Айлардың төресі - Рамазан

Рамазан – 1 ай береке,4 апта толассыз тілектер, 30 кун кешірім, 720 сағат шынайы мүмкіндік, 43200 минут мейірім шуағы, 2592000 секунд тогілген нұр.Талайды көптен күттірген өзімен бірге мол сауап арқалап келе жатқан берекелі Рамазан айы жақындады.Осы жылғы Оразаның тиімділігі қыстың қақаған суығына не шілденің шіліңгір ыстығына емес мамырдың мамыржай күніне келіп тұр.Яғни қасиетті ай мамырдың 6-нан бастау алады.
Рамазан айы – Ұлы Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен,сауабы көп, айлардың ең қайырлысы.Жаратушы Алла адам баласына 5 парызды жүктеген.Солардың бірі Ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден ....
Кеңестер
Толық

РАМАЗАН: ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРГЕ КЕҢЕС

Пайғамбарымыз ﷺ Рамазанның соңғы он күнінде Мәсжидун-нәбәуиде иътикафқа отыратын-ды. Тіпті деректерде мешіттің ішінде шатыр тігіп парыздан соң зікір, құлшылық және Құран оқу үшін осы шатырға кіретіндігі риуаят етіледі. Мінекей осы сәттерде мынадай бір жағдай болағанын Әбу Зәрр жеткізеді: «Рамазанның соңғы он күні болғанда Алла елшісі мешітте иътикафқа отырды. (Рамазанның) 22-сіне сәйкес келетін дүйсенбі күні екінті намазын өткізіп сосын былай деп хабарлама...
Кеңестер
Толық

Мақсат Рамазанұлы | Із


Ілкі сәтте санасы іске қосылған ол, айналасына көз сүзді. Айдалада тұр екен, көз жетер жерде ешкім көрінбейді. Өз денесіне қарады, үстінде лыпа жоқ. Тыр-жалаңаш. Базбір бұзақылар шешіндіріп, тонап кеткендей. Бірақ еш қысылмады, себебі мұны көріп тұрған ешкім жоқ болатын. Бәрінен бұрын алаңдатқаны жалғыздық еді. Қабырғасы қайыса қайғырды, өзінің жалғыздығына. Бір нәрселерді есіне түсіргісі келген, ештеңе өнбеді. Санасы ақ парақ секілді, тап-таза. Ми қуыстарында тек табиғат құбылыстарының елесі тұр, сондай ақ қоршаған ортаны білетін сияқты. «Анау тұрған ағаш» деді, анадайда қуарып тұрған жалғыз теректі өзіне көрсетіп. «Мынау Жер» деді, табанының астын оң аяғымен тебіп. Ауық-ауық әлденелерді айтты өз-өзіне. Бірақ адамдарға қатысты еш нәрсе оралмады есіне. «Сірә, мен жер бетіндегі ең соңғы адам шығармын. Бір алапат дүлейде барлығы қырылып, қатты соққыдан құлағандықтан есімнен ауысып, осы сәтте ғана өз-өзіме келіп тұрған шығармын» деп ойлады. «Бірақ, жер бетіндегі ең алғашқы адам болуым да мүмкін ғой, еш нәрсе есіме түсер емес» деген екінші бір ой қылаң берді санасында. Шегі жоқ екі ойдың ортасында ақыл-есі біраз сарсаңға түсті. Қайсысы ақиқат, қайсысы өтірік, шетіне жете алмады екі ойдың. Есеңгіреген қалыпта біршама уақыт орнында тұрды да, жүріп кетті. .....
Әңгімелер
Толық

Мақсат Рамазанұлы | Ертекші қыз

«Ерте, ерте, ертеде...»

«Бағзы бір заманда...»

Оның әр айтқан әңгімесі осылай басталатын. Өзі де бір қызық жан, өн бойынан адамдарға тән қандайда бір іс-қимылды, мінез— құлықты байқаған емеспін. Ешқашан күлмейтін, адамдарға тән болмыспен қайғырмайтын, жүріс-тұрысы да мүлде бөлек. Үстіндегі аппақ көйлегінің кең етегі желмен баяу тербеліп, бір қарағанда аяқсыз қозғалып келе жатқандай немесе ұшып жүргендей әсер қалдыратын.

Оның айтқан әрбір әңгімесі жер бетінде орын алып жатқан оқиғалармен қабыса бермейтін. Бірақ оның айтары таусылмайтын. Таңнан таңға жалғасатын. Құлақ түрсең «мың бір түннің» елесіне шырмалатынсың. «Ерте, ерте, ертеде...» немесе «Бағзы бір заманда...» деп баяу үнмен басталатын әңгіме, келе-келе небір шытырман оқиғалардан құралатын қиял-ғажайып дүниелерге ұласатын. Маған Ертекші қыздың әңгімесін тыңдаған қатты ұнайтын. Бірте-бірте оның сиқырлы әлеміне бойлап, Ертекші қыздың жанына тым жақындай түскенімді аңғарғандаймын. Себебі, мұны оның бар айтқандарын ұйып тыңдап келген адамдар уақыт өте келе Ертекші қыздан қашықтай түскені көрсетіп берді. Оның қайдан келгенін, әке-шешесі кім екендігін, мекені қай жер екендігін білмейтін көпшілік кейін Ертекші қызға күдікпен қарап, тіптен «перінің қызына» балап, оның жанына жоламайтын болды. Маған бұл онша әсер ете қоймады.

.....
Әңгімелер
Толық

Мақсат Рамазанұлы | Жердің жаназасы

Жер о дүниелік болыпты деген қаралы хабар бір сәтте он сегіз мың ғаламға тарап үлгерді. Маған да жетті. Қаралы хабарға күллі әлем күңіреніп, ащы өксікке толы өкінішпен тіл қатқанымен, бірқалыпты өмірім өзгерген емес. Жерді ойлап жанарымнан жас та шығармадым. Алып Күнді өз өсінен тоқтамастан үш жүз алпыс бес күн айналатын Жердің, әйтеуір бір тоқтайтыны мен үшін ақиқат еді. Сол сәт бүгін орындалып отыр. Негізгі қисын осы. Біз соның куәсіміз, бірақ кінәлі емес едік. Кінәлі да шығармыз, бірақ менің қатысым шамалы. Әлем болса қылмыскерді іздестіріп жатты. Ұзақ іздеу салатын шығар деп ойлағанмын, қателесіппін, олардың топшылауындағы қылмыскер сол күні кешке қарай қамауға алынды.

Бір Көріпкел ұсталыпты. Ол жайында сырттай талай сырға қанық болғаныммен, түр-түсін көрмеппін. Ал оның бар жазығын естігенімде, шыдай алмай күліп жібердім. Сонда барлығы маған жек көре қараған. Көңіліме алмадым. Дегенмен Көріпкелге тағылған айып, ойландырмай қоймады. Егер бар әңгімені бүкпей баяндасам, Көріпкел Жер қаза табатын түні аспандағы жұлдыздармен ұзақ сырласыпты-мыс. Біреулер тыңдап қалса керек. .....
Әңгімелер
Толық

Думан Рамазан | Көгершін

Күз. Күн шайдай ашық. Алматының оқтай түзу көшелерiнiң бiрiнде орта бойлы, қыпша бел, қарақат көз, қыр мұрынды, ашаң жүздi қыз қолындағы үлкен қара чемоданды терлеп-тепшiп әрең көтерiп келедi. Жол бойы жағалай өскен қайың-емен, тал-теректердiң сарғыш тартқан жапырақтары ұшып жүрген көбелекке ұқсап, қалқып барып жерге қонады.

Бiр кезде алдыңғы жағынан қарсы ұшыраса кеткен сұңғақ бойлы әдемi жiгiт «Қарындас, көмектесiп жiберейiн» деп келiп, қыз қолындағы чемоданға жармаса бердi. Қолы талып келе жатқан қыз қарсылық көрсете қоймады. Жiгiт жөткiрiнiп алды да, жуан даусымен сөз бастады:

— Атым Мұрат. Қазақ Мемлекеттiк университетiнiң тiл-әдебиет факультетiнде оқимын. Өлеңдерiм республикалық газеттерге жиi жарияланып тұрады. Мүмкiн оқыған да шығарсыз, – деп желдей есiп келедi. Ал қыз болса: «Ақын болса ақын шығар. Олардың осындай сөзуар болып келетiн әдетi емес пе», – деген оймен оның сөзiне онша мән бере қоймады. Өзiнiң жетi атасына дейiн таныстырған жiгiт «Ендi сiздiң кезегiңiз» дегендей, бұған жымия қарады:

— Есiмiм – Көгершiн. Қыздар педагогикалық институтының үшiншi курсында оқимын. Оқуыма асығып келе жатқан бетiм ғой, – дедi сыпайы ғана тiл қатып.

— Жүгiңiздiң ауырлығына қарағанда, ауылдан келесiз-ау!..

— Иә, жаңа ғана поездан түстiм. .....
Әңгімелер
Толық

Түн жамылған тонаушыма айналған - Рамазан айы!

Жаршысындай ақ шағала, аппақ пейілімнің тілегі, үміт оты - қасиетті Рамазан айын сарыла күтіп жүргеніме, міне, біршама айдын жүзі болып қалыпты. Рамазан айы, сен менің түн жамылған тонаушыма айналдын. Иә, тонаушым. Себебі түннің жарымында сені ойлап, армандап "Қиял" атты үлкен сапарға жол тартамын.......
Шығармалар
Толық

Ерлан Рамазанов

Ерлан Рамазанов – балалар хирургі

Ерлан Рамазанов – облыстың білікті бас балалар хирургі. Жұмысын бастаған күннен бастап жас нәрестелерді хирургиялық жолмен емдеуге маманданған. Ерлан Амангелдіұлы Павлодар облысы хирургиясының неонатология саласына үлкен еңбек сіңірген маман. Ерлан сынды білікті мамандардың арқасында Павлодар облысы дімкәс болып туған сәбилерді оңалту бойынша көш бастап тұр. Әлбетте бұл көрсеткішке балалар хирургиясының айтарлықтай үлесі бар деген сөз.

Балалар хирургі болу – үлкен мәртебе. Өйткені шыр етіп дүние есігін ашқан шаранаға операция жасау – медицина саласындағы ең күрделі бағыттардың бірі. Ол білім мен тәжірибені, жауапкершілік пен шеберлікті талап етеді. Жас нәрестенің жүрек қағысы мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Олар сәбидің бойындағы ақауды анықтап барып, тиісті емдеу шараларын қолға алады.
Ерлан Рамазанов бүгінгі күнге дейін екі мыңдай сәбиге операция жасаған. Ақ халатты абзал жан аймақтағы балалар хирургиясының негізін қалаған маман деп айтуға толық негіз бар.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Шәууәл айында оразаны қалай тұту керек?

Әбу Аюбтан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте, егер кімде кім Рамазанның оразасын аяқтаған сон Шәууәл айында алты күн ораза тұтса, бір жыл ораза ұстағанмен тең болады делінеді.
Кеңестер
Толық