Қазақ философиясы Еуразиялық философия шеңберінде қазақ философиясының тарихы қалыптасты. Қазақ философиясы ауыз әдебиетте, мақал – мәтелдерде, тұрмыс дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарда қалыптасқан. Көне және архаистік заман адамдарының күн сайын рудың немесе тайпаның дүниетанымдық пиғылына адалдығын әйгілеп отыруға мәжбүр етті. Әлемді сезіну айқындала түсті. Табиғи ортаны өңдеудің туындауы философиясылық көзқараста адамның айқын мақсатты қызметін, яғни, көздеген мақсатты белгілеу факторының пайда болуын көрсетеді. Мұның өзі, адамның табиғаттан бөлініп дербес тіршілік иесі болып қалыптасуының алғы шарты еді. Б.з.д. өмір сүрген Заратуштра, Анахарс, Ишпақайлардан, Әл-фараби, Қ.А.Ясауи, Абай, Мағжанға дейін үш мың жыл жатыр. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тақтаған адамды өте жоғары бағалап, «Аталы сөзге арсыз ған таласады» - деген.....
КІРІСПЕ Эрих Фромм неміс-американдық философ, социолог және психолог, неофрейдизмнің негізгі өкілі. Ол 1900 жылы Франкфуртте, Германияда дүниеге келген. Фромм отбасының жалғыз ұлы болды. Ол екі түрлі дүниені – ортодоксалды еврейлік және християндықты біліп өсті. 1922 жылы Гейдельберг Университетінде философия докторы атағыналды, 1923-1924жылдар Берлиндегі Психоаналитикалық институтта психоанализ курсын өтеді, 1929-1932 жылдары - Франкфуртта әлеуметтік зерттеу Институтының қызметшісі болды. Кейіннен 1933 жылы АҚШ-қа келіп У.Уайт атындағы психиатрия институнда жұмыс істейді. Колумбиялық және Йельдік университеттерінде сабақ береді. 1951-1967 жылдары Мексикада тұрады, Мехикадағы Ұлттық университетте психоанализ Институтын басқарады. 1974 жылы Швейцарияға келеді. Европада бірінші дүние жүзілік соғыс басталған кезде Фромм 14 жаста болатын. Ол осы соғыстың адамдық иррационалдылығы мен қиратушы бейімділігіне қайран болды. Кейіннен ол, "Мен бұл соғыс қалай пайда болды, және адамдар табының мінез-құлығының иррационалдылығын қалай түсінуге болады, деген сұрақтар ойландыратын өте терең қамданған бала едім" деп жазды. Осы сұрақтарға жауабында оған З.Фрейд пен К.Маркстің үлкен әсер еткені көрінеді. Фрейд еңбектері, оған, адамдар өз жүріс-тұрысының себебін түсінбейтінін ұғынуға көмектесті. Марксті оқи отырып, ол әлеуметтік-саяси күштер адамдар өміріне маңызды әсер еткенін түсінді. Фромм Фрейд пен Маркстің ойларын салыстырады, олардың көзқарастарының қайшылықтарын көрсетіп синтез жасауға тырысады. Фромм Марксті Фрейдке қарағанда өте терең ойшыл деп есептейді; және психоанализді негізінен Маркстегі кемшіліктерді толықтыру үшін қолданады. Фроммға сонымен бірге Спиноза мен М.Экхарттың ойлары үлкен әсер етті. Фроммның негізгі еңбектері: "Еркіндіктен қашу" 1941 ж., "Адам өзі үшін" 1947 ж., "Салауатты қоғам" 1995 ж., "Махаббат өнері" 1956 ж., "Зигмунд Фрейд миссиясы" 1959 ж., "Карл Маркстегі адам концепциясы" 1961 ж., "Адам жүрегі" 1964 ж., "Үміт революциясы" 1968 ж., "Адам деструктивтілігінің анатомиясы" 1973 ж., "Иелену немесе болу" 1976 ж. Фромм Маркстік, философиялық-антропологиялық, экзистенциалдық және психоаналитикалық идеялардың жалпылығын білдіретін ілімді жасай отырып адам тіршілігінің дихотомиясын шешудің тәсілін табуға, адам жатсынуының түрлі формаларының жойылыуын шешу тәсілін, батыс өркениетінің дұрысталу жолын анықтау тәсілін табуға және тұлғаның еркін және творчествалық даму болашағын көрсетуге тырысады. Фрейд биологизмнен бас тартып, Фромм әлеуметтік мәдени себептермен қамтамасыз етілген, басылған сексуалдыққа жанжалды жағдайды араластыра отырып бейсаналық символикасын қайта қарайды, адам психикасы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы арасындағы байланыстырыушы түйіні ретінде "әлеуметтік сипат" ұғымын еңгізеді, батыс мәдениетінің даму тенденцияларын зерттейді. Экзистенденциялды лихотомияның жеке шешіміне Фромм адамның махаббатқа, сенімге, және ойлауға адамның ішкі қабілеттерін байланыстырады.....
КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамның еркіндік туралы түсінігі тарих ағымы мен қоғамның дамуымен өзгерістерге ұшырады. Алғашқы қауымда адам ол туралы көп ойланбаған, себебі тамақ табумен қолы босамады. Бір ғасырдан кейін, анығырақ айтқанда, оның жоқ болуы, құлдық құрылым мен “ мұнараға тасталынумен ” сәйкес болды. Адам “ тамақ ” мәселесін шешкеннен кейін, бос уақыт пайда болды, адам ойлана бастады, осылай философия пайда болды. Оның “ ойланған ” барлық көптүрлігінің ішіндегісінің бірі “ еркіндік ” мәселесі болды. Қоғамда тұлға еркіндігі қоғам қызығушылықтарымен шектеледі. Әр адам – жеке тұлға, оның қызығушылықтары әрқашан да қоғам қызығушылықтарымен сәйкес келе бермейді. Бұл жағдайда қоғамдық заңдар ықпалындағы тұлға жеке жағдайларда қоғам қызығушылықтарымен сәйкес іс-әрекет етуі тиіс, ондай жағдай болмаса, ол адам қоғам атынан жазаға ұшырауы мүмкін. Қазіргі заман жағдайында, демократияның дамуы дәуірінде тұлға еркіндігі мәселесі одан әрі глобалды бола түседі. Ол қазіргі уақытта кез-келген саясаттың негізі болып қатаң қорғалатын тұлғаның еркіндігі мен құқықтары туралы заңды актілер сипатындағы халықаралық ұйымдар дәрежесінде шешіледі. Философияның ең басты мақсаты – білімнің мағынасын ашу. Бірақ тарих көрсеткендей, осындай түсіндіру философиямен бір уақытта туындамаған. Бұл ең біріншіден, еуропалық философия дәстүрін адамды қоршаған табиғатты ұғыну ретінде ашқан көнегрек философиясы. Бірақ, адамның тек қана белгілі бір кластың, белгілі бір қоғамның мүшесі ретіндегі өзіндік дамуы емес, ол өзінің индивидуальдылығын ұғынатын тұлға ретіндегі дамуы, сонымен қатар, философия ұғымдық білім ретінде өзінің құрылымдарын жаратылыстық ғылым ойының нәтижелерімен ұштастырып, онда білімді түсіндіруге қатысты әр-түрлі сұрақтар айрықша орын ала бастады. Демек, оны ықпалды көнелік философиялық білімдер – Платондық, Аристотельдік, едәуір мөлшердегі демокриттік білім, өздерінің болмысқа және мәнге қатысты түсініктерін белгілі бір білімді түсіндіретін негізгі қағидалармен тікелей байланыстырып құрды. Демек, таным теориясының, гносеологияның сұрақтары болмыстың, онтологияның сұрақтарынан туынды болып қарастырылды. Осындай философияның онтологиялық мақсаты немесе бағыты ортағасырдағы схоластикалық философия құрылымдарында күшейе бастады. Мұндай схоластиканың онтологиялық бағытының маңызды гносеологиялық себебі – ортағасыр жағдайындағы ғылыми білімнің өте баяу дамуымен түсіндіруге болады. Спиноза дәуіріндегі философиялық жағдайдың күрделі өзгеруі, ең біріншіден, көптеген еуропа мемлекеттерінде ресми философиялық доктрина болып саналған схоластикалық философияның қағидалары және мақсаттарына қарсы бағытталған күрестің нәтижесі еді. Осы схоластикаға қарсы күрес – философиялық білімдерді жетілдіру куресі болды. Өз кезегінде, мұндай жетілдіру интенсивті ғылыми прогресс жағдайында мүмкін еді, яғни осындай жағдай көптеген білім салаларында жүзеге аса бастады, әсіресе математикалық және тәжірибелі жаратылыстануда байқалды. Ғылымның, философия тарихының, жалпылай алғанда рухани мәдениет тарихының дамуы мынаны дәлелдейді: ғылыми білімнің прогресі тәжірибелі жаратылыс танусыз және оның математикалық ұғынусыз мүмкін емес. Тәжірибе және математика – осы екі ғылыми білімнің құдіретті қозғаушы күштері көнелікте бар болатын, дегенмен, антика мәдениетінде олар әр қашанда бір-бірінен алшақтап тұратын. Антикадағы философиялық ілімдер тәжірибелі білімдердің және математикалық білімдердің ерекшеліктерін көрсетті. Ал схоластикалық философия болса, антикалық философияның көптеген ұғымдары мен категорияларын мұраланып, соңынан олармен толық байланысын жоғалтты. Сөйтіп ортағасырдың соңында, қайта өрлеу дәуірінде эмпирикалық жаратылыстану қарқын дами бастағанда, осы дәуірде математиканың жаңаша өркендеуі басталды, ал философтар схоластикалық қағидалар мен мақсаттарға қарсы күрес барысында жаңа жаратылыстанудың нәтижелерін ұсынуға бет бұра бастады. Алдынғы қатарлы философтардың философиялық білімді жетілдіруге деген талпынысы жаңа ғылымның тәсілдері мен нәтижелерін қорытындылау және ұғыну дегенді білдірді. Зерттеу жұмысының деңгейі. Біздің ғасырымызда Бенедикт Спинозаның этикалық концепциясын қарастырып көңіл бөлген қазақ философтарының ішінде Сарымсақов Амангелдіні атап кетуге болады. Ал ресейлік ғалымдардың ішінде Спинозаның концепциясына аса көңіл бөліп, сол туралы көптеген еңбектер жазған В.В. Соколовты ерекше көрсету керек. Ол Спинозаның субстанция-Құдайын, оның атрибуттары мен модустарын толық зерттеп, этикалық проблематиканы қарастыруға тырысқанын көрсетті.....
Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама. Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс. Батыс мәдениетінде «Дін» ұғым түсінігінің мәні екі мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші мағынасы латын тіліндегі «religare» ұғымының түсінігі. Бұл ұғым түсінікпен жер мен көк /аспан/ арасында рухани байланыс бар екендігі түсіндіріледі. Ал екінші, осы латын тіліндегі «religo» ұғым – түсінігі – қасиетті, табыну заты, құдайға құлшылық ету мағынасында танылады. Екінші ұғым – түсінік біріншісіне қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді. Батысқа қарағанда исламдық өркениетте «дін» терминінің мәні басқашалау түсіндіріледі. Мұның себебі «Дін» ұғымының кең ауқымдығы сан қырлы мән мағынасы исламға дейінгі араб елі тұрғындарының әртүрлі түсіндірілуіне байланысты. Мұсылмандық дінтанушылардың түсіндірулерінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенінадам өз жүрегі арқылы сезіну керек дейді. Дінді әлеуметтану тұрғысынан талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады. Сонымен қатар дін әлеуметтануының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестерге байланысты. Қоғамдағы діннің орны мен қызметі өте күрделі. Діни қатынастардың ерекшелігі ол қоғамдық әлеуметтік-экономикалық және мәдени, рухани сфералардан көрінеді. Жұмыстың тақырыбына байланысты классикалық ғалымдардың ой пікірлері. Сол заманның Гобб, Лок, Юм сияқты әлеуметтік теоретиктері діннен табиғаты бойынша қоғамға пайдалы, тұрақтылық Гоббс өзінің еңбектерінде дінде негізделген қоғам үшін жағдайын қауіпті күштерді сараптайды. Ағартудың біршама төмен бағыты діннің әлеуметтік пайдалылығын мойындап ешқандай қоғам дінсіз өмір сүре алмайды дегенді алға тартты. Бірақ әңгіменің бәрі мынады еді, жаңа заманда еуропа тарихындағы болған оқиғалардағы нақты көрініс берген діни дау-дамайлар мен әлеуметтік жан-жалдардың қайнар көзі болады. Діннің қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қауіп тудырмайтындай әрекетіне жағдай жасап, дінге қоғамнан лайықты орын беру қажет болды. Локк дін мен әлеуметтік өмірдің бұлай үйлесімділігінің бір мүмкіндігі деп, дінді «ресми емес» деп алып мемлекеттен бөлу керек деді. Руссо да өзінің діңге байланысты «Қоғамдық келісім» деп аталатын еңбегінде болашақ дін социологиясы және қоғамды интеграциялаушы ретінде дін туралы жаңа тезис туындайды дейді. Бұдан басқада ғалымдар дін жайлы өз пікірлерін айтып өткен. Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазіргі кезде өзекті мәселе болып тұрған проблемаларын шешу жолындарын табу барысына негізделіп жүргізілген. Зерттеу жұмысының міндеті. Қазақстан Республикасы соның ішінде Оңтүстік Қазақстан жеріндегі «Діншілдік дүниетанымның деңгейін» анықтау. Оларға социологиялық талдау жасау. Зерттеу жұмысының объектісі Оңтүстік Қазақстан тұрғындары. Соның ішінде көпшілігі жастар мен орта жастағылар болып отыр. І Бөлім: Дін теориялары мен дін әлеуметтануының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары. 1.1. Діни интеграция және әлеуметтік өзгерістер. Діннің қоғам интеграциясы ретіндегі социологиялық теорияны жасаудағы басты еңбек Дюргеймге тиісті. «Діни өмірдің элементті факторларынан» ол дінің пайда болуы мен дамуының эволюциялық теориясын жасайды. Ең бастысы – діни феноменнің қызметі мен құрылымын анықтаудың мәселесін жетілдіреді. Радикалды сындарға қарағанда ол діннен «сиқырды», «жалған сананы» емес, адамның әлеуметтік аспектіде өмір-сүруі негізімен үздіксіз байланысты институтты көреді. Дін Дюргеймнің түсінігінде адамдардың әртүрлі іс-әрекетінде ұстанатын әулие заттарды бөлуге негізделген. Адамдардың қасиетті заттарға деген қарым-қатынасы функционалды анықталған. Дін қасиетті заттарға бағытталған сенімдер мен іс-әрекеттердің зайырлы жүйесі; осы сенімдер мен әрекеттер сол сенімді ұстанатындардың «моральдық қауымдастықтығын» құрайды. Дін – адамдардың ерекше үлгімен ұйымдасқан әлеуметтік іс-әрекеттері, яғни индивидтің емес, белгілі –бір топтың жатуы. Осылайша егер біз қасиетті заттарға бағытталған сенімдер мен әрекеттердің мәнін түсінгіміз келсе, сол сенімдерді ұстанатындарға жүгінуіміз керек. Діни өмірдің қайнар көзі – адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік тәсіл. Әлем туралы ойлайтын индивид бар болған соң емес, қоғам өмір сүргендіктен дін де өмір сүреді. Австриялық аборигеннің қоғамдық өмірін, яғни жалған қоғамды айтқысы келе отырып, Дюргейм қарапайым индивидтер саннасына қарағанда, қоғам әлдеқайда бай және күрделі өмір сүреді. Дінді ұстанушы жеке емес, «топтардың ұжымдық санасы», әлеуметтік сана болып табылады.....
Кіріспе. Адам табиғаты өте қызық, әрі күрделі. Сан- салалы қырларының астарында қаншама терең түсуді талап ететін жақтары жеткілікті - ақ. Оның себебі түсінікті де . Заманның талабына, өмірдің ағымына сәйкес кез-келген нәрсе өзгеріп, толығып, дамып отыратыны белгілі. Әңгімемізге арқау болғалы отырған адамға ғана қатысты ерекше қасиеттер қатарында елеулі орын алатын еркіндік мәселесі болмақ. Адам адам болғалы, тіпті осы еркін әрекеті үшін жұмақтан қуылғалы, еркіндікті аңсаумен келеді. Бұған дәлел ретінде, өткен өмір өткелдерімен қаншама әрекеттердің болуымен қатар, толыққанды адам жеке қамын деп есептейейтін әр біреуіміздің бостандыққа деген құлшыныс сезімімізді алғанымыздың өзі жеткілікті шығар. Еркіндік мәселесі әлемдік философия тарихында , даналықты сүюші әлемнің көрнекті өкілдерінің әрбірін толғандырған десек артық айпаған болар едік. Бір жағынан алып қарағанда, еркіндік өзімен - өзі түсінікті сияқты, қарапайым ғана ұғым, ал шындығына келгенде өте үлкен зерттеуді қажет ететін қағида болып шығады. Еркіндік іс- әрекетіне берілген айрықша мүмкіндік, адамның табиғи қабілеттеріне сай өз қалауынша әрекет етуіне сырттан еш кедергінің болмауы, жанның саулығы. Біз еркінбіз, зерделіміз, ақылдымыз, күштіміз, саумыз және ойға да, сөзге де өткірміз, бірақ белгілі бір азырақ мөлшерде. Басқа қабілеттеріміз сияқты, біздің еркіндігіміз әлсіз, шектелген. Сонымен қатар, еркіншіл деген кезде де табиғаттың заңдарына тәуелдімін деп мойындаған шақта қайшылық пайда болады. Философияның басты міндеті осы қайшылықты шешу болып табылады. Сондықтан да, бұл мәселе төңірегінде философияның ой ағымында әлі де көптеген көреген пікірлер туындары жоқ. Мінекей , бұл еркіндікті қарастыруға алып келген бірінші түрткі. "Кеңісіік пен уақыт еркесі" болған көпшелі халық ұрпағы қай қазақ баласы үшін де еркіндік мәселесі хақында ой толғау таңсық болмауы белгілі. Керісінше, діндік ерекшеліктерге сәйкес бұл түсінік басты орын алады десек қателеспеген болар едік. Көшпелілер ешбір үстемдік пен шектеушілікке көне алмаған, олар отырықшылыққа ену өз-өзін жоғалтумен бірдей. Олар кеңістікті кеңіен кешіп, өздерін уақытқа бағындырмаған. Көшпелілер ділін тек санадан шығармай , кеңінен алап қараған жөн. Негізінен ол мағынаға көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайын, қоршаған ортасымен туындап, - бірте қалыптасқан мінез - құлқын , әдет – ғұрпын, ойлау жүйесін , салт - санасын бейнелейтін рухани келбетінің сомдалған жиынтығын жатқызуға болады.....
КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қай халықтың болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық дәстүрлі музыка өнері болады. Ол негізінен вокалды (дауысты) және аспапты болып екі түрге бөлінеді. Ұлттық өнердің негізін қалаушылар – халаық арасынан шыққан дарын иелері, халық композиторлары. Қазақ халқының аспапты музыкасына күйлер жатады. Күйлер қазақтың ұлттық болмыс бітімімен, сана сезімімен тығыз байланысып, өмірінен қуат алған, рухани өмірдегі дәстүрлі өнердің ішіндегі ең күрделі, тоқсан толғаулысы да осы күй шығармашылығы. Ұлттық мәдениетіміздің құнарлы арнасына жататын күй өнері өзінің өміршеңдігі, халыққа етене жақындығымен ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Күйлер ел арасынан шыққан құйма-құлақ дарын иелері арқылы толыса дамып, ұлттық өмір-тіршілігімен тығыз байланысып, ел өмірінің рухани серігі болды. Музыка саласында күй өнері өз алдына күй жанры болып қалыптасты. Ғасырлардан ғасырларға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отыратын бұл мұраны абайлап тұтынып, қастерлей білгеніміз жөн. Бұлардың адам жадынан түспей бірге жасасып келуінде табиғилық басым болатындығында. Олай болатыны бізге жеткен әрбір күйдің сарынынан ата-баба өмір сүрген ежелгі ортаның кескін-келбетін, соған тән құбылыстар мен оқиғаларды көргендей, бүкіл жан дүниеңмен сезінгендей күй кешесің. Бейнелеп айтар болсақ, күйлерден аспан мен жер аралығында адам танып түсінер, табындырар іс-қимыл әрекеттердің түр-түрі орын алып жатыр.....
КІРІСПЕ Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол көне замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады. Дін - рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады. Солардың бірі - діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным - сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы кауымдық синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология трансформацияланып, сана мен рухани мәдениет салалары бөлініп, жеке жетіле бастады; көркемөнер, дін, адамшылық нормалары орнықты; дін пайда болып, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның құрамында және сонымен ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді. Міне, осы тезиске сүйене отырып, ғылым дүниетанымның және табиғат пен әлеуметтік дүниені танудың тарихи қалыптасқан алғашқы нысаны мифология болды деген біржақты түжырымға келеді. Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар „прамонотеизм” және адамзат тарихындағы „дінге дейінгі кезең” теориялары. „Прамонотеизм” концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға сенген, көпқұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді. Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің „Түрлердің шығуы” теориясы, 1859); әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін – адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы); анимистік теория (теорияның негізін салушы Э.Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас. Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар – ежелгі діндердің тарихи болмысындағы нанымдар және көптәңірлі (политеистік) діндер. Политеизм дегеніміз бірден көп тәңірлерге сенім. Көптіңірлі діндерде тәңірлердің саны көбінесе бірнеше жүз тәңірмен шектеледі. Алайда, дәстүрлі үнді дінінде жүз миллиондаған тәңірдің болуы әбден мүмкін. Рухани ғылымдар бойынша дүние жүзінде Иудаизм, Христиандық және Исламнан басқа діндердің барлығы да политеистік болып есептеледі. Аталмыш үш дін монотеистік (біртәңірлі) діндер бобына жатады. Көптәңірлі сенімдердің атынан да көрініп тұрғандай тәңір ұғымдары да әр түрлі. Мысалы, үнді дінінде көптеген тәңірлерге қоса олардың бәрінен де жоғары, бәрін жаратушы бас тәңір туралы түсінік бар. Олар сонымен қатар әрбір тәңірді осы бас тәңірдің бір қыры деп ойлайды. Көптәңірлі буддизмде болса тәңірлер құтқарушы Буддамен салыстырғанда онша маңызды емес болып көрінеді. Қадими (ежелгі) гректердің көптіңірлілігі Зевстің ең мықта тәңір деп таниды. Гректердің тәңірлері жақсылықтарынан гөрі ақыл – еске симайтын жамандықтармен ерекшеленеді, олар ашулы, қаһарлы, кекшіл, шамкөс, ызақор тәңірлер. Көптәңірлі діндерде тәңірлерге мол мөлшердегі тәңірсымақтар, тәңіршіктер, аруақтар, перілер, жауыз рухтар туралы сенімдер қоса наным – сенімдермен күрделі байланыстарға кіретіні де белгілі.....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз егеменді Қазақстан мемлекеті болғанға дейін халқымыздың философиялық мұралары мен мәдени-тарихи қазыналарымыз, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнді-жосықсыз төмендетіліп және осыған бағытталған саясат үстем болып келді. Халқымыздың төл мұралары әлі күнге дейін тиісті дәрежесінде жете зерттелінген жоқ. Оған себеп социалистік реализмнің, таптық қағидалардың рамкалы аясынан шығып кеткен дүниетаным атаулыға төмендетіп қарайтын сыңаржақ астамшылық (шовинизм). Бұрмалау мен белгілі қалыптан шығуды шектеген идеология барлық салалардың зерттеліну дәрежесіне, оның ішінде әсіресе философиялық зерттеу жұмыстары объективті деңгейге жете алмай, тығырыққа тірелген еді. Қай кезеңдегі болмасын қазақ философиясының ауқымы, сондай-ақ Шоқан, Ыбырай, Абай сынды ойшылдардың дүниетанымдық мұралары таптық қоғамның тар қалыбына салынып зерттелінді. Олардың дүниетанымы туралы жаңсақ, сыңаржақ пікірлер мен көзқарастар қоғамдық санада берік орнығып, белес алды, бірін материалист, екіншісін атеист деп, олардың ғылыми еңбектерінің сол дәуірдегі идеологияға сай тұстарын көтермелеп келсек, екіншілерін діни идеализмнің шырмауынан шыға алмады деп сынауға бой алдырдық. Рухани өмірдің барлық себеп - салдарын материалдық болмыстан іздеп, сана болмысының өзіндік ерекшеліктерін, даму қисынын жеткілікті дәрежеде ескере бермедік. Осының бәрі аталмыш ойшыл еңбектерінің обьективті сипатын, гуманистік - прогрессивті мәнін толық ашуға мүмкіндік бермеді. Бұл "бостандықты, еркіндікті сүйетін, кең даласы сияқты кеңпейілділігі бар халықтың соған сай философиясы бар халықтың дүниетанымы, ой-пікірлері болу заңдылығына" қарсы жасалынған қиянат еді (3.220). Ал ғасыр басындағы ойшылдардың еңбектері мен шығармалары жеке басқа табыну кезеңінің "құрбанына" айналды. Жарты ғасырдан артық уақыт елінің көзінен таса жатып тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен табылып жатыр. Тәуелсіздікке жетіп, өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан уақытымызда кешегімізді зерттеу жұмыстары үшін қолайлы жағдайлар туып отыр. Осыған дейін қазақ зиялыларының, соның ішінде М. Дулатовтың еңбектері негізінен тіл, әдебиет және тарих ғылымдары тарапынан зерттеліп келді. Тілшілер мен әдебиетшілер оның шығармаларының жанрлық, стильдік, тақырыптық қырларына тоқталса, тарихшылар олардың қоғамдық қайраткер ретіндегі қызметіне, саяси -әлеуметтік көзқарастарын зерттеуге басты назар аударды. Міржақыптың өмірі мен көркем әдеби туындылары алғашқы рет әдебиет саласында 1989 жылдан бастап зерттеліне бастады. Алғаш зерттеу жұмыстары газет пен журналдардың беттерінде басылды. М.Әбсеметов, А.Сармурзин, Н.Канафин, Р.Нұрғалиев, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Ә.Тәжібаев, А.Мектепов және т.б. ақынның шығармашылық еңбектеріне талдау жасады. М.Дулатов еңбектерінің жеке кітап болып басылуына, Міржақыптың қызы Гүлнар Дулатовамен бірлесе отырып жұмыс істеген М.Әбсеметовтың қосқан еңбегі зор. М.Қойгелдиев, К.Нұрпейісов, ХАсқарүлы және т.б. тарихшылардың, С.Зиманов, К.Жиреншин, Г.Сапарғалиев, М.Құл-Мұхаммед және т.б. заңгерлердің еңбектері алаштықтардың, оның ішінде М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметтері туралы мәлімет береді. Әсіресе М.Қойгелдиевтің "Алаш қозғалысы" (4) еңбегі мен К.Нұрпейісовтің "Алаш һәм Алаш Орда" (5) еңбегінің ғасыр басындағы қазақ зиялыларының отарлық езгі мен ортағасырлық мешеулікке қарсы күресін,Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов бастаған саяси қайраткерлердің тәуелсіз мемлекет —Алаш автономиясын құру жолындағы қызметтеріне тың деректер негізінде баяндайды. Философия саласында О.А.Сегізбаевтың "Казахская философия XV - начала XX века" еңбегінде М.Дулатовтың дүниетанымдық мәселелері қаралады. А.Х.Қасымжановтың "Ұлы даланың зиялылары" еңбегінде Міржақыптың қоғамдық ойларына баға беріледі. Д.К.Кішібеков,Ү.Сыдықов,Ж.А.Алтаев,А.К.Қасабеков,Т.Айтқазин, А.М.Тайжанов, Қ.А.Бейсембиев, Қ.Б.Мұхамедханов еңбектерінде ғасыр басындағы зиялыларды ойшыл ретінде қарастырады. Сондай-ақ М.С.Орынбеков, Ғ.С.Есімов, С.Н.Ақатай, Т.Х.Ғабитов т.б. ғалымдардың қазақ философиясы мен мәдениетінің дамуы мен ерекшеліктері жағдайлары жайындағы еңбектері ғасыр басындағы қазақ халқының ұлттық ойлауын қарастырады. Біз зерттеу жұмысымызда есімдері аталған белгілі ғалымдардың осы тақырыпқа байланысты еңбектерін, құнды пікірлері мен ұсыныстарын басшылыққа алдық.....
КІРІСПЕ Адамзат пайда болып, оның өзіндік сана- сезімі оянғалы бері өмір бойы қойылып келе жатқан жалғыз проблема бар. Ол – адамның өзі. Қалған мәселелердің барлығы осы проблемадан туынды. Адамдар өздерінің қоғамдық табиғатына сай бірлесіп өмір сүрді, өмір сүріп жатыр және өмір сүре береді. Алайда, оның екінші табиғаты бар. Ол – оның индивидуалдылық табиғаты. Белгілі бір дәрежеде, тарихи тұтас көзқараспен алғанда адамдар өмірі осы екі табиғаттың бір- бірімен күресі деп айтсақ жаңылмаймыз. Бір де біреуі басым түссе, бірде екіншісі басым түседі. Қоғам болып өмір сүрген соң олардың әрқайсысының жеке табиғаттарына сай қоғамда іркіліс, жанжал болмай тұрмайды. Кейде осындай қоғамдық дағдарыстардың бірі адамдардың шектен тыс еркіндікке ұмтылуы арқасында, қоғамда қатаң тәртіп орнатуға алып келеді. Ал өз кезегінде тарихта мұндай қатаң тәртіптер қоғам мүшелерінің түгелдей бақылауға алынуына, олардың жеке еркіндіктерінің тарылуына жиі алып келді. Мұндай кезде қоғамда адамның жеке тұстарына қарамайтын, жалпы билік орнайды, яғни, қазіргі тілмен сөйлегенде , тоталитарлық тәртіп орнайды. Мұндай қоғамдар бұрын да өмір сүрген, қазір де өмір сүріп жатыр. Бұлай деп айтуымның себебі, олар әр дәуірде әртүрлі формада, тіпті бір дәуірдің ішінде әртүрлі формада қатар өмір сүруі. Кеңестік қоғам ыдырағалы бері, біз өзімізді тоталитарлық тәртіптен азат болдық деп еркін сезінгендей болғанбыз. Дегенмен, мұның бәрі осылай деп айтуға болмайды. Тоталитаризмнің адамға табыну түрінен біршама азат болғанымызбен, енді товарлы тоталитаризмге көшкен сыңайымыз бар. Біз кімбіз? Қайдан келеміз? Қайда барамыз? Ендеше, бұл еңбек тоталитаризмді, оның түрлерін зерттеуге арналады. Зерттеу жұмысын объектісі: тоталитаризм құбылысы. Зерттеу пәні: тоталитаризмнің философиялық алғы шартта қалыптасуы. Жұмыстың мақсаты: тоталитаристік қоғамның рухани күйін ашып көрсету. 1. Берілген мақсатқа жетуде келесі міндеттер қаралды: филисофиялық әдебиеттер бойынша теориялық анализ жасау. 2. Тоталитаристік қоғамның басқа қоғамдардан ерекшеліктерін көрсету. Зерттеу жұмысының маңыздылығы: қоғамның өз өткенін түгендеп, қазіргі тұрған орнын анықтап, келешекке жол татуы, бағдар алуы, өз өзіне ой толғауынсыз мүмкін емес. Мұндайда қоғамда дұрыс ой - пікір қалыптастыра алу керек. Тек өзіндік дұрыс сана – сезім қалыптастыра алу арқасында ғана қоғам дұрыс бағыт ала алады. Зерттеу жұмысының жаңалығы: дәстүрлі түсініктегі тоталитаризмнің басқа да түрлерін көрсету.....
Кіріспе XX ғасырдың соңғы он жылдығында құлаш жая бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам – тіл – мәдениет» үштігі негізіндегі гуманитарлық зерттеулердің пән аралық салалардың дамуын күшейтті. Олардың құрамына этнолингвистика және әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану және лингвоелтану ғылымдары кіреді. Антропологиялық тіл білімінің түрлі бағыттары өз бастауын В. Фон Гумбольдттің, «тіл – халық рухының, оның танымы мен менталитетінің көрінісі» концепцияларынан бастау алатыны белгілі. Л.Вайсгербер тілді шындық әлем мен адамның және оның санасының арасындағы «аралық әлем» деп есептейді. Жалпы тіл білімінің маманы, ғалым Э.Бенвенист сөзімен айтсақ «Мы мыслим: мир таким, каким нам оформил его сначала наш язык. Различия в философии и духовной жизни стоят в неосознаевамой зависимости от классификации, которую осуществляет язык»[ 1.36б]. Тіл – мәдениеттің құрамдас бөлігі, оны меңгерудің негізгі құралы, ұлттық менталитеттің ерекше белгілерін сақтаушы. Солай бола тұрса да, мәдениет тілде көрініс табады, сонда өмір сүреді. Бұдан тіл мен мәдениеттің арасына теңдік белгісін қоюға болады деген ой тумаса керек. «Мәдениеттану» терминін 1909 жылы алғаш ғылымға енгізген неміс филосифы және химигі В.Оствальт болатын. 1939 жылы Лесли А.Уайт өзінің антропологиялық зерттеулерінде аталмыш терминді ұсынады. Белгілі ғалым Э. Бенвенистің «тіл, мәдениет және жеке адам үштігі (триада) негізінен басқа бір лингвистика тууы мүмкін»,– деген ұшқыр ойы XX ғасырдың соңында қалыптаса бастаған жеке дербес лингвистикалық мәдениеттану пәнінің пайда болуының болжамы сияқты. «Лингвокультурология» – «лингво мәдениетттану» термини соңғы үш-төрт жыл көлемінде фразеологиялық мектептің өкілдері В.В.Воробьев пен В.Н.Телияның негізгі ой желісі барысында туды. Лингвистикалық мәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халықтық мәдениеттің тілге әсер етуін зерттейтін ғылым. Тіл мен мәдениеттің өзара жиі әсері және өзара байланысын қарастыратын ғылым саласы жоғарыда көрсетілген анықтамамен берілгенмен, аталған мәселе бүгінгі күннің жаңа бағыты емес. Этностың тілі мен мәдениетінің ерекшеліктері соңғы кезде жаңаша көзқараспен, бұған дейін ғалымдар бұл мәселені психология, әлеуметтік лингвистика, этнопедагогика, этнолингвистика, т.б. пәндердің негізінде зерттеп келді.....