25 Мамыр - Соңғы қоңырау (11 сынып | Құлақтын үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау)

«Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау



1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
1-жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!

2-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан)

Сценарий Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Сценарий Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сценарий Дамытушылығы:
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні (Ерлер - жердің қорғаны, елдің тұтқасы)

Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыңа!
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің құрметтеріңізге арналған мерекелік дастархан....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

9 мамыр - Жеңіс күні (Бауыржан Момышұлы)

Мақсаты: Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету.
Кештің құрал-жабдықтары: Бауыржан өмірі жайлы слайд, банер, Батыр туралы кітаптар көрмесі.

Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік.

Сахнаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

4 Маусым - Рәміздер күні (Бастауыш | «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»)

Мекен жайы: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,
Мектеп аты: №26 мектеп - гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі: Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы



Тәрбие сағаттың тақырыбы: "Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш"
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
1.Оқушыларды отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, олимпиада жүлдегерлерін құрмет көрсетіп, мақтаныш етуге тәрбиелеу.
2.Оқушыларға Қазақстан Республикасының бас қаласы-Астана, жалпы рәміздер туралы мағлұматтар беру.
3.Астана қаласы, мемлекеттік рәміздер,олимпиада туралы баяндау арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін, танымдық қабілеттерін дамыту, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тәрбие сағаттар
Толық

30 тамыз - Конституция күні (Құқық | Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?)

Тәрбие сағат тақырыбы: «Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?»
Тәрбие сағат мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету.
Тәрбие сағат міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Тәрбие сағаттар
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Ана)

Мұғалім сөзі:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Кел, Жаңа жыл ортаға!

Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады.
1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Балабақша | Жомарт күз (Күзгі бал кеші)

Тақырыбы: Жомарт Күз (Күзгі бал кеші)
Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.
Балалардың қолдарында жапырақтар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық