз еш қайғысыз, азат өмір сүру үшін ата-бабамның жасаған ерлігін ұмытпаймын. Үстіміздегі жылы адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толады. Бірақ, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтындығы сияқты, соғыс та біздің санамызда ұмытылмас із қалдырды. Адамзат тарихындағы осы бір жойқын соғыста миллиондаған адамдар мерт болды, қаншамасы мүгедек болып қалды, миллиондаған адамдар хабар-ошарсыз кетті, тылда да халқымыз қанша қиындық көрді...
2015 жылдың 9-мамырында селомыздағы жауынгер ескерткішінің жанындағы салтанатты жиында алғаш рет ешқандай соғыс ардагері болмады. Ең соңғы ардагер бұл жиынға келе алмады, себебі денсаулығы жоқ екен. Мен өзімнің ұстазым Гүлшат Мүсілімқызы Рамазанованың өз шығармашылығынан оқыған «Соғыстың соңғы солдаты» өлеңін тебірене тыңдадым. Ұстазымның толқыған жан дүниесі, өзегін өртеген өкініші менің де жүрегімді дірілдетіп, терең ойға шомдым. «Ол кім екен? Қандай адам? Соғыста қандай жерде соғысқан?»- деген сұрақтар көңілімнен шықпады. Ақыры мен ол кісімен таныстым. Ол жайында негізгі бөлімде әңгімелемекпін.2. Негізгі бөлім: а) Ұлы Отан соғысы парақтарынан.
КСРО жеріне басып кірместен бұрын 12 мемлекет басып алған және 14 одақтасы болған жау Баренц теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықта зор майдан шебінде соғыс ашты. Гитлер «тұтқиыл» шабуылмен Кеңес елін талқандап, әлемдегі алғашқы социалистік мемлекетті құртып, кеңес адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін өз отарына айналдыруды көздеді. Бірақ, кеңес халқы тұтқиылдан шабуыл жасаған жауға қарсы тұра алды. Майданға кеткен мыңдаған ерлердің орнына барлық жұмысты ұйқысыз, ас-сусыз еңбек еткен әйелдер мен балалар атқарды. Соғысқа дейін бір сағатта істеген істерін соғыс уақытында бір минутта істеуге тырысты......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік толғауы

Сарғайса да тарихтың ақ парағы,
Ол күндер мәңгі есте сақталады…
Жалған өмір... Сұрапыл соғыс... Сұм ажал... Бұл үш құбылыс талайды тірідей жетім аттандырып, біреудің бал балалық шағын күл-талқан етіп, енді бірінің бейбіт тіршілігін түзелместей етіп жойды. Әрине, өмірдің дегені болады, ал, ажалдың бізді қашан жалмап әкетері бір Жаратқанға ғана мәлім. Соғыс ше?.. Оның алдын алу, болдырмау өз қолымызда емес пе? Жер бетін жалмап, аузын айдаһарша ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жоюға жанталасқан азапты қырғын – екінші дүниежүзілік соғыс. Соғыс жайлы сөз болғанда еріксіз терең ойға батамыз. Сондағы ең алғаш көз алдымызға келетін көрініс: танк пен қарудың құлақ тесер шуылы, бала-шаға мен қатын-қалаштың ауыр зары, ерлердің майданда селдей аққан қаны мен күйреп біткен шаңырақ... Осы ауыр да азап көрініс көз алдымыздан кетіп, мұңға толы естелікке айналған шақта, көп арам шөптің ішін жарып өскен ақ уызды гүл секілді, сол мұңға толы жылдардағы езуімізге күлкі үйіретін жайт – ата-баба жеңісі...
Ұлтымыздың, біздің жеңісіміз! Әр еске алған сайын ерекше күйге бөлейтін, жаннан қымбат тәуелсіздігіміздің қайнар көзі болған «Жеңіс күніне», міне, биыл 71 жыл толмақ......
Шығармалар
Толық

Ұлы Жеңіске Кентаулықтардың қосқан үлесі

Адамзат баласы айрықша атап өтетін есте қаларлық тарихи даталар аз емес. Біз үшін мамырдың 9-ы солардың ішіндегі ең қымбаттысы, ең салтанаттысы, біреңгейі. Күнтізбедегі бұл күн біздің әрқайсымыз үшін Ұлы Жеңіс мерекесі, қуаныш мерекесі, ұрыста қаза болғандарды аза тұтып, қабырғамыз қайысар күнді еске түсіреді. Осыдан 71 жыл бұрын 1945 жылғы мамырдың 9-ында фашистік Германия тізе бүкті Реихстагта Жеңіс туы желбіреді. Ұлы Отан Соғысы жеңіспен аяқталды. Ұлы Отан Соғысы «ә» дегеннен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық ұлттары мен ұлыстары фашизмге қарсы біркісідей көтерілді. Соғыстың сұрапыл жылдарында халықтар достығымен бірлігінің беріктігі сыннан өтті. Жау күшті еді. Тек жанқиярлықтың, рухани бірліктің, ұлтаралық достық пен өзара демеушіліктің арқасында ғана жеңіске жету мүмкін болды. Соғыс 25 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ондаған миллион адам жарымжан, жетім болып қалды.Ұлы Отан Соғысы жылдары өзге де Қазақстандықтар қатарына Кентау, Ащысай, Хантағи, Байылдыр, Қарнақ елді мекендерінен аттанған жауынгерлер қолдарына қару алып, жаумен айқасып, ерлік көрсетіп, елді, жерді қорғады. Кентау қаласында 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдық қорсаңында қала саяжайында азалы Анаға ескерткіш қойылып, соғыстан қайтпаған 78 боздақтардың есімі жазылған естелік тақта орнатылды. Жылда қала халқы олардың қаһармандық ерлігі, рухы алдында бас иіп, тағзым етеді. Олардың ерлігін Отан алдындағы перзенттік борышты қалтқысыз орыдаудың үлгісіне балайды. ......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздіктің көк туы желбіресін

1941 жылы 22 маусымда тып-тыныш жатқан бейбіт елге тұтқиылдан фашистік Германия шабуыл жасады.Бұл елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді.Отанымызды қорғауға бұғанасы қатпаған жап-жас қыздар мен жігіттер де, еңкейген кәрі де аттанады. Ал, тылда қалған әйелдер мен әжелер, жас балалар тыным таппай еңбек етіп, бүкіл ауыртпалықты көтерді.Жас келіншектер мен қыздар қолдары қалт еткенде қалың киімдер тігіп, жылы кеудеше, қолғап, шұлық тоқып майданға, жауынгерлерге жіберіп көмек жасаған екен. Халықтың қабырғасын қаусатқан осы қаһарлы соғыс 4 жылға созылды. Қаншама адамдар осы сұм соғыста қаза тапты. Балалар әкелерінен, аналар балаларынан, қарындас ағасынан, жас әйелдер асыл жарларынан айырылды. Осындай қиын қыстау күндерде еліне деген сүйіспеншілік талай қазақ азаматын танымал батыр етті.
Солардың кейбіреулерін мақтаныш сезімімен атап өтетін болсам, олар – шығыстың қос шынары- Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова,Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы сынды батырларымыз. Міне осындай талай батыр аға-әпкелеріміз аянбай елі үшін күресті.Рейхстагқа ту тіккен қазақ халқының ержүрек батыр баласы- Рақымжан Қошқарбаев еді. Олардың елі үшін жанын қиған ерлігі бүкіл КСРО халқын тамсандырды. Олар Отанын қорғау жолында жасаған ерлігі үшін«Кеңес Одағының Батыры» деген үлкен атаққа ие болды......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз елдің бейбіт ұрпағы

...Жасқанып өскен, жаумен жағаласа алмайды... Жастарды біз ержүрек етіп тәрбиелеуге міндеттіміз» -деген Бауыржан Момышұлының өсиетті сөзін оқып, терең ойға көмілдім...
Қазақтың мақтанышына айналған хас батыр ғана осылай қасқайып тұрып айта алады. Бұл жай тілек емес, бұл – аманат , бұл – тағлым. Ерлік жасау үшін ержүрек қана болмай, елін, жерін сүйетін үлкен жүректі азамат болу керек. Батыр туған жерінің қасиетті топырағынан, суының тұнығынан, елінің парасаттылығынан жаралады екен. Сол бір зұлмат соғыс – Ұлы Отан соғысында аталарымыз Жеңіске жетті. Ұлы Жеңіске оларды жетелеген – жасқанбайтын өр мінездері, жауына бітіспес өшпенділігі. Ұлы Отанын қорғаған Кеңестер Одағының әр азаматы Жеңіс күнін жақындатып, қасық қаны қалғанша күресті. Сұрапыл соғыстағы Жеңіске биыл 70 жыл толады. Содан бері 70 рет жиде гүлдеп, 70 рет қайың бүр жарды...
Арысынан айрылған аналар, боздағынан айрылған сұлулар, әкесінен айырылған балалар сан мыңдаған рет терең күрсініп үнсіз көз жасын төкті...Иә, 70 жыл аз уақыт емес... 70 жылда үш ұрпақ дүниеге келіп, өсіпөнді. Бірақ соғыс салған жүректегі іздер әлі жазылған жоқ. Жазылмақ емес, өйткені адамзат тарихындағы бейбіт жатқан елге жасалған жауыздық, көзден аққан қанды жас, дүниеге келмей жатып жетім атанған баланың көз жасы ешқашан ұмытылмайды. Иә, «Ерлік ел жадында сақталады» дегендей, ұрпақтан-ұрпаққа олардың ерліктері жайлы естеліктер жазылып, тарихи бағалары берілді, әлі де берілері хақ......
Шығармалар
Толық

Менің халқымның өміріндегі соғыс тауқыметі

Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк. Бауыржан Момышұлы
Өмірі - ұрпаққа өнеге.
Соғыстың аты соғыс қой,
Жалмады талай арысты.
Мылтықтың оғы босқа ұшпай,
Өлiм мен өмiр алысты.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио-телехабарлар, кинолар:аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.Иә, содан бері 70 жылдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр,
Бірі мініп,келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.......
Шығармалар
Толық

Ермек елдік бастауы

Ермекке толып өткені,
Ұмытылмай тұрды ел ісі,
Соғыстың соңғы көктемі,
Солдаттың асқақ жеңісі.
Ғабиден Қожахмет
Соғыс – атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылытатын, қасіретке толы сөз. Осыдан 71 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына төрт жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистердің мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді. Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болды. Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған фашистердің жоспары іске аспай, өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақты ат салысты. Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Т.Бигельдинов, М.Ғабдуллин секілді батырларымыздың ерлігі арқасында қазіргі тату өмірімізге бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік......
Шығармалар
Толық