- Бір толарсақ, бір тобық Санда болар, жар, жар! Қырық кісінің ақылы Ханда болар, жар-жар! «Әкем-ай!» - деп, жылама, Байғұс қыздар, жар-жар! Әкең үшін қайын атаң Ол да болар....
Келін күйеудің үйіне келгенде, сәлем салып отырады. Күйеудің туғандары, ағайындары бәрі отырады. Онан соң бір кісі ағаштың басына бір асыл бұйым шүберек байлап алып шығып отырып, келіннің басындағы бүркенген желегін көтеріп, бетін ашып, былайша өлең айтады:
Айт, айт, келін, айт, келін, Атыңның басын тарт, келін! Сауысқаннан сақ, келін, Жұмыртқадан ақ келін! Кер биенің-құлыншақ, Салбыраған....
Сонымен бу жалғаннан өттің, кеттің, Мақсатқа, әуре - пенде, қашан жеттің?! "Ас табылса, - дегендей,- дос табылмас!" Бірі болса, бірі жоқ болып кеттің! Бір соны жер қылған жоқ - шиыр, тебін, Қайда барсаң, көрсетіп әркім ебін! Жоқ болғаны жалғанда жаман екен, Аузыңның, сөгер кісі, тіккен жібін. Аспаннан жаңбыр болып жаудың-жаудың, Сарқырап сай-сайынан тас пен таудың. Құрғатып кептіретін күншуақ жоқ, Болған соң ортасында қалдың даудың.
Акқан суды кұйып алатұғын - ешкімде түбі бүгін ыдыстың жоқтығынан, су қалпынан асып кетіп, арнасының өзін бұзып дал-дал қылды. Ақпайын десе, Құдай жаратқан бұлақтың көзі; ағайын десе, қалай ағарын, қалай барарын білмей аң-таң. Аң-таң болатұғыны - мынау замана тиғир (тифир) тауыпты, халық-жұрттың ортасынан опа қашыпты. Ол опа қашқанда, жалғыз қашқан жоқ, сахилыкты, өміруат, адамгершілікті ертіп алып, үшеуі бірге ілесіп шығып кетіпті. Бұл үшеуінің орнында үш нәрсе қалыпты: опа орнына - мүнафиклық, сахилық орнына - сараңдық, мәрауат орнына - хүсүдлік. Бұрынғы аққу мен қаз отыратұғын көлдердің басында қарға, сауысқаннан басқа дым жоқ. Бұлбұл жүретұғын бау-бақшаларда көзі шегір ұзақтан басқа құс жоқ. Есіл Ай мен Күн қатарымен жарыса жүретүғын аспан көкте бұлттан басқа қалған дәнеме жоқ. Бұрынғы уақытта ас пен тойға жұрт өңшең дүлділін қосушы еді. Енді ас пен той болса, алтын қоңырау, атлас жабу жапқан есектерін құлақтарын салпаңдатып, ұялмай алып барып қосып жатыр. .....
Мәшһүр ЖүсіпКөпеев қазақтан шыққан көрнекті ақын, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы.
Бес жасынан бастап ауыл молдасынан дәріс алған. Жастайынан еті тірі, зерек бала Хамар Хазірет деген үлкен оқымысты молданың алдынан жеті жыл бойы сабақ алады. Молда бір ғана дін сабағын емес араб, парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытады. Кітаптың тек қарасын танытып қоймай, ішкі мазмұн, мән-мағынасына.........
Бір мың тоғыз жүз және он үште жыл, Жылдың атын биылғы сиыр деп біл. Он төрті апрельдің сөйлеген сөз Мешіт пен медреседен бір шыққан тіл. Қорлықта тұрғандығын көзім көріп, Аяумен өз әлімше.....
Ағайын барды күндеп көре алмайды, Жоқ болса, жомарттық қып бере алмайды. Кәнеки, бермегенің сол емес пе, Білмеген-білген тілін неге алмайды? Екі көз бір-біріне дұшпан болып, Болса да қандай.....