Талдықорған мен Жаркент орналақан орны

Талдықорған қаласы 1944 жылы құрылған. 2000 жылдан бастап Алматы облысының орталығы болып саналады.Талдықорған қаласы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстық орталық тұсында, Жетісу Алатауының батысында, Қаратал өзенінің жағалауында орнасқан. Қаланың жер аумағы 8233га. Тұрғын халқының жалпы саны 118,3 мың адам (2003ж), 1869 Талдықроған қыстауының орнына Гавриловка селосы бой көтерді. 1922 жылы Қапал уезінің орталығы болып, қайтадан Талдықорған аталады. 1932-1944жылдары аудан орталығы, 1944-1959 жылы Алматы облысынан бөлінген Талдықорған облысының орталығы. 1968жылы Жетісу өлкесінің өндіргіш күштеоін одан әрі дамыту мақсатымен қайта құрылған Талдықорған облысының орталығына айналды. 1997 жылы облыс тағы тарқатылып, Алматы облысына қосылды. 2000 жылы 14 сәуірде облыс орталығы Алматыдан Талдықорған қаласына көшірілді. Қаланың климаты континенттік.Қаңтар айының жылдық ортақ температурасы-11-13 С, шілдеде—22-24 С.Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері—350-400мм.Оның басым бөлігі наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларында түседі. Жел негізінен солтүстік-шығыс, солтүстік-батыстан соғады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының соңғы онкүндігінде түсіп, наурыздың екінші онкүндігінде ери бастайды.Талдықорған бұта аралас сұлыбас, бетеге, боз, эфемерлі-бозжусанды шөлейт белдемде жатыр. Қала аумағында шөмішгүл, қарағай, сиягүл, жаңғақ сабынкөгі, қызғалдақ, долана, шырғанақ, шұғынық гүл, кәдімгі өрік, қызыл мия, шырмауық, қарасора, алабота, жусан т.б. шөптесіндер өседі. Қалалық әкәмшілік аумаққа қарасты елді мекендер:Еркін, Заречный, Өтенай, Заря, Еңбек, Пригородное 3-ші және 5-бөлімше және экономика-технологиялық колледжінің оқу-тәжірибе шаруашылығы. Қаладағы тұрғын халықтың 51%-ке жуығы қазақтар, сондай-ақ, орыстар (36%), кәрістер(4,4%), татарлар(2,2%), украиндар(1,4%), т.б. ұлт
өкілдері бар.Халықтың орналысу тығыздығы 1км –ге шаққанда 1155 адам. Қалада 1570 жұмыс істейтін ауыл шаруашылық, өнеркәсіпорыны мен ұжымдар тіркелген, олардың арасында серіктес шаруашылықтар саны—10585, 72 АҚ, 82 өндірістік кооператив бар. Өнеркәсіп бағытындағы ірі кәсіпорындарға «Қайнар», «Темір», «Қазақаккумулятор», «Темірбетон», «Ажар», «Нан», «Өрнек», «Аққу», «Сайман», «Қаласүтзауыты», «Мирас», т.б. акционерлік қоғам жатады. Ауыл шаруашылық бағытында 95, құрылыста 96 акционерлік қоғам бар. Қалада әр түрлі салаларға маманданған «Гамма» АҚ , «Механикаландырылған жұмыстар» ЖАҚ, «Құрылысшы» ӨЖ, «Шымыр» ЖАҚ, «Ақ сұққар-ай» ЖАҚ, «Талдықорған электр желілері құрылысы» АҚ, «Ақжол» ЖАҚ, «Қалалықжол құрылысы» ЖАҚ, т.б. жұмыс істейді. ....
Рефераттар
Толық