Экономика | Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты

Кіріспе
Экономиканың өз заңдылығы бар.Ол да адам тәрізді: қалыпты жағдайда дұрыс тыныс алады,аршындап алға басады, тірлік ретті болады.Адамның қызуы көтерілгені сияқты экономиканың да қызуы көтерілетін болады.Адам ағзасы әлсірей бастаған уақытта әуелі түшкірік пайда болады. Бір-екі түшкірік денсаулығы мықты организмге әсер ете қоймауы мүмкін.Түшкірік басылмаса,дене қызуы көтерілсе сырқаттың күш алып кететіні белгілі. Мәселе-кез келген дерттің алдын алуда.Кейінгі кезде инфляция туралы жиі сөз бола бастады. Осы жерде "инфляция деген не? Ол қандай құбылыс, қашан пайда болған?.." деген сұрақ туады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
"Инфляция" термині (латын inflation сөзінен шыққан-кебіну,ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды жане АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж) қағаз долларының ("гинбектердің") қисапсыз көп шығарылуыменбайланысты болды.XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.Экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты

КIРIСПЕ
Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. /1/
Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындардамыз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

КІРІСПЕ
Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат – макроэкономикалық, салық және аймақтақ деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі болып отыр.
Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыру негізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады. Олар: қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасындағы, аралық және дайын өнім, өнеркәсіптегі өндіріс құралдарының өндірісі, ұлттық табыстағы тұтыну қоры мен қор жинау, өндірістік және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау араларындағы қатынастар. Олардың негізінде тиімділікке қол жеткізу дегеніміз – қоғамның табиғи шикізат,....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

КIРIСПЕ
Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.
Нарықты қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасының әскери саясаты

К І Р I С П Е
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайтадан сайланған Н.Ә.Назарбаев 1999 жылғы 20 қаңтарда мәртебелі қызметіне кірісу салтанатында сөйлеген сөзінде: "Даңқты өткенімізден күш ала отырып, жаңа ғасырға нық қадам басамыз" — деді. Бұл сөздің астарында не бар? Даңқты өткеніміз қандай, ол қашаннан басталады?
Қазақ халқы — этногенез жағынан алғанда, үш мын жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Тарихқа біздің заманымызға дейінгі (б.з.д.) X ғасырда сақтар, б.з.д. IV ғасырда хұндар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады), б.з. V—VI ғасырларында "түріктер" деген атпен енген бүгінгі қазақтар — сақтардың, хұндардың, түріктердің даңқты әскери тарихының, төл мұрагері. Қазақстанның ежелгі әскери тарихы сақтардын б.з.д. 529 жылы парсы патшасы Кирді жеңуі мен одан кейін б.з.д. 512 жылы парсы патшасы Дарийдің әскерін талқандауынан басталып, б.з.д. 330—328 жылдары Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайынның) әскеріне мықтап тойтарыс беруімен оның бірінші кезеңі аяқталады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымындағы төрағалықтың мәртебелі миссиясы

Кіріспе
Бүгiнгi Қазақстан - экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, әлеуметтiк-экономикалық инфрақұрылымы өзiне сай қалыптаса бастаған, демократиялық қоғам құруға батыл кiрiскен бiрден-бiр мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға нақты үлесін қосып келеді. Семей ядролық полигонының жабылуы, қуаты жөнінен әлемдегі төртінші зымырандық-ядролық арсеналдан бас тарту және оның инфрақұрылымын толықтай жою еліміз үшін тарихи шешім болғаны белгілі.
Таяуда Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттің халықаралық күні ретінде жариялау туралы қарар қабылдады.Қазақстан өңірлік және бүкіләлемдік экономикалық үдерістерге жауапты қатысушы ретінде өз рөлін толық сезінеді.Әлемдік нарыққа көмірсутегі шикізаттарының күннен күнге арта түскен мөлшерін сыртқа шығара отырып, біздің еліміз дүние жүзінің, соның ішінде Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қомақты үлес қосуда.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы. 1999-2005 ж

КІРІСПЕ
Халықтың орналасу проблемаларымен арнайы ғылым – шұғылданады. «Демография» терминінің шығу төркіні грекше: «демос» - «халық», «графия» - «жазамын» деген ұғымды білдіреді, бұл термин ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды, ол халықтың сандық құрамын, оның қозғалысын, физикалық, ойлау және рухани жағдайын зерттейтін ғылымның атын білдіре бастады.
Демография дербес ғылым ретінде ХХ жүз жылдықтың 20-шы, 30-шы жылдары қалыптаса бастады. Ең басында демографияны тар және кең мағынада пайымдаудың екі тәсілі айқындалды.
Тар мағынада демография немесе тұрғындар статистикасы халықты жынысы, жасы, жұмысы және т.б. бойынша құрылымын және оның қозғалысын, туын, қайтыс болуын, көші-қон үрдісін зерттейді.
Кең мағынада демография туудың, қайтыс болудың, көші-қонның сандық және сапалық заңдылықтарын, әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси, медициналық сипаттамалардың үлкен тобының, заңның демографияға әсерін, сондай-ақ демографиялық процестерге байланысты әлеуметтік-экономикалық проблемалардың жиынтығы. Тұрғындар мен ресурстарды, депопуляцияны, отбасын жоспарлауды, мигранттардың жерсінуін, урбанизацияны (латынша «urbaus» - қалалық), еңбек ресурстарын, кірісті қайта бөлуді және т.б. зерттейді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасының Бразилиямен экономикалық және географиялық қарым-қатынасы

Кіріспе
Бразилия ұзақ мерзімдік экономикалық қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Орталық Азия мемлекеттерімен белсенді қарым-қатынастарын дамытып отыр. Әсіресе, осы аймақтағы байланыстарда Қазақстанның орны бөлек. Осы курстық жұмысты жазу мақсатында өндірістік тәжірибе өткен, жапондық компаниялармен тығыз экономикалық байланыстар орнатқан қазақстандық компания «Казатомпромның» қызметі осыған дәлел болып отыр. мемлекеттері ішінде Бразилияның Қазақстанмен байланыстары қарқынды дамып отыр. Екі жақты байланыстар тек минералдық ресурстарды ғана емес, сондай-ақ жол құрылыс материалдарының тасымалы, мұнай мен газ өндірісіне қажетті химикаттардың тасымалы, NEХI сияқты сақтандыру ұйымының қатысуымен қаржыландыру сияқты жаңа іс-шаралармен толығуда. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Қазақстан Республикасының банктеріндегі банк ресурстарының саясаты

Кіріспе
Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы.
2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі ресурстарының басты мақсаты — Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық актиатік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастылуға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі тарихи дамудың негізгі көріністері тұрғысынан әлемдегі кейбір елдерде авторитаризм мен тоталитарлық режимдрдің құлауынан байқалады. Ал модернизация теориясы тұрғысынан саяси даму билік пен қоғам арасындағы жаңа байланыстар типін қалыптастыру, халықтың көпшілік бөлігіне негізгі шешімдерді қабылдарда ықпал етуге мүмкіндік беретін әлеуметтік – саяси механизамдерді құру болып табылады.
«Модернизация» ұғымы Батыс әлеуметтануында әлеуметтік – саяси, жалпы қоғамдық даму мінездемесі ретінде қолданылады. Яғни модернизация термині жинақталған мағынада қолданылады. Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін, екіншіден, дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процесін айқындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық