Әдебиет | Махамбет Өтемісұлы әйгілі ақын

Өтемісұлы Махамбет-қазақтың әйгілі ақыны, күйші-композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Туып өскен жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай деп аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданына қарайтын жер. Шежіре дерегі бойынша 12 ата Байұлының бір бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректерде Құлиәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылайдан- 3 ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен 17 немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Махамбет Өтемісұлы

Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.
Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге келді.
Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қажымұқан Мұңайтпасұлы Күш атасы Қажымұқан

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

Өмірі

Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның 1883 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған. Былай басталатын өлең жолдары оның сал-серілігінен де хабардар етеді:

Атандым Мұқан палуан, бала жастан.
Ішінде күштілердің болдым астам.
Талай-талай жерлердің дәмін татып,
Өтті дәурен осылай біздің бастан

Сонда сол циркте жеңген палуан, ең соңында жеңген палуан мен Қажымұқан күреске түседі. Оны жыға алмайды, дегенменен халық арасына танылады. Злобин деген цирктің қожасына ұнайды да, бұл жаңағы барлық зерттеулерде жазады ол «Ваня ағай» деген атақты алғашқы кәсіби Санкт-Петербордағы мектепті ашқан атақты Лебедевке хат жазып жібереді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының еркіндік жолындағы күресі негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру

Тәуелсіздікке қол жеткен 20 жылдықта бүгінгі қоғамымыздың қай саласын алсақ та терең өзгерістер болып жатқаны белгілі. Ол заңды. Себебі тәуелсіздікке қол жеткізген әрбір халық, алдымен өзінің өткен жолын саралап, одан тәлім - тәрбие, сабақ алуға ұмтылып, болашаққа көз тігеді. Осы міндеттер «кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз» деген сұраққа жауап күткендей. Әрине бұл сұрақтар кімді болса да толғандырары сөзсіз. Сондай тақырыптың бірі – Исатай - Махамбет бастаған еркіндік жолындағы күрестің жастарға берер тәрбиесі. Махамбет пен Исатай еркіндік, бостандық жолындағы күрескер бола білді. Исатай көптің басын қосып, бүтін елді соңынан ерітсе, Махамбет жақсы үгітші, қостаушы болды. Бұл көтеріліс туралы ғалымдар біраз деңгейде зерттегені белгілі. Бірақ, оқиға неғұрлым алыстаған сайын, Тәуелсіз Қазақстан үшін көтеріліс сабақтары мен ерлік істері айқын көріне бастады. Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығы мен Исатай батырдың 220 жылдығына байланысты бұл көтерілістің тарихи маңызы мен Исатай батыр туралы ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу, тәуелсіз Қазақстанның жеткіншектеріне үлгі ету – уақыт талабы. Осыған орай бұл көтеріліс туралы ғылыми жоба өзекті мәселе болып туындайды......
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Сұлының тәжтәріздес тат ауруына қарсы төзімділік генетикасы

Сұлы дәнді дақылдардың бірінші тобына жатады. Ол бидай, арпа және қара бидай сияқты дақылдармен қатар аса маңызды болып табылады. Әлемдегі ауылшаруашылық мәдени өсімдіктердің егістік көлемінің (980 млн. га) 75% осы өсімдіктердің үлесінде. Өткен ғасырдың аяғындағы статистикалық деректерге жүгінсек, бұл дақылдар әлемде 725 млн.га , ал кеңес одағы елдерінде 138,8 млн.га жерге себілген. Сұлы, егістік көлемі жағынан, бұл өсімдіктердің ішінде төртінші орын алады. Құндылығы жағынан басқа дәнді дақылдардан бағалы. Сұлының құрамында валин, лизин және триптофан сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары көп мөлшерде болады. Бұл қасиеттері сұлыны құнды диеталық тағам ретінде пайдалануға негіз болды. Қабықсыз дәнді сұлы диеталық күлше және, өзімізге белгілі, «Геркулес» ботқасын жасауға пайдаланылады. Сұлыдан ас қазанды емдейтін кілегейлі сусын даярлайды.
Мал шаруашылығында сұлының дәні өте пайдалы азық.. Сұлы дәні мал азығының құндылығының халықаралық өлшем бірлігі болып саналады. Басқа дақылдардың дәндерімен араластырылған сұлы жас төлдердің ағзасының тез және мықты болып қалыптасуына жағдай жасайды. Сұлы қосылған концентрлі азық құс шаруашылығында кеңінен қолданылады. Сұлының сабаны басқа дақылдардың сабанына қарағанда қоректік заттарға бай және малға жағымды болады. Сонымен қатар, оның ылғал сіңіргіштік қасиетіде жоғары болғандықтан ірі қара және шошқа шаруашылығында төсеніш ретінде пайдаланылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Есей Жеңісұлы | Аяулы

Танысу бұрышынан «Алматы» деген сілтемені тауып алды. «Я — парень», «Я ищу девушку», «В возрасте — от 18 до...»

— Өзіммен жастыларға дейін іздейін, үлкендерді қайтемін? — деп тез ойланды да, «до __» деген түйменің тұсына 22 санын енгізе қойды.

«Цель знакомства»... «Для серьезных отношений».

Енді «іздеу» деген нүктені басса болғаны. Жоқ-жоқ, суреттерімен қоса іздеген дұрыс.

Көз алдына самсап шыға келді. Түу, не деген көп! Жымиып қойды Жұмат.

Жұмыс арасындағы осындай бір жан шақырған сәттерде Жұматтың ғаламтор ақтаратын әдеті. Басқа-басқа, Жұмекең сияқты жұмбақ жандарға бұл әлемдік желі рақат болды. Монитор алдында өзінің бұйығы, сабырлы мінезінен түгел көз жазып, батыр, сөйлеуік, айтқыш болып кетеді. Әсіресе, осы танысу бұрышы керемет! Қыз бетіне өздігінен қарай алмайтындар үшін таптырмайтын ермек. Бірақ Жұмат бұған ермек деп қараған емес. Жүрегінің түбінде бір үміт жатыр — танысу бұрыштарынан... өзіне жар тауып алғысы келеді. Сондықтан да осы сайтта — Жұмат айтқыш, Жұмат аңқылдақ.

Бірақ жұрттың бәрі өзіндей ақтарылмайтынын өткен жолы ұғыңқырап қалған. Шашы карэ үлгісінде қиылған әдемі қыздың суреті бірден көз тартты. Жасы жиырма бірде екен. Жұматтың қазақша жазған хатына да тез жауап қатты. Ал бұл желіде қазақша сөйлесетіндер сирек. Сонысымен-ақ жақын тарта түсті сұлу қыз. Аты Жанат екен. Екеуі бір күн бойы жақсы сөйлесті. Бір қараса, Жұмат өзі жайлы барлығын айтып тастапты. Өзінің жалғыз ұл екенін, анасы мен әкесінің ауылда екенін, бұған көп үміт артатынын, солардың сенімін ақтауға тырысатынын... әй, қойшы, шертпеген сыры жоқ. .....
Әңгімелер
Толық

Есей Жеңісұлы | Ғұмыр

Бір-екі сағат бос уақытым бола қалғасын, ҚазМУ қалашығындағы Көктем өзенінің жағасына келдім. Көктем күні. Айнала тып-тыныш. Қалта телефонымдағы әдемі әуендерді тыңдап, әрі-бері өткен адамдарға қарап, бір рахат күй кешіп отырмын. Шынында да, «жұмыс-жұмыс» деп жүріп, өз атымызды ұмытып қалармыз бір күні...

Әне, өзеннің екі қапталын жағалай қыз бен жігіт жүгіріп барады. Жігіттің қимылы қызық: бір орында орғып тұрған сияқты көрінеді, жұдырықтары да түйілмеген. Қыз шаршайтын емес, жарты сағатта көз алдымнан екі-үш рет өтіп үлгерді.

Түу, мына шыбындар маза бермеді-ау... Ұсақ-ұсақ құмытылар кәстөміме қонып алып, қанаттарын сулай ма-ау, құмырсқалар балағымнан кіріп, аяғымды жыбырлата ма-ау, берекем қаша бастады. Әсіресе, жап-жасыл, кіп-кішкентай, кенеге ұқсас мына бір жәндіктің күштісі-ай! Үп етіп үрлей салғанымды елеген де жоқ. Сәл күшейте үрледім. Көзге көрінер-көрінбес аяқтарымен тұрған жеріне жабыса қалды. Енді бар күшіммен үрледім, мыңқ етер емес. Құдайдың құдіреті-ай, сонша күшті қайдан алып тұр екен?! Қолыммен қағып жібермек болғанымда, жабысып тұрған кене бөлшек-бөлшек болып шашылды да қалды. Орайсыз қимылдағаныма кәдімгідей налыдым. Тіршілік иесі тірі жүре беруі керек еді...

Сөйтсем, ондайлардың мың-миллионы жүр екен, қап-қара кәстөмімде жап-жасыл болып, анық көріне бастады. .....
Әңгімелер
Толық

Есей Жеңісұлы | Айсәуле


Жеңгесі өзінен төрт жас кіші. Бірақ «жасым кіші» деп жүрген ол жоқ, таңертеңнен құлақ етін жеп, шегелеп тұрып айтқан. «Бүгін Зейнеппен жолықтырамын, ешқайда қашып кетпе. Кешкісін Әскердің үйі босайды. Бала-шағасымен Көлбұлаққа кетеді екен. Қызды сонда әкелеміз. Қиқаң-сиқаңды қой. Бүгін не бүк, не шік болып шық» деп салмақ сала сөйлеп, дік-дік басып шығып кеткен. Жеңгесінің аты — Әсел, осы ауылдың қызы. Мұның екінші атадан қосылатын ағасы Мінуарға тұрмысқа шыққанына он екінші жыл. Жасы отызға осы көктемде ғана толса да, Әсел ажары тозып-ақ қалған. Тозбай қайтсін, бірі етегіне, бірі жетегіне жармасқан төрт баланы бағып-асырау оңай болып па?

Мінуар ағасы Әселге үйленгенде Ғұмыр әскерден жаңа келіп еді. Өзінен төрт сынып төмен оқыған қыздың келбетін әуелде көз алдына келтіре алмай-ақ қойған. Дегенмен екеуі жеңге-қайны болып тез табысты. Ғұмыр Әселдің ашықтығын, ақкөңілділігін жақсы көреді. Ашуының зілі жоқ, дүңк еткізіп айта салады да, артынан өзінің не айтқанын ұмытып қалады. Қазір есіне түсірсе, Әсел келін болған он екі жыл ішінде ол тек Ғұмырға қалыңдық іздеумен күн өткізген сияқты.

Ғұмыр — бір үйдің жалғыз ұлы. Жасы биыл отыз төртке шықты. Әлі бойдақ. Әсел жеңгесі мұның бойдақтығын жасықтығынан, жуастығынан көреді. Ғұмыр шынында да тым жуас. Момын. Үндемес. Төрт әпкесі де күйеуге тиіп кеткен соң қарт ата-анасына қарап үйде қалған. Оқыған жоқ. Өзінің талабы да болмады. Білетіні — жазда қолына ұстайтын шалғысы, қыста — айыры......
Әңгімелер
Толық

Есей Жеңісұлы | Жесірлер

1. «Сағындың ба?»

Мамырдың мамыражай бір күні еді. Мал төлдеп бітіп, шаруа адамының қолы қалт босаған шақ. Сөйтсе де, ауылдың ұсақ-түйек шаруасы біте қойсын ба, істеймін десең екі қолға бір жұмыс табылады. Гүлсім де үйде жалғыз отырудан зерігіп, қора жаққа беттеді. Бадаға кеткен сиырлардың астын тазарту керек. Бұл өлкеге нағыз көктем мамырды орталап келетін әдеті. Сонда ғана Жер-Ана бусанып алып, бауырын тіле еккен көкке нәр беріп, еркін тыныстап жатқаны.

Ұлының күпәйкесін кие салып еді, сәлден кейін ыстықтай бастады. Басындағы орамалы көзіне қайта-қайта түсе беріп шаршатты. Гүлсім күпәйкені шешуге асықпады. Көктемгі желемік желмен ойнауға болмайды, ертең бүйірден ұстап қалса, бәле сонда басталар. Орамалының сулығы самалмен тербеліп, қытығын келтірген соң, Гүлсім оң жақ езуімен тістеп алды. Епсекті қолы күректі әрі-бері тез аударыстырып, ретті қимылдайды. Бір мұңды әуен тілінің ұшына келе берген. Сәлден соң Гүлсім өзінің жайлап сол әуенді ыңылдап жүргенін аңғарды.

Қыздарының бәрі тұрмысқа шыққан. Бұл күнде әрқайсысы бір-бір үй. Бірден-екіден жиен де сүйгізіп отыр. Бәрі алыста. Анда-санда ғана артынып-тартынып келіп, апталап жатып кетеді. Ондайда Гүлсімнен сергек, Гүлсімнен самдағай адам жоқ. Бұрынғысынша, Темірбегі тірі күніндегідей, жайнаң қағып жасарып кетеді. Жиендерінің бірін жетелеп, көршілерге кіріп-шығуы да жиілейді. Қалың ойдан еңсе жазып, қабағына сәуле ұялайтыны да осы кез. Амал не, қыздары кеткесін құлазып-ақ қалады. Кеудесінен ел көшкендей, боп-бос. Ал жалғыз ұлдың санасына ештеңе кіріп-шықпайтын сияқты. Ертелі-кеш бағатыны — қора маңы. Одан қалса кешкілік добын құшақтап, мектепте волейбол ойнауға тартып бара жатады. Анда-санда дастарқан басында отырғанда әкесі туралы сөз бастаса, ұлы ілесіп те жарытпайды. Үнсіз тыңдайды да, басын салбыратып отырып-отырып тұрып кетеді. Бірақ Гүлсім ұлының бұл қылығына ренжіген емес. Оның да соңғы кездері жиі ойланатынын байқап қалып жүр. Сырттай оқуға түскелі өзі кітап оқығыш болып алды. Сессия басталуына әлі жарты ай уақыт бар болса да, «киінемін», «әпкелерімнің үйінде жатып ағарамын» деп сылтау айтып, Алматыға алып-ұшып жөнелген. Анасының жалғыз қала беретініне әбден еті өліп кеткендей......
Әңгімелер
Толық

Есей Жеңісұлы | Бақытты ит


Биік-биік дуалдан арғы жағындағы әсем коттедждері әрең көрінетін көшемен өрлеп келемін. Мына керемет үйлер біз тұратын ықшамауданмен көршілес екеніне көңілім сенбейді. Өз үйімді қатты қорашсынып қалғаным рас еді. Мұндағы үйлердің сәулеті бірінен-бірі асады. Сыртынан көріп жүрсем де, бұл сарайларда қандай өмір қайнап жатқанына қызықпаған екенмін.

«Еменді» ықшамауданындағы бесінші нөмірлі үйді іздеп келемін. Бұл ауданның көшелерінде атау жоқ. Біріне-бірі иін тірестіре салынған, қос дуалдың ортасынан екі жеңіл көлік сығылысып әрең өтетін көшелерге елдік тұлғалардың аты берілмегені де жөн шығар. Мына жерге қор болады ғой. Болашақ «қызмет орнымды» іздеп жүріп, осылай «кең ойланып» келе жатқан жайым бар.

Ертеңнен бастап №5 үйге күзетші болмақпын. Бұған дейін тышқан мұрнын қанатып, жұмыс істеп көрмеген ерке едім. Әкем мен анамның зейнетақысын жырымдап, оқуыма төлеп жатқаны ойландырды. Күндердің күні тәртіп сақшысы болып істейтін ағама: «Жұмыс тауып бер», — деп міндетси қалдым. Оқуыма өзім тапқан ақшаны төлегім келетінін айттым. Үшінші курс болғанымды, енді ата-анама салмақ сала беруім дұрыс еместігін термелеп жатырмын. Ағам менің кенет күрт өзгергеніме сенер-сенбесін білмей, бет-жүзіме сығырая, зор күдікпен қарап алды да:

— Табамыз. Шынымен жұмыс істегің келсе... — деп қысқа қайырды.

Тапқаны — күзетшілік. Жұма күні қолыма өзінің сәл ғана ескірген жұмыс формасын, әлдебір куәлікті ұстатты. «Осы көшемен тік жүріп, бағдаршамнан солға бұрылсаң, қызыл шатырлы үлкен үй көрінеді. Соның қатарымен жоғары өрлей бер. Алдыңдағы екінші бұрылыстан №5 үйге тірелесің. Сонда Марат және Тамыр деген жігіттер бар. Соларға менен келгеніңді айт. Олар сені бастығыңмен таныстырады» деген ақылын қоса айтты. Және өзімнің студент екенім туралы тіс жармауым керек. Ішкі істер қызметкерімін, болды. .....
Әңгімелер
Толық