Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)

Қалайша қырда өскен боп түс көрмейін,
Қалайша оянғанда тістенбейін.
Таңғы нұрға тапшы екен батыс балкон,
Күннің нұры түседі түстен кейін.
Далада жайқалуға жаралмаған
Жаныма таңның нұры таралмаған.
Шығыстан соққан самал,
сұранамын,
Түн ішінде оңаша орал маған!......
Өлеңдер
Толық

Әдебиет | Қажымұқан Мұңайтпасұлы Күш атасы Қажымұқан

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

Өмірі

Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның 1883 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған. Былай басталатын өлең жолдары оның сал-серілігінен де хабардар етеді:

Атандым Мұқан палуан, бала жастан.
Ішінде күштілердің болдым астам.
Талай-талай жерлердің дәмін татып,
Өтті дәурен осылай біздің бастан

Сонда сол циркте жеңген палуан, ең соңында жеңген палуан мен Қажымұқан күреске түседі. Оны жыға алмайды, дегенменен халық арасына танылады. Злобин деген цирктің қожасына ұнайды да, бұл жаңағы барлық зерттеулерде жазады ол «Ваня ағай» деген атақты алғашқы кәсіби Санкт-Петербордағы мектепті ашқан атақты Лебедевке хат жазып жібереді. ....
Рефераттар
Толық

География | Балқаштың экологиялық проблемасының сыры мен мұңы

Қуаңшылық дәуірден көлдің деңгейі төмендеп отырған. Ежелгі Балқаштың айдыны жекелеген иірімдерге бөлініп кететін және көл шұңқыры тұтастай дерлік құрғап қалуы мүмкін еді. Климаттың қайталай ылғалдануы ежелгі Алатау мен Тарбағатай тауларынан ағып түсетін және көлге жаңа мекендеушілер алып келетін өзен сулары ойыстың суға толыуан алып келетін. Осы себеп көлдің ихтиофаунасының қайталанбауы мер түрлік құрамының кедейлігіне түсінік береді. ХІХ ғасырдың соңында Балқаш пен Алакөлдің көлдерінде балықтың бар жоғы 4 немес 6 түрі (ихтиологтар балықтың қайсысы жеке түр екіендігі жөнінде әзірше бір шешімге келген жоқ) кездесетін.
Бәрінен аздау туғызатын айтарлықтай «жас» көлдің «кәрі» мекендеушісі балқаш алабұғасы болатын. Ол кезінде Балқаш алабына тұтас таралған болатын. Алабұғаның пелагиялық (көлдік) нысананың ірі экземплярларының тұрқы (ұз) 50 см-ге және салмағы 1,0-1,5 кг-ға жететін.
Алабұғаның (солтүстікке таман таралған тұқымдастардың өкілі) қалай және қашан Балқаш алабына тап болғаны осы күнге шейін белгісіз. Мүмкін, ерте замандарда Ертіс пен Солтүстік Балқаш өңірінен шекаралық өзендері салдарынан біресе осы, біресе өзге алапқа жалғасып бағытын өзгертеуі мүмкін. Балқаш алабұғасының жұмбағы балықтың, Сырдария алабындағы подкаменщик және Байкал непрасының жұмбақтарымен үндес.
Балқаштың және оның салаларының «аборигендері» не тұқы тұқымдастарына (шармай, көкбас, көкталма), вьюн (жалаңаштар) тұқымдастарына жатады. Олар таулар арқылы мезгіл-мезгіл бағытын өзгертетін өзендермен жеткен деп есептелінеді. Көлемі аса зор болған ежелгі Балқаштың негізінен балықтардың өзендік түрлерімен толтырылуын осылай түсіндіреді. Және неліктен олар әдетте көлге тән түрлермен балқаш үшін болған ұрыста тез жеңіліске душар болғанын пайымдайды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы

Кіріспе
Жақын келешекте ауыр өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және халық шаруашылығының басқада салаларының үздіксіз дамуы отын мен жағар майларды қарқынды өндірудің қажеттілігіне әкеліп соқтырады, демек көмірсутек шикізаты – газ тәрізді және сұйық мұнай өнімдері ресурстарының өсуіне алып келеді. Мұнай өнімдеріне деген сұраныстың өсуін қанағаттандыру үшін жыл сайын үлкен қуаты бар мұнайды алғашқы айдау қондырғыларын жаңадан іскеқосу керек болады.
Мұнайды алғашқы айдау қондырғылары мұнай өңдеу зауыттарында үлкен роль атқарады. Газды бөлу, каткренинг, кокстеу, тазарту және басқа да процестердің тиімділігі осы қондырғының жұмыс көрсеткіштеріне байланысты. Сондықтан мұнай өңдеу өндірісінің жұмысшылары, ғылыми зерттеу және жобалау - конструкциялық ұйымдардың қызметкерлері қондырғылардың технологиясын оның өнімділігін ұлғайтуға және алынған өнімдердің сапасын жоғарлатуға ұмтылуы керек. Еңбек өнімдігін жоғарылату, тауардың өзіндік құнын кеміту энергия шығындарын қысқарту, металл шығындарын және басқа шығындарды қысқарту а/ы ісіне асатын қондырғының (көрсеткіштерінің) технико – экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың үлкен мәні бар.
1950 жылға дейін мұнайды алғашты айдаудың инновациялық әлеуметі қалыптасады. Осыған байланысты адамның біәлім – білік капиталына қатысты экономиканы өрістеу мәселесі туындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Сүлеймен Баязитов | Жастық шақтағы сырласым, қартайғанда мұңдасым

Бастау көзін күні кешегі «Лениншіл жастан» алатын қаймана қазақтың жасындай жарқылдаған «Жас Алашы» – 95-те... Көңілді қуанышқа бөлеген осы бір сәтте өткеніңді ой көзімен шолып, осы мен қаламгер ретінде «Жас Алашқа» қатысым бар ма, бар болса қаншалық?» деген сауалға жауап іздейсің. Аллаға шүкір, сонау 1984-89 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінде «Әдептен озбайық», «Тойдан соң», «Сахнада», «Ақ көгершін», «Қалақ қолға кеш алынды», «Жол мұраты жету ғана ма?» «Барымызды бағалай білеміз бе?» атты мақалаларым жарық көрді. Мен жарияланған дүниелерімің ішіндегі ең бастыларын ғана айтып отырмын. Ал өзімнің «Невада –Семей» қозғалысын қызу қуаттағанымды, сол тақырыпта бірталай материалдар жинағанымды, соның бірі «Жауырды жаба тоқымайық» атты мақаламның «Лениншіл жас» газетінің бірінші бетінде басылғанын, азды-көпті өмірімде тындырған маңызды шаруаларымның бірі деп білемін.

Бір атап айтар жайт, газеттің сол жылдардағы редакторлары С.Бердіқұлов, У. Қалижановтар, Шерағаң салған сара жолды сәтімен жалғастырды. Оны редакция ұжымының авторлары мен жұмыс істеу тәсілінен айқын аңғаруға болатын. Бірде менің «Баян көркін, Жасыбайды ойласақ» атты мақалам «Көзқарас» айдарымен жарық көрді. Айдар: «Мән берсек, ел дәулетін еселеуге, мәдениетін көтеруге септігі болар, бірақ сіздің, оның, барлығымыздың тасамызда қалып елеусіз көрінген проблемалар аз ба? Келіңіз, жаңа рубрикаға атсалысып, ой бөлісейік, мәселе көтерейік» – деген редакциялық сілтемемен берілуі – авторға көрсетілген қолдау екені күмәнсіз. .....
Әңгімелер
Толық