Талдықорған мен Жаркент орналақан орны

Талдықорған мен Жаркент орналақан орны

Қала аумағындағы республика және облыс деңгейінде қамқорлыққа алынған мәдени-архитектуралық ескерткіштер санатында «Даңқ» ескерткіші(1950ж), Пионерлер үйі(көркем сурет галереясы, 1957ж3 кәсіптік-техникалық мектеп ғимараты (1959), қалалық әкімшіліктің ғимараты (1950), Аяқ-киім фабрикасы (1952), І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік ғимараты (1975), Ақ мешіт (1996), С.Сейфуллин атындығы кітапхана (1982), М.Тынышпаев атындығы тарихи-өлкелік мұражай (1980), т.б. бар. Қалада М.Римова атындағы облыстық драма театры, «Алтын дән», «Туған ел», «Ачимноуль», «Контраст», Ардагерлер хоры, Қуыршақ театры, «Улыпка», «Солнышко», атты көркем өнерпаздар тобы жұмыс істейді.
Қала аумағындағы автокөлік жолының ұзындығы 352км, оның ішінде 247 км-не асфальт төселген, 96км тас жол.Талдықорған арқылыАлматы-Өскемен, Семей-Алматы, т.б. бағыттарға автокөлік өтеді.Қалада темір жол станциясы 1949 жылы салынған. Одан Көксу, Текелі, Қарабұлақ темір жол стансаларына жүк поездары қатынайды.Емдеу-сауықтыру орындары: қалалық емхана, жүрек ауруларын емдейтін орталықтар, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станса, облыстық онкологиялық диспансері, әйелдерге дәрілік көмек беретін орталық, перинатальдық орталығы, облыстық аурухана, жұқпалы аурулар ауруханасы, туберкулез диспансері, облыстық наркологиялық диспансері, қалалық жедел және шұғыл жәрдем көрсету стансасы, қалалық қан орталығы, қалалық бөбектер үйі, т.б. жұмыс істейді. Талдықорған қаласынан Астана қаласына дейінгі қашықтық 758км, Алматы қаласына дейін 279км.
«Талдықорған»--қалалық газет. Алғашқы нөмірі 1992 ж. 2 наурызда халық депутаттары қалалық кеңесінің органы ретінде жарық көрді. Қазіргі құрылтайшысы—қала әкімдігі. Газет экономикалық және әлеуметтік мәселелер бөлімінен тұрады. 1995 жылы қаңтар айына дейін қазақ және орыс тілдерінде аптасына екі рет шығып тұрды, кейіннен екі тілдегі мақалалар бір газетке топтастырылды, апталық газетке айналды. Таралымы 600 дана.
Талдықорған ақпараттық коммерциялық-техникалық лицейі, бұрын компьютерлік орталық негізінде 1991 жылы құрылды. 2002-2003 оқу жылында лицейдің 14 сыныбында 412 оқушы оқиды. Қазір ол --- 2 мекткп-лицей деп аталады. Мұнда 37 тәжірибелі педагог мамандар дәріс береді. Сабақ екі тілде жүргізіледі. Лицейдің мақсаты—қабілетті балаларды іріктеп алып, облысқа қажетті іскерлік әрі білімді мамандарды даярлау ісіне көмектесу.
Талдықорған балалар көркемсурет мектебі, 1979 жылы құрылған. 300-ден аса оқушы сурет, майлы бояу, мүсін, өнер тарихы, дизаин пәндері бойынша аптасына үш рет дәріс алады.Оқу мерзімі—4 жыл. Мектеп бітіргендерге арнайы куәлік тапсырылады.Талдықорған балалар көркемсурет мектебінің түлектері халықаралық , республикалық, облыстық, қалалық көрмелерге қатысып,жүлделі орындарға ие болды. 1 гран-при, 4 медаль, көптеген мақтау грамоталарымен марапатталған.
Талдықорған балалар өнермектебі, Н.Тілендиев атындағы, жалпы білім беретін арнаулы оқу орны. 1956 жылы құрылған. Бұрын «Талдықорған балалар музымектебі» деп аталатын. Оның фортепьяно , орыс халық аспаптары, шекті аспаптары (1963ж), қазақ ұлттық аспапатары (1967ж), хор (1987ж) бөлімдері бар. Мектепте қазір 600-ден аса бала оқиды. Мектептің филиалы мен дайындық бөлімі жұмыс істейді.
Талдықорған балалар хирургиялық орталығы, Талдықорған қаласында 1992 жылы ұйымдастырылған. Орталық ауруханасы 40 орындық.Ауруханада операция блогы, реанимация бөлімі, рентген, физиология және УЗИ кабинеттері, емдеу лабораториясы бар; жыл бойы тұрақты түрде 2 мыңға жуық бала емделеді, 1,5 мыңға жуық балаларға кеңес беріледі. Жеке меншік кәсіпорын ретінде қайта құрылған орталықта қазір 30 адам жұмыс істейді.
Талдықорған заң колледжі—орта кәсіптік білім беретін оқу орны. 1995 жылдан бастап Талдықорған заң колледжі деп атала бастады. Колледжде оқушылар көп сатылы даярлықтан өтеді. Оқушыларда шағын баспахана-да өздерінің оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерін бастырып шығаруға мүмкіндік беретін құқықтық және әдістемелік ақпараттар орталығы құрылды. Сондай-ақ мұнда кітапхана медициналық кабинет жұмыс істейді. Колледжде кәсіби біліктігі жоғары мамандар дәріс береді. Мұнда «Жастардың заң орталығы» атты қоғамдық бірлестілік ұйымдастырылған. Бірлестік жанында пікірталас клубы, мәдиниет және көркемөнер орталықтары, «Заңгер» баспасөз орталығы, «Фемида» клубы, т.б. жұмыс істейді.
Талдықорған қалалық архиві—құжаттар сақтайтын мекеме. 1944 жылы наурызда құрылды. 1959 жылы

Талдықорған облысының таралуына байланысты ол Алматы облысының мемлекеттік архивінің бөлімшесіне айналды. 1967 жылы желтоқсанда Талдықорған облысының құрылуына байланысты қайта ұйымдастырылды.Онда облыстың барлық мекемелері мен ұйымдарының, кәсіпорындарының 1917 жылдан бергі архивтік құжаттары сақталады. Сонымен бірге архивте революциялық күресі мен Азамат соғысының, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғыс ардагерлері, Кеңес одағының батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері жөнінде құнды деректер бар.Архив қоры бұқаралық-саяси, ғылым-зерттеу, мәдени-ағарту жұмыстарына кеңінен пайдалынады. 1997 жылы 12 қарашасында Алматы облысының мемлекеттік архивінің бөлімшесі әрі қалалық архив болып өзгерді.
Талдықорған қалалық ауруқанасы, 1976 жылы ұйымдастырылған. Жатып емделетін бөлімі—120орындық. Аурухананың хирургия, терапия, кардиологиялық, невролтология және реанимация бөлімдері бар. Сондай-ақ оның емдеу-диагностикалық бөлімінде клиникалық лабораториялық, рентгенология, бактериология, физиотерапия және реабилитация бөлімдері ашылған.Ауруханада 32 дәрігер,
67 орта білімі бар мамандар жұмыс істейді. 2002 жылы ауруханада жаңа диагностикалық орталық ашылды.
Талдықорған қалалық біріккен балалар ауруханасы, балаларға арналған емдеу мекемесі. 1980 жылы ұйымдастырылды. Сырқаттанған балаларды қабылдайтын 2 емханасы бар.Ауруханадағы 5 бөлімде 320 медициналық қызметкер еңбек етеді. Физиокабинет, диагностикалық лабораториялық, рентген кабинеті, дәріхана, орталық тазарту лабораториясы, т.б. бөлімдер жұмыс істейді.
Талдықорған қалалық емханасы, 1977жылы орталық қалалық аурухана құрамындағы бөлімше ретінде ұйымдастырылған. 1987 жыл оның ғимараты іске қосылды. Мұнда науқастарға әртүрлі амбулаториялық-емханалық көмек көрсетілді. Емханада 264 медициналық қызметкер жұмыс істейді.Шөппен емдеу, манальды терапия, биоэнергетика, сауна-бассейн, су-джок және инемен емдеу кеңінен қолданылады.
Талдықорған қалалық қуыршақ театры, 1959жылы І.Жансүгіров атындағы қалалық мәдениет сарайы жанынан құрылды. 1960 жылы оған «халық театры» атағы берілді. Көркемдік жетекшілері К С Кошелев, Н М Романова болды.Оның репертуарынан балаларға арналған шығармалар тұрақты орын алды. Республикалықхалық театрлары байқауынан лауриатты.
Талдықорған қалалық мәдени және демалыс паркі, іргесі 1948 жылы қаланған. Бастапқы кезде «БЛКЖО-ның 30 жылдығы атындағы парк» деп аталды. 1974 жылы парктің аумағы кеңейтіліп, жаңа ғимараттар салынды. Парктің аумағы 10га, оның 7га жеріне әр түрлі ағаш отырғызылған. Паркте жастар үйі, автоматты ойындар павильоны, көркемсурет шеберханасы, мылтық ату тирі, «Достық » мейрамханасы, «Сказка», «Азя» кафелері және бірнеше киоск жұмыс істейді. Парктің кіре берісіне «Солдат даңқы» монументі және мәңгілік алау орнатылған, сондай-ақ Азамат соғысында қаза тапқандарға арналып ескерткіш қойылған. Жаз маусымында паркте балалар мен үлкендер үшін 10арнаулы аттракцион жұмыс істейді. 1998 жылдан паркте демалушыларға «Демеу» ЖШС ұжымы қызмет көрсетеді.
Талдықорған қорғасынды аккумулятор зауыты—аккумулятор, орталық қақпақты моноблоктар, мотоцикл батареяларын өндіретін кәсіпорын. Құрылысы 1970 жылы басталып, 1973 жылы қосымша корпусы қатарға қосылды. 1975 жылы іске қосылып, алғашқы аккумулятор шығарылды. 1977 жылы миллионыншы аккумулятор өндірілді. 1975-1983 жылдары пласмассалық моноблоктар өндірілетін корпус, аспаптық учаске салынып іске қосылды. «КамАЗ» автомобиліне арналған 6СТ-190А батареясын құрастыратын жартылай автоматты құрастыру желісі жұмыс істеді. Зауыт өнімі кезінде Кеңес Одағының барлық түпкірлеріне жөнелтілді, сондай-ақ шетелге экспортқа шығарылды. Зауыт жанында асхана, балабақша және 100 орындық емдеу-сауықтыру орны жұмыс істейді.
Талдықорған құрылыс колледжі, 1995 жылы----- 2жоғары кәсіптік училещенің негізінде құрылған. Осыған дейін мұнда сылақшы-сырлаушы, сылақшы-әрлеуші, электр мен газбен дәнекерлеуші, тас қалаушы-құрастырушы, слесарь-сантехник, автокран жүргізушісі, ағаш шебері мамандары даярланған. Қазір колледжде кең ауқымды құрылыс шебері, үйді әрлеуші-өндеуші, ағаш шебері, электр-газбен дәнекерлеуші мамандықтары бойынша білім береді. 1999 жылы оқу орны Талдықорған политехникалық колледжінің құрамына енгізілді.
Талдықорған жедел жәрдем мекемесі, қалалық жедел және шұғыл жәрдем көрсету стансасы. 1948 жылы аудан емхананың бөлімшесі ретінде ашылды. Бастапқы кезде бөлім меңгерушісі, фельшер, бейірбике,тазалық сақтаушы қызметкерлер болды. Ауруларға өгізбен, кейде жаяу барып қызмет көрсетті, кейінірек екі ат бөлінді. 1953 жылы жедел жәрдем бөлімшесіне бірінші «ПАЗ» маркалы жедел жәрдем машынасы берілді. 1955 жылы қалалық атқару комитетінің шешімімен өз алдына жеке жедел жәрдем мекемесі ретінде құрылды. Қазіргі кезде жедел жәрдем стансасында 8 бригада күндіз-түні жұмыс істейді, олар қажетті құралдармен, дәрәлермен толық қамтылған. 3-5 жыл сайын дәрігерлер арнаулы курстан өтіп, мамандықтарын жетілдіріп отырады.
Талдықор,ан медициналық колледжі—орта кәсіптік білім беретін оқу орны. 1935 жылы құрылған. Алғашқы ұйымдастырушы—дәрігер-хирург М И Жевлаков. 1935-1940 жылдары балабақшалар үшін медбикелер әзірлеу курсы ретінде жұмыс істеді. 1940жылы облыстық медбикелер мектебі ретінде қайта құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдары Харьков және ленинград медициналық интернаттарынан көшіп келген мамандар—профессор Автономов, Богоявлен, Каварин, ғылым кондидаттары—ерлі-зайыпты Язвинскийлер осында қызмет істеді. 1950 жылы 28 маусымда әр салада даярланатын мамандар медициналық училище ретінде ұйымдастырылды. 1972 жылы Текелі, Үштөбе, Панфилов қалаларында училищенің филиалдары ашылды. 1993 жылы ол медициналық колледж болып қайта құрылды.
Талдықорған музыка колледжі, 1979 жылы Талдықорған қаласында музыка училищесі ретінде құрылды. Алғаш 61 оқушы қабылданды. 1980 жылы туғанына 75жыл толуына бойланысты училищеге Қ Байсейітовтың есімі берілді.
1991 жылы училищенің аспаптар оркестрі мен жор 13-республикалық жас орындаушылар бауқауының лауреатыатанды.
Мұнда домбырамен ән салу, ән-күй теориясы бөлімдері бар. 1993 жылы Талдықорған музыка колледжі болып өзгерді. Қазір оқу орнында 70-тен аса оқушы білім алуда. Оларға тәжірибелі педагог мамандар сабақ береді.
Талдықорған политехникалық колледжі, 1962 жылы құрылған.Талықорған индрустриялық-педагогикалық техникум негізінде 1993 жылы ұйымдастырылды. Осы жылы Талдықорған политехника құрамына қаладағы құрылыс колледжі қосылды. Колледжге қазіргі кезде ауыл шаруашылығын механикаландыру, ауыл шаруашылығын автоматтандыру және электендіру, ауылдық мектептер мен кәсіптік-техникалық училищелерінде еңбек және сызу сабақтарын жүргізу, электронды есептеу техникасын жөндеу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету салалары бойынша мамандар даярланады. Колледждің оқу кешені 8га жерді алып жатыр, онда; типтік оқу-лаборатория ғимараты, оқу-өндірістік кешен, қоғамдық-тұрмыстық блок және 2 жатахана, денсаулық пункті, музей т.б. жұмыс істейді.
Талдықорған экономика-технологиялық колледжі—орта кәсіптік білім беретін оқу орны. 1955 жылы Алиаты облысы еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер ауылындағы 1 жылдық ауыл шаруашылық мектебі негізінде құрылған.1997 жылы 8 мамырда Қазақстан Республика Үкіметінің 814-қаулысына сәйкес Талдықорған экономика-технологиялық болып өзгертілді. Малдәрігерлік, экономика, бухгалтерлік есеп, аудит, тері өндіру, сүт және ет өнімдер технологиясы, зоотехнология тб салалар бойынша мамандар даярланады. Колледжде 2оқу ғимараты, 17 кабинет, 26 лаборатория, малдәгерлік клиника, анатомиалық және өлкетану музейлері, 75 орындық емдеу-сауықтыру орталығы, телестудия, мың кітап қоры бар кітапханабар. Қазір колледжде 600-ден аса оқушы дәріс алады, 10оқытушы «Білім беру ісіні ңүздігі» белгісімен марапатталған.
Жаркент қаласы
Жаркент—Панфилов ауданындағы ауыл, Үлкен Шыған ауылдық әкімшілік округінің құрамында.Аудан орталығы—Жаркент қаласынан шығысқа қарай 10км жерде, ши, бұта аралас әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен шалғынды қоңыр топырақты жазықта орналасқан. Тұрғыны1,6 мың адам. Ауылда шаруа қожалықтары мен серіктестіктер жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, тб мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Жаркент—қала 1891 жылы құрылған. Панфилов аударының орталығы 1928 жылдан бері. Облыс орталығы—Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 289км, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 331км жерде, Жетісу Алатауынан бастау алатын Өсек өзенінің сол жағаблауындағы бұта, шілік, тал аралас бетеге, сұлыбас, сарсазан, тб әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен қоңыр, шалғын топырақты жазықта орналасқан. Тұрғыны 33,4 мың адам. Ш Уәлиханов 1856 жылы «Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі» атты еңбңгінде, қазіргі Жаркент өңірінде болған кезін суреттей келеді: «Өсек өзенінің жағасында аялдауға лаж болмады.Шынында да айналасында құм мен тас, тым болса бір шөп болмашы, үй тіккендей таза орынның өзін төңіректі барлап, қанша іздесек те таба алмадық» деп жазған. Шоқан өткен осы жерде 1882 жылы Жаркенттің іргесі қаланған. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру