Сатиралық ертегі: Шайтандардың Алдарға кез келуі. Шайтанмен соғысу

Алдар жерошаққа аунап, ұйықтап қалған екен, бір уақытта оянып, көзін ашса:
Елбектейді ақырын,
Елестейді ақырын
Дәл өзінің үстінде
Дәл көргендей түсінде…
Бірдеңелердің жүргенін сезеді. «Шайтан дегендерің осы екен» деп, көзін қайта жұма қояды.
Түлен түртпек түленбек,
Біздің қазақ тілінде.
Бәле үстіне бәле өнбек
Бір бәлеге ілінбе.
Ескілердің айтуынша, Түлен, Құлан дейтін екі шайтан бар.
Осы шайтандар Ебілістен бата алып, әдейі қазақты алдауға шығыпты.
«Түлен түртті» дегендегі Түлен осы Түлен болса керек.
Секектесіп желісіп,
Қап тауынан қадаңдап.
Түрлеріне келісіп,
Жетіп кепті жалаңдап.......
Ертегілер
Толық

Қарағандылықтар да Отан үшін шайқасты

Орталық Қазақстанда Қызыл Тулы 72 - гвардиялық Красноград атқыштар дивизиясы, 387 - Перекоп атқыштар дивизиясы жəне Ленин орденді 310 - Новгород Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы жасақталды.
Ғылыми жобалар
Толық

9 мамыр: Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Осы айтулы күндер – қазақстандықтардың барлық буынын біріктіретін, шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрамдар.

Жеңіс күні – тарихи естеліктер жаңғырып, болашақ ұрпаққа бейбіт күннің қадір-қасиетін өсиет ретінде жеткізетін күн. Бұл мейрам еліміздің ертеңі үшін жанын пида еткен қаһарман....

Құттықтау, тілектер
Толық

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс

Біз соғысты көрген жоқпыз... Алайда тарих қойнауына кеткен сол зұламат жылдар жайлы ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып, жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет еткен, Отан алдындағы борышын адал өткерген майдангерлеріміздің, тыл ардагерлерінің естеліктерінен қанықпыз.

Анасы бауыр еті баласынан, отбасы тірегі мен сүйеніші болған азаматынан айрылған, жас аруды жесір, жас баланы жетім етіп, даланы қанға бөктірген соғыс - Фашистік Германияның, оның басында тұрған Гитлершілердің қанқұйлы әрекетінің жемісі екеніне тарихтан қанықпыз. Жер жаһанды жалмап, "тұлымдыны құл етсем, бұрымдыны күң етсем" деген дұшпанның басты мақсаты орындалмады. Елі үшін аянып қалуды ерлігіне сын, жұрты үшін аянуды жігіттігіне сын деп ұғынар ерлер барда қай дұшпанның болмасын пиғылы орындалмақ та емес еді.

Тумысынан ерлік білекте емес, жүректе екенін ұғынып өскен қазағымның ұл-қыздары да Отан қорғау жолында жан алып, жан берісті. Ықылым заманнан бері ата-бабасының үкілі найзасының ұшымен, жүректен шыққан ерлік ісімен аман сақтап келген туған жерін жау табанына таптатуға олардың намысы жібермеді.Тағдырдың өзі Ұлы Отан соғысының қаһармандарын біздің елімізде туғызып,олардың атағын өзімізде ғана емес, өзге елдерге де шығарғаны - ерлік қазақтың қанына сіңген асыл қасиет екенінің тағы бір дәлелі.Ерлік пен елдікті жырлаған батырлық дастандарды естіп өскен аға буын қазақтың қасиетті ұғымы намысты ту етіп, жауға қарсы тайсалмай ұрыс салды......
Шығармалар
Толық

«Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? 2- сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам
Сабақ тақырыбы: «Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? 2- сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.2 - У.Тайлер, Г. Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын анықтау;
6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату
Сабақ мақсаттары: Ортағасырлық еуропалық қоғамға «Қара індеттің» тигізген әсерін, Англиямен Франциядағы шаруалар көтерілісінің себептері мен салдарларын анықтау.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық