8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Ана)
Мұғалім сөзі:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!
1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға береміз.
Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім.
Алдарыңызға әнші қыздарыңыз Пернебай Сәнияның орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
1-оқушы: Бақыт
2-оқушы: Гүлмарал
3-оқушы: Ақниет
1-жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән: «Анаға сәлем» орындайтын Майлыбай Ақниет.
2-жүргізуші:
Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
4-оқушы: Сәния
5-оқушы: Айнұр
6-оқушы: Орынкүл
1-жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. (5-сынып)
1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
1-жүргізуші: Хадис: Мұхаммед айтқан:
«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Пернебай Анардың орындауында «Анамызға мың алғыс» әні.
Көрініс: «Ана мен бала »
1-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып Сайымбай Үміттің орындауындағы «Абзал ана» әнін қабыл алыңыздар.
Бүгінгі мерекелік құттықтау сөзді мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Жоланов Батырхан ағайға береміз.
Монолог оқу. Аманбай Өтебаев «Тірлік дәнін сепкендер». Аманбай Өтебаев «Ана даусы».
1-жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолында,- деп кезекті 9-сыныптың байсалды да байыпты ұлдары өз өнерлерін көрсетеді.
2-жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Аятбек Айдананың орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.
7-оқушы:Аружан
8-оқушы: Айбол
9-оқушы: Нұржігіт
1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз. (9-сынып)
2-жүргізуші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздің ана туралы әсем әнін тыңдаңыздар.
«Ана» Малтабар Айзат.
10-оқушы:Наурызбай
11-оқушы: Қ аракөз
1-жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызға «Ана» атты әнімен Пернебай Ханым.
Алдарыңызда әнші қыздарыңыз Пернебай Сәнияның орындауындағы „Анашым„ атты әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Анады да, мені де әлпештеген,
Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.
Ниетің қабыл болсын, аналарым,
Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді тәрбие ісі меңгерушісі Шораева Нәзігай апайға береміз.
1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақша сценарий: 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні (ана), қазақша сценарий, 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні (ана), қазақша сценарий: 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні, (ана) казакша сценарий 8 наурыз март на казахском языке, қазақша сценарий: 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні, 8 наурыз сценарий қазақша, 8 наурыз мерекесіне сценарий қазақша, 8 наурыз аналар мерекесіне сценарий, 8 наурыз аналар мерекесіне сценарий, 8 наурыз аналар мерекесіне арналған сценарий, сценарий праздника 8 марта на казахском языке, сценарий на казахском языке на 8 марта