Ат қою рәсімдері

Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша.

Ырымға байланысты ат қою

Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң. Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет. Тек есте болатын бір жағдай, сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін, немесе айқайлап тұрған есімдерді қоймаған жөн.
Кеңестер
Толық

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (О әрпі бойынша ат қою)

ОРАЗГҮЛ - көне түркі тілінен келген орыз — ырыс, құт, бақыт. Есімнің екінші сыңары иран тіліндегі гүл.

ӨМІРШЕ - араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік.

РАСИМА - араб тілінен — рәсім, әдетті берік ұстаушы.

ПАРАСАТ - араб тілінен — ақыл, сана.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (И әрпі бойынша ат қою)

ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай.

КАБИРА - араб тілінен алынған кабир — ұлы, зор, үлкен; маңызды, байыпты, салмақты.

ҚАЗЫНА - араб тілінен алынған хәзинә — байлық, қойма; қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.
Есімдер мағынасы
Толық

Азан шақырып ат қою, Мұсылманша ат қою

«Әке мен шешенің баланың алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру (қыз болса — ұзату)» Хадис-шариф

Азан шақырып ат қою — сәбиге ат қоюдың мұсылманша дәстүрі. Сәбидің бір құлағына азан шақырып, екінші құлағына қамат айтып есім қою сүннет.....
Кеңестер
Толық

Сәбиге ат қою

Сәбиге ат қою — нәресте дүниеге келгенде оған берілетін есімді таңдау дәстүрі, ата-анасының жауапты міндеттерінің бірі. Сәби туылмай жатып та оған қойылатын есімді таңдауға болады. Қазақ халқы Ислам дінін ұстанғандықтан мұсылманша ат қою (азан шақырып ат қою) дәстүрі кеңінен тараған. Қазақ халқының салты бойынша балаға үш күннің ішінде ат қойылуы керек.

Сәби дүниеге келген отбасында немесе үлкен әулетте үлкен ата-әжелер болса, есімді солар таңдайды. Үлкеннің айтқанына қарсы келмейтін жастар қаласа да, қаламаса да келісіп жататын кездер.....
Кеңестер
Толық

Алдымыздағы жексенбiден Дуйсенбiге караған түн Ашура түнi

Ашура сөзі оныншы мағынасына келеді, өйткені Аллаh Тағала Пайғамбарымыздың үмметіне он үлкен кереметтер берген: 1) Режеп айы, 2) Шағбан айы, 3) Рамазан айы, 4) Қадір түні, 5) Ораза айты, 6) Зилхиджа айының он күні , 7) Арафа күні, 8) Құрбан айт күні, 9) Жұма күні, 10-Осы Ашура күні.

Бұл күні үйге ұсақ-түйек заттар алынса, бір жыл бойы үйде береке болады. Пайғамбарымыз Хадис шеріпінде «Кімде кім Ашура күні отбасының нәпақасын мол қылса, Аллаһ Тағала да.....
kz
Толық