Философия | Қазақтың ежелгі наным сенімдері

КІРІСПЕ
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол көне замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін - рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады. Солардың бірі - діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным - сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы кауымдық синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология трансформацияланып, сана мен рухани мәдениет салалары бөлініп, жеке жетіле бастады; көркемөнер, дін, адамшылық нормалары орнықты; дін пайда болып, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның құрамында және сонымен ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді. Міне, осы тезиске сүйене отырып, ғылым дүниетанымның және табиғат пен әлеуметтік дүниені танудың тарихи қалыптасқан алғашқы нысаны мифология болды деген біржақты түжырымға келеді.
Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар „прамонотеизм” және адамзат тарихындағы „дінге дейінгі кезең” теориялары. „Прамонотеизм” концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға сенген, көпқұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді.
Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің „Түрлердің шығуы” теориясы, 1859); әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін – адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы); анимистік теория (теорияның негізін салушы Э.Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас.
Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар – ежелгі діндердің тарихи болмысындағы нанымдар және көптәңірлі (политеистік) діндер.
Политеизм дегеніміз бірден көп тәңірлерге сенім. Көптіңірлі діндерде тәңірлердің саны көбінесе бірнеше жүз тәңірмен шектеледі. Алайда, дәстүрлі үнді дінінде жүз миллиондаған тәңірдің болуы әбден мүмкін. Рухани ғылымдар бойынша дүние жүзінде Иудаизм, Христиандық және Исламнан басқа діндердің барлығы да политеистік болып есептеледі. Аталмыш үш дін монотеистік (біртәңірлі) діндер бобына жатады. Көптәңірлі сенімдердің атынан да көрініп тұрғандай тәңір ұғымдары да әр түрлі. Мысалы, үнді дінінде көптеген тәңірлерге қоса олардың бәрінен де жоғары, бәрін жаратушы бас тәңір туралы түсінік бар. Олар сонымен қатар әрбір тәңірді осы бас тәңірдің бір қыры деп ойлайды. Көптәңірлі буддизмде болса тәңірлер құтқарушы Буддамен салыстырғанда онша маңызды емес болып көрінеді. Қадими (ежелгі) гректердің көптіңірлілігі Зевстің ең мықта тәңір деп таниды. Гректердің тәңірлері жақсылықтарынан гөрі ақыл – еске симайтын жамандықтармен ерекшеленеді, олар ашулы, қаһарлы, кекшіл, шамкөс, ызақор тәңірлер. Көптәңірлі діндерде тәңірлерге мол мөлшердегі тәңірсымақтар, тәңіршіктер, аруақтар, перілер, жауыз рухтар туралы сенімдер қоса наным – сенімдермен күрделі байланыстарға кіретіні де белгілі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Міржақып Дулатов шығармашылығындағы әлеуметтік философиялық дүниетанымы

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз егеменді Қазақстан мемлекеті болғанға дейін халқымыздың философиялық мұралары мен мәдени-тарихи қазыналарымыз, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнді-жосықсыз төмендетіліп және осыған бағытталған саясат үстем болып келді. Халқымыздың төл мұралары әлі күнге дейін тиісті дәрежесінде жете зерттелінген жоқ. Оған себеп социалистік реализмнің, таптық қағидалардың рамкалы аясынан шығып кеткен дүниетаным атаулыға төмендетіп қарайтын сыңаржақ астамшылық (шовинизм). Бұрмалау мен белгілі қалыптан шығуды шектеген идеология барлық салалардың зерттеліну дәрежесіне, оның ішінде әсіресе философиялық зерттеу жұмыстары объективті деңгейге жете алмай, тығырыққа тірелген еді.
Қай кезеңдегі болмасын қазақ философиясының ауқымы, сондай-ақ Шоқан, Ыбырай, Абай сынды ойшылдардың дүниетанымдық мұралары таптық қоғамның тар қалыбына салынып зерттелінді. Олардың дүниетанымы туралы жаңсақ, сыңаржақ пікірлер мен көзқарастар қоғамдық санада берік орнығып, белес алды, бірін материалист, екіншісін атеист деп, олардың ғылыми еңбектерінің сол дәуірдегі идеологияға сай тұстарын көтермелеп келсек, екіншілерін діни идеализмнің шырмауынан шыға алмады деп сынауға бой алдырдық. Рухани өмірдің барлық себеп - салдарын материалдық болмыстан іздеп, сана болмысының өзіндік ерекшеліктерін, даму қисынын жеткілікті дәрежеде ескере бермедік. Осының бәрі аталмыш ойшыл еңбектерінің обьективті сипатын, гуманистік - прогрессивті мәнін толық ашуға мүмкіндік бермеді. Бұл "бостандықты, еркіндікті сүйетін, кең даласы сияқты кеңпейілділігі бар халықтың соған сай философиясы бар халықтың дүниетанымы, ой-пікірлері болу заңдылығына" қарсы жасалынған қиянат еді (3.220). Ал ғасыр басындағы ойшылдардың еңбектері мен шығармалары жеке басқа табыну кезеңінің "құрбанына" айналды. Жарты ғасырдан артық уақыт елінің көзінен таса жатып тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен табылып жатыр. Тәуелсіздікке жетіп, өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан уақытымызда кешегімізді зерттеу жұмыстары үшін қолайлы жағдайлар туып отыр. Осыған дейін қазақ зиялыларының, соның ішінде М. Дулатовтың еңбектері негізінен тіл, әдебиет және тарих ғылымдары тарапынан зерттеліп келді. Тілшілер мен әдебиетшілер оның шығармаларының жанрлық, стильдік, тақырыптық қырларына тоқталса, тарихшылар олардың қоғамдық қайраткер ретіндегі қызметіне, саяси -әлеуметтік көзқарастарын зерттеуге басты назар аударды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Тоталитаризмнің табиғаты мен философиясы

КІРІСПЕ
Адамзат пайда болып, оның өзіндік сана- сезімі оянғалы бері өмір бойы қойылып келе жатқан жалғыз проблема бар. Ол – адамның өзі. Қалған мәселелердің барлығы осы проблемадан туынды. Адамдар өздерінің қоғамдық табиғатына сай бірлесіп өмір сүрді, өмір сүріп жатыр және өмір сүре береді. Алайда, оның екінші табиғаты бар. Ол – оның индивидуалдылық табиғаты. Белгілі бір дәрежеде, тарихи тұтас көзқараспен алғанда адамдар өмірі осы екі табиғаттың бір- бірімен күресі деп айтсақ жаңылмаймыз. Бір де біреуі басым түссе, бірде екіншісі басым түседі.
Қоғам болып өмір сүрген соң олардың әрқайсысының жеке табиғаттарына сай қоғамда іркіліс, жанжал болмай тұрмайды. Кейде осындай қоғамдық дағдарыстардың бірі адамдардың шектен тыс еркіндікке ұмтылуы арқасында, қоғамда қатаң тәртіп орнатуға алып келеді. Ал өз кезегінде тарихта мұндай қатаң тәртіптер қоғам мүшелерінің түгелдей бақылауға алынуына, олардың жеке еркіндіктерінің тарылуына жиі алып келді. Мұндай кезде қоғамда адамның жеке тұстарына қарамайтын, жалпы билік орнайды, яғни, қазіргі тілмен сөйлегенде , тоталитарлық тәртіп орнайды. Мұндай қоғамдар бұрын да өмір сүрген, қазір де өмір сүріп жатыр. Бұлай деп айтуымның себебі, олар әр дәуірде әртүрлі формада, тіпті бір дәуірдің ішінде әртүрлі формада қатар өмір сүруі.
Кеңестік қоғам ыдырағалы бері, біз өзімізді тоталитарлық тәртіптен азат болдық деп еркін сезінгендей болғанбыз. Дегенмен, мұның бәрі осылай деп айтуға болмайды. Тоталитаризмнің адамға табыну түрінен біршама азат болғанымызбен, енді товарлы тоталитаризмге көшкен сыңайымыз бар. Біз кімбіз? Қайдан келеміз? Қайда барамыз?
Ендеше, бұл еңбек тоталитаризмді, оның түрлерін зерттеуге арналады.
Зерттеу жұмысын объектісі: тоталитаризм құбылысы.
Зерттеу пәні: тоталитаризмнің философиялық алғы шартта қалыптасуы.
Жұмыстың мақсаты: тоталитаристік қоғамның рухани күйін ашып көрсету.
1. Берілген мақсатқа жетуде келесі міндеттер қаралды: филисофиялық әдебиеттер бойынша теориялық анализ жасау.
2. Тоталитаристік қоғамның басқа қоғамдардан ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: қоғамның өз өткенін түгендеп, қазіргі тұрған орнын анықтап, келешекке жол татуы, бағдар алуы, өз өзіне ой толғауынсыз мүмкін емес. Мұндайда қоғамда дұрыс ой - пікір қалыптастыра алу керек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Бахаи сенiмi

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстанда бахай сенiмi аз зертелген. Бұл тақырыпты Трафимов, Артемьев, Ғ Есiм Соңғы уақыттарда елімізде адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдеп жатқаны байқалуда. Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әртүрлі діни идеялар толтыруға тырысып бағуда. Нәтижесіз де емес. Бұл діни идеялардың Қазақстан халықтарының рухани сезімдерімен үйлесетіндері де, үйлеспейтіндері де бар. Сондықтан да дін дегеннің не екенін танып білу әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік.
Жүргізілген зерттеулердің көрсеткіші бойынша бүкіл республика территориясында 46 конфессия мен деноминациядан өкілдік танытатын 2192 діни бірлестік әрекет етеді.Соңғы деректер бұл көрсеткішті 2504 ке жеткізіп отыр /1/. Бұл біздің елімізде діндердің түрінің өте көп екендігін дәлелдейді.Қазақстан секілді жас, әрі халық саны да аз мемлекет үшін бұл көрсеткіш қауіпті сияқты. Сонымен қатар осы саны көп діни ошақтардың сапасы қандай екенін, олар қандай идеяларды насихаттайтынын және олардың идеяларын қабылдаушылар кімдер екені көбінесе назардан тыс қалуда. Радио, теледидар және баспасөз арқылы берілетін хабарлар үстірт, тек таныстырумен шектеледі.Еліміздегі діни ахуалды терең ұғынып, оған жан-жақты баға беру дінтанушы ғаллымдардың негізгі міндеті болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы Бахаи Ұйымы жұртшылықтың назарын өзіне әжептеуір аударуда.Бұл ұйым Қазақстанда заңды түрде тіркеліп, жұмыс жүргізуде.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бахаиліктің Қазақстан жеріне келу тарихы сонау 1938-39 жылдарға тура келеді. Өйткені осы жылдары Орта Азия мен Кавказ аймақтарында тұратын бахаилерді біздің елдің солтүстік жақтарына жер аударады. Бұл діни ағым Қазақстан жерінде соңғы он жылдықта әрекет етіп келе жатқандықтан бұл тақырыпқа арналған арнайы ғылыми еңбек жоқтың қасы.
Бахаилік жайлы орыс шығыстанушы ғалымдары өз еңбектерінде орын бергенімен арнайы зерттеу жасалмаған. Орыс ғалымдарынан Бахаулла және оның діни іліміне қатысты арнайы зерттеу жасап , еңбек жазған Базиленко И.В болып табылады. Ғалым «Бахаизм: история вероучения (середина XIX- начало XX в)» атты еңбегінде бахаилікті тарихи тұрғыдан қарастырып, әлемдік діндер қатарына енуге ұмтылып жатқан діни – саяси ілім деп айтады. Ал Қазақстанда Трофимовтiң “Религии в Казахстане”, Артемьв А.И “Религии в Казахстане”, “Религиоведение” Артемьв А.И және Ғ Есiм “Дәнтану негiздерi”.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Қазақ және ұйғыр халық ертегілеріндегі мифтік бейнелері

XX ғасырдың соңғы он жылдығында құлаш жая бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам – тіл – мәдениет» үштігі негізіндегі гуманитарлық зерттеулердің пән аралық салалардың дамуын күшейтті. Олардың құрамына этнолингвистика және әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану және лингвоелтану ғылымдары кіреді.
Антропологиялық тіл білімінің түрлі бағыттары өз бастауын В. Фон Гумбольдттің, «тіл – халық рухының, оның танымы мен менталитетінің көрінісі» концепцияларынан бастау алатыны белгілі. Л.Вайсгербер тілді шындық әлем мен адамның және оның санасының арасындағы «аралық әлем» деп есептейді. Жалпы тіл білімінің маманы, ғалым Э.Бенвенист сөзімен айтсақ «Мы мыслим: мир таким, каким нам оформил его сначала наш язык. Различия в философии и духовной жизни стоят в неосознаевамой зависимости от классификации, которую осуществляет язык»[ 1.36б].
Тіл – мәдениеттің құрамдас бөлігі, оны меңгерудің негізгі құралы, ұлттық менталитеттің ерекше белгілерін сақтаушы. Солай бола тұрса да, мәдениет тілде көрініс табады, сонда өмір сүреді. Бұдан тіл мен мәдениеттің арасына теңдік белгісін қоюға болады деген ой тумаса керек.
«Мәдениеттану» терминін 1909 жылы алғаш ғылымға енгізген неміс филосифы және химигі В.Оствальт болатын. 1939 жылы Лесли А.Уайт өзінің антропологиялық зерттеулерінде аталмыш терминді ұсынады.
Белгілі ғалым Э. Бенвенистің «тіл, мәдениет және жеке адам үштігі (триада) негізінен басқа бір лингвистика тууы мүмкін»,– деген ұшқыр ойы XX ғасырдың соңында қалыптаса бастаған жеке дербес лингвистикалық мәдениеттану пәнінің пайда болуының болжамы сияқты. «Лингвокультурология» – «лингво мәдениетттану» термини соңғы үш-төрт жыл көлемінде фразеологиялық мектептің өкілдері В.В.Воробьев пен В.Н.Телияның негізгі ой желісі барысында туды.
Лингвистикалық мәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халықтық мәдениеттің тілге әсер етуін зерттейтін ғылым. Тіл мен мәдениеттің өзара жиі әсері және өзара байланысын қарастыратын ғылым саласы жоғарыда көрсетілген анықтамамен берілгенмен, аталған мәселе бүгінгі күннің жаңа бағыты емес. Этностың тілі мен мәдениетінің ерекшеліктері соңғы кезде жаңаша көзқараспен, бұған дейін ғалымдар бұл мәселені психология, әлеуметтік лингвистика, этнопедагогика, этнолингвистика, т.б. пәндердің негізінде зерттеп келді.
Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш зерттеген ғалымдар Я.Гримм, Р.Раск, А.А.Потебня, т.б. болды. Бұл проблеманың қайнар көзі В.фон Гумбольдттің ғылыми еңбектері. Оларда ғалым мынандай ғылыми ой тұжырым жасайды:
1. материалдық және рухани мәдениет тілге әсер етеді;
2. кез келген мәдениет ұлттық нышанға ие, бұндай сипат тілдік жүйеде айқын көрінеді;
3. тіл–адам және қоршаған ортаны жалғастырушы буын;
4.халықтық рух» пен мәдениеттің белгісі – ішкі форма тілге тән.
Белгілі ғалым А.Потебня тіл халықтың мәдениеттің қайнар көзі екендігін дәлелдеп, халық ауыз әдебиетіндегі аңыз – әңгімелердің ерекшеліктерін анықтады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары.

Кіріспе
Бүгінгі күні халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына, әсіресе оның гуманистік және ұлттық көріністеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр. Өткеніміздің прогрессивті философиялық дәстүрін оқып үйрену қоғамдық сананың даму заңдылықтарын тануда қазіргі теориялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор.
Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз соңғы уақытқа дейін “коммунистік манифесте” негізделген принциптер бойынша, коммунизмнің моральдық кодексі бойынша, адамның социалистік идеалына, яғни жеке тұлғаның мүддесі қоғамдық мүддеге тәуелді болу принципі тұрғысынан тәрбиеленіп, соны идеал тұтып, бар болмысымызды соған сәйкестендіре өмір сүрдік. Соңғы жылдары елімізде, Кеңес өкіметі кеңістігінде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өзінің мән-мағынасын жойса, жаңа құндылықта әлі бой көтере алған жоқ. Тек саяси- әлеуметтік немесе экономикалық емес рухани өмір тұрғысынан да транзиттік өтпелі кезең жағдайында өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін болашақты, алдағы мақсат- мүддені айқындау соған жету үшін белгілі бір әлеуметтік идеал моделінің түрін жасау арқылы адамдарды тәрбиелеу,олардың мүмкіндігінше, бүгінгі күн талабына сәйкес келетін жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай “Толық адамды” тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да адамшылық абырой-қасиетті қалпына келтірудегі күресте Адамды, тұлғаны өз ұжданының бастапқылығын, тазалығы мен тұнықтылығын сақтауға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшылдарымыздың пафосы мен философиялық концепциясы зор көмек берері сөзсіз.
Ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойы тарихында терең із қалдырған қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының творчествосы энциклопедиялық білімділігімен, философиялық-теориялық ізденістеріндегі новаторлық әрекет-сипатымен ерекшеленеді. Алдыңғы қатарлы озық идеяларға сүйене отырып, Шәкәрім адамилық бастаманың шешуші ролі бекітіле көрсетілетін философиялық, этикалық міндеттерді осы тұрғыдан қайта қарастыруды талап ететін бірегей гуманистік ілім жасады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Тарих | ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫН ЛОГИКАЛЫҚ-ҚҰРЫЛЫМДЫ КЕСТЕЛЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Философия пәнін оқытуды талдау барысында соңғы кезде академиялық сабақтардың (әсіресе практикалық) мазмұнында эмпирикалық білімдерге басты назар аудару тенденциясының орын алғаны байқалды. Біздің мұнымен не айтқымыз келеді? Философия пәні бойынша сабақтардың мазмұны негізінен нақты мысалдармен, өзекті оқиғалармен, практикалық сұрақтармен және тарихи деректерге бай материалдармен берілуде. .....
Рефераттар
Толық

Тарих | ДОМБЫРА ФИЛОСОФИЯСЫ

Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз.
Бұл мақалада домбыра өнерiн сақтап, қорғап, дамытып, насихаттау шараларымен қатар, оның шығу тегi турасынан да ой салады. Домбыра бойында байқала бермейтiн пәндiк сапаларды айқындай түседi. .....
Рефераттар
Толық