Менеджмент | Қазақстандағы менеджменттің қалыптасуының саяси алғы шарты

КlРlСПЕ
Басқару адамдар іс-әрекетінің мақсатты бағытталған бірлесу қызметі ретінде, ежелден белгілі. Бұл қызметтің формалары, әдістері және мазмұны өзгеріп отырған, ал негізгі құрастырушы элементтері сол немесе басқа түрде сақталған. Менеджменттің негізгі құрастырушыларына: мақсатты анықтау, яғни адамдардың қызметін қандай мақсат пен нәтижені қол жекізуге бағыттау қажеттігі; адамдардың қызметін үйлестіру; олардың арасында жеке қызмет түрлерін бөліп беру; бұл іс-әрекетерді қойылған мақсатқа жететіндей етіп бірлестіру; бірлескен жұмысқа қатысушылар қажетті нәтижеге қол жеткізе алатындай әлеует (қаржылық, ресурстық, технологиялық т.б.) жасау және т. б. жатады.
Көптеген адамдар өздерінің саналы өмірлерінде өздері мүшелері болып табылатын немесе қатынасқа ие болатын, белгілі бір ұйыммен байланыс жасайды. Бұл ұйымдар мемлекеттік, жеке меншік, муниципалдық, үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ

КІРІСПЕ
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді. Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Инфляция дегеніміз күрделі де көп факторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫ

І КІРІСПЕ
Ақша мемлекет пайда болмастан көп бүрын қодданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді.
Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық, валюта¬сы) теңге болып табылады. Тенге 100 тиыннан тұрады.
Ережелерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер клиенттерден банкттік шоттарға ешкандай кедергісіз қолма-қол тиындарды кедергісіз қабыддау мен операциялық кассаны қамтамасыз етуге міндетті; занды және жеке тұлғалардан тиындарды теңгеге, басқа да айналымдағы ақша белгілеріне ауыстыру жүргізіледі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын, дипломатиялық қызметі

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда, халықаралық қатынастарда дипломатияның алатын орны ерекше. Әлем кардиналды түрде өзгерді. Соғыс саясаттың жалғастырушысы болмайтын болды. Халықаралық аренада ХХI ғасырда әлем дамуының жолдары күнделікті талқыланып жатыр.. Сол себепті, дипломатия халықаралық қақтығыстарды тойтару немесе реттеу мақсатында келіссөздер жүргізу өнерінің, компромистер мен өзара тиімді шешімдерді табу, сонымен – қатар, әртүрлі сфераларда халықаралық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтудің қайнаркөзі болып табылады. Н.Ә.Назарбаев өзінің Сындарлы оны жыл кітабында былай дейді: Қазіргі тарихтың кестесі мейілінше тығыз. Бұрындары жүзжылдықтар мен онжылдықтарға созылатын іс – бүгіндері қас қағымда атқарылады. Қазір мемлекеттердің басшылары мен президенттері күн сайын кездесіп жатады, ал кезінде тіпті көрші державалардың билеушілері бір-бірімен ешқашан кездеспеген немесе кездескен күнде де белгілі бір биліктің, яки мемлекеттің жаңғыруы себепші болып отырған. Бүгінгі таңда жаңа мемлекеттер мен одақтар ай сайын бой көтереді десе де болады, ал олардың түбегейлі еңсе көтеріп, құрылымын орнықтыруы үшін санаулы-ақ жылдар қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2004Ж.Ж.)

Кіріспе
Сыртқы саясат мәселелері жөніндегі біздің мемлекетіміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев басқарған Кеңестен соң шамамен жарты жылдай уақыт өтті. Бұл форумды қазақстандық сыртқы саясат қызметіндегі бетбұрыс сәт болды десек, асыра айтқандық болмас. Кеңестегі сөйлеген сөзінде Президент Қазақстан сыртқы саясатының басымдықтарын айқын және көрнекі түрде белгілеп берді, біздің мемлекетіміздің дипломатиялық қызметінің тиісті бағыттарына нақты міндеттер қойды.
Н.Ә.Назарбаевтың сөзі шын мәнісінде сыртқы саясат ведомствосының практикалық жұмысының, осы жердегі болсын, орталықтағы немесе шет елдегі болсын барлық аспектілерін қамтиды. Президенттің нұсқашалары біздің еліміздегі қайта құруларға қолайлы сыртқы жағдайларды жасау үшін кең саяси ептілікке және нақты дипломатиялық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтқанда, дипломатиялық қызмет Қазақстанның халықаралық құқықтық субъектісі және әлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде одан әрі дамуына жәрдемдесудің маңызды құрамына айналып отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық саясатының құрылымы

Кіріспе.
Салық проблемасы ең маңызды және қайшылықты болып келеді, өкінішке орай, бүгінгі күні салық жүйесінің дұрыс жүргізілуін, салық төлеушінің заңды құқығының, мүдесінің әлеуметтік қорғалуының қамтамассыз етілгендігін айту әлі ертерек. Өз кезегінде кім болсада салық төлеудің амал-тәсілдерін қарастырады, ал бұл айлалар қоғамның басқа да шеңберлеріне тарап, мемлекеттік қазынаға түспеуді қамтамассыз етеді. Бұл облыстарда өткізілген, мемлекет тарапынан, салық және алым жүйесіндегі өзгерістер шындыққа жанаспайды.
Салық саясаты – салық механизмінің құрамдас бөлігі бола тұра, мемлекеттің маңызды функцияларының бірі болып келеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ыңғайлылық және тиімділік функцияларын белгілейтін Қазақстан Республикасының салық салу ұйымының барлық субъективтік факторлар жүйесі салық облысының белгіленген шараларының сапасына тәуелді болып келеді. 1995 жылы 24 сәуірде шыққан заңдылық күші бар №2235 «Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер» жөніндегі Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығына Қазақстан Республикасының дербес салық саясатының негізін қалайтын көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық саясатын жетілдіру

Кіріспе
Салықты жетілдіру ұзақ даму жолынан өткен көптеген елдерге қарағанда, экономиканы жедел орнықтыру және дамыту қажеттігі ескеріле отырып Қазақстанда қоғамның талабына жауап бететін және нарықтық экономиканың жағдайына икемделген салық жүйесін жасауды шұғыл қолға алды.
Салық салынатын нысандарды және нақты пайданы айқындауда халықаралық тәжірбиеде қолданылып жүрген принциптерді пайдалануға жол ашу мақсатында өнімнің өзіндік құнына әсер ететін шығындардың жүйесі қайта қаралып, түпкі нәтижені көрсететін баланстық пайда ұғымы енгізілді. Жылдық жиынтық пайданы анықтаудың жолдары белгіленді. Нақты пайдаға ғана салық салынуы үшін салықтық есеп жүйесі қолданыла бастады.
Осы жұмыс «Қазақстан Республикасының салық саясаты және салық механизмі» деген тақырыпта қазіргі мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатына талдау мақсатында жасалды. 1991 жылдың желтоқсанында өз тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясатында салық жүйесінің атқаратын рөлін жан – жақты қамтуға арналған жұмыс. Аталған жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатына шолу жасап, еліміздегі қолданып жүрген салықтар мен алымдардың мәні мен маңызын және де кемшілігін көрсетуге тырыстым.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының монетарлы саясаты

Кіріспе
Қазақстан Ұлттық банкі монетарлы саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару құрылымы

КІРІСПЕ
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» - экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыру керек. Өйткені, тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі – қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шарушылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.
Осы тұрғыдан келгенде еліміз тәуелсіздік алған кезден (1991 жылдың желтоқсаны) бастап мемлекеттігімізді жаңадан құру барысында оны басқару жүйесі өзгермелі жағдайларға жиі ұшырағаны өзінен-өзі түсінікті.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасының қысқа және ұзақ мерзімді стратегиясы

Кіріспе
Қазақстан Республикасы экономикасының өсу стратегиясы өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады.. Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір деңгейінде білінеді. Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б. жатады. Халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлату мемлекеттің әлеуметтік саясатындағыең басты басымдылықтарыдң бірі болып табылады. Экономикалық ілгері басудың жоғары қарқындары халықтың өмір сүру деңгейіне оңды әсері етті.
Экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы ең маңызды және қажетті құбылыс.Сондықтанда менің таңдаған тақырыбым өте актуальды болып келеді. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық