Номерлі ата

...Соғыс деген суық сөз
Жүректі дір еткізер
Ойланатын келді кез
Тілекке не жеткізер...
Қадыр Мырзалиев
Тәтем қалада тұрады. Ауылға анда санда келгенде бізді, балаларды ертіп, ауыл сыртындағы Өтеген батырдың кесенесіне алып барады. Жаз айы аяқталып қалған кез болатын. Бабамыздың кесенесіне барып үш шақырымдық жолда жаяу келе жатқанбыз. Тәтем жол бойындағы бір қабірге тоқтап Құран аяттарын бағыштады, ойланып көп отырды. –Тәте бұл кісі кім? Ескерткіштің төменіндегі мына сандар қандай мағына береді, деп сұрадым. Сол кезде тәтем:- Тайыр ата соғыс басталғанда он сегізде екен. Ағаларынан қалмай соғысқа аттанады. Сталинград қаласын жаудан азат етуге қатысады. Кейін Белорусь майданына қосылады. Кеңес әскері Польшаның астанасы Варшава қаласына барғанда тұтқынға түсіп, қамалады.
Неміс фашистерінің түрмесінде отырған жерінен Освенцим концлагеріне алып кетеді. Нағыз тозақты сонда көрген болса керек ата. «Тірідей адамдарды үлкен пештерге лақтырғанын, иттердің балалардың етегінен тартып,тістелегенін көрдік қой. Концлагерге келгенде екі күннен соң мына санды білегімді күйдіріп жазды. 15777-бұл менің реттік саным. Кейін сол қолыма 74/2/113 деп жазды. Бұл менің концлагердегі орным. Қыстың аязды күндері жалаңаяқ, жалаң бас лагердің сыртын айнала жүгірткен кездерді есіме алғым келмейді, небір азапты балаларым көрмесін деп тілеймін.......
Шығармалар
Толық