Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина карантин кезінде шығармашылықпен айналыспаған, тек отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл бөлген. Өнер иесі карантин біткен соң да күйбең тіршілікке бірден орала салмаймыз деген ойда. Сонымен қатар кейінгі кезде өнер адамдарының төңірегіндегі дау мен бала тәрбиесі, онлайн концерт жайлы ойын Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат барысында айтып берді.
Карантинде отбасына көңіл бөлді
"Карантин кезінде шығармашылықпен айналыстым деп айта алмаймын, ешқандай жаңа әнге тапсырыс берген жоқпын. Әр нәрсе көңіл-күйге байланысты. Карантиндегі уақытым балаларыма, отбасыма арналды. Бірнеше ай 24 сағат бала-шағамен отыру – көп дүние жайлы ойлануға берілген мүмкіндік. Бұрын-соңды байқамаған олқылықтарды көріп, орнын толтырдық", - деп бастады әнші әңгімесін.
I Қараңдаршы, жаңа тарих бетіне, Қараңдаршы, келбетіне заманның! Қараңдаршы, жер, суына елімнің, Қараңдаршы, тарихына адамның! Барлық жайда, барлық істе өзіңмен Бірге алдыңнан көрінеді ізгі дос! Ыстық дүние сәулесінде көзіңнен Кетпейді ол. Онсыз сенде өмір бос. Тарихының қайсы бетін ашсаң да, Оның ісі шыға келер біріндеп... Өмірінің қай торабын жазсаң да, Ол тұрады қарсы алдыңда күлімдеп Өткен жылдар... алдыңдағы кезеңдер... Сол досыңның шұғыласына малынған......