Рамазан – 1 ай береке,4 апта толассыз тілектер, 30 кун кешірім, 720 сағат шынайы мүмкіндік, 43200 минут мейірім шуағы, 2592000 секунд тогілген нұр.Талайды көптен күттірген өзімен бірге мол сауап арқалап келе жатқан берекелі Рамазан айы жақындады.Осы жылғы Оразаның тиімділігі қыстың қақаған суығына не шілденің шіліңгір ыстығына емес мамырдың мамыржай күніне келіп тұр.Яғни қасиетті ай мамырдың 6-нан бастау алады. Рамазан айы – Ұлы Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен,сауабы көп, айлардың ең қайырлысы.Жаратушы Алла адам баласына 5 парызды жүктеген.Солардың бірі Ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден ....
Әбу Аюбтан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте, егер кімде кім Рамазанның оразасын аяқтаған сон Шәууәл айында алты күн ораза тұтса, бір жыл ораза ұстағанмен тең болады делінеді.
Сұрақ: Рамазанда денсаулық тұрғысынан ішіп-жегенде мән берілуі керек болған қандай ерекшеліктер бар? Жауап: Бір дәрігер досымыздың берген жауабы мынадай:
Рамазан айында жүйесіз азықтанған адамдарда әлсіздік, депрессия, асқазанның ауруы және ас қорыта алмауы, қан қысымының төмендеуі сияқты көптеген денсаулық проблемалары байқалуы мүмкін. Сәреге тұрмау немесе сәреде көп мөлшерде майлы тағамдар жеу, ал ауызашарда көп....
Имам Раббани хазреттері бұл жөнінде былай деген:
Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі ай. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап, басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз, басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ауызашар берген адамның күнәлары кешіріледі. Тозақтан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай бұған да сауап жазылады. Ораза тұтқан....
Сұрақ: Рамазанда бір әйелдің хайзы (етеккірі) келсе, тұтқан оразасын ашып жібере ала ма? Хайзы бітуге жақындағанда ішіп-жеуі күнә болады ма? Жауап: Рамазанда бір әйелдің хайзы имсак (ауыз бекітетін) уақытынан кейін тоқтаса, сол күні кешке дейін ораза ұстағандай ешнәрсе жемей жүреді. Имсак уақытынан кейін хайзы басталған....
Сұрақ: Рамазанда «Аллаһтан жасырмағанды құлдан жасырам ба» деп ашықтан-ашық ішіп-жейтіндер кездесіп жатады. Ораза тұтқандардың көзінше бірдеңе шайнап отыру күнә емес пе? Жауап: Рамазанда өзгелер көретін жерде ішіп-жеген кісілер күнә істеген болады. Күнәны ашық түрде де, жасырын түрде де істеу жаиз емес. Бірақ нәпсіне, шайтанға еріп.....
Мәкрух болатындар мыналар: 1) Тістерді тіс пастасымен тазалау, пастасыз болса мәкрух болмайды. 2) Дәрімен тамақты (ауызды) шаю мәкрух. Егер ауыздағы жара намаз оқуға кедергі болса, дәрімен ауыз шаю мәкрух болмайды, өйткені үзір бар. 3) Жүніп болу ықтималы бар кезде әйелін сүю. 4) Рамазан күні инемен дәрі (укол) қабылдау немесе өз қалауымен ауыз толтырып құсу сияқты бір себеппен ораза бұзылса, сапардағы жолаушы өз қаласына келсе, әйелдің.....
Сұрақ: Рамазан айының құндылығы қандай? Жауап: Рамазан айының құндылығы туралы Имам Раббани хазреттері былай деген:
Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ифтар беріп, ауыз аштырған адамның күнәлары кешіріледі. Жаһаннамнан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай сауап бұған да жазылады. Ораза тұтқан адамның сауабы да мүлдем азаймайды.
Бұл айда қол астындағыларға жұмыстарын жеңілдеткен, олардың.....
Хадис шәрифте: «Рамазанда бір қонаққа ауызашар берген адамға Сырат көпірін өту оңай қылынады.» делінген. (Уәсиләт-ун-нажат)
Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз: «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» дегенде, сахабалардың.....
Рамазан айын құрметтеуіміз керек. Құрметтеу үшін Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтануымыз қажет. Ораза тұтып, ғайбат жасаған, жалған сөйлеген, ренжіткен, харамдардан сақтанбаған адам рамазан айын құрметтемеген болып саналады. Хадис шәрифтерде.....