Сәбит Әбдіхалықов Әбдімүтәліұлы (1973 жылы 1 тамыз)

Сәбит Әбдімүтәліұлы Әбдіхалықов (1973 жылы 1 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында туған) — актер және режиссер. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (2000). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2008). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры (2015 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Сәбит Әбдімүтәліұлы 1973 жылы 1 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы Рабат ауылында дүниеге келген.
1992 - 1996 жылдары "театр және кино актері" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтын) бітірген.
2009 жылы Біліктілігін арттыру мақсатында «New York Film Academy» USA қосымша білім алған.
2013 – 2015 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «өнертану ғылымдарының магистрі» дәрежесін алды ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық