Табысты болу – адамның бәсекелестік көрінісі
Табысты болу дегенде адамға келешекте өзің қалаған мамандығыңның зейнетін көру деп білемін. Ол бәсекелестік қабілетінің бір көрінісі болып саналады. Деректер арқылы таразылап көрсек, бәсеке –ол заманның сұранысына жауап беретін тауар өнімдері. Ал, мен сияқты болашағымды жазушылықпен байланыстырғым келетін жастар, не жазсақта заман ағымымен үндесіп, халықтың айтатын ойымен дәл келуі, халықтың жүрегінен шығатын тақырыпты таңдап алуымызда. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.»-деп айтпақшы, тақырыпты «Мәңгілік елдің» ұлттық құндылықтарын басқа әлемге атын жайып, ақпарат беру, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын жетік білуге, жаңа дәуір әдебиетін «Ұштұғырлық тілде» таратуға өзімді даярлаудамын. Мемлекеттік тілдің жаһандық жаңару әлемінде қазақ поэзиясымен прозасында болып жатқан ақын- жазушылардың шығармаларын үш тілде тарату, алдыға қойған мақсатым деп айтуға болады. Тіл арқылы осынау қоғамда насихатталуы тиіс, жақсы дәстүрлермен замануи адамшылық істер, кейде талас тудыратын, адами рухани жаңғыртатын көкейкесті мәселелерді ұсыну, адамның асыл мұраты екенін ұғындыруға тырысудамын. Мен, өзім тұратын Ақтөбе өлкесінің жаңалықтарын бүкіләлемге паш етуді, қарапайым еңбек адамдарын әңгімелеріме қосып, қазақ елінің қайсарлығын, бірбеткейлігін, намысқойлығын, ержүректілігін өз әңгімелеріме арқау етпекпін. Біздің батыста орналасқан облысымызда химиялық элементтер көп, бай жер. Мұнай өнімдерін, хром рудасын, мыс концентраты, алтын кендерін шығаратын екіжүзге жуық кәсіпорындарда әлеуметтік –экономикалық көрсеткіштерін арттыруда, өңір халқы үлкен үлес қосуда. ....
Эсселер