Алдымыздағы жексенбiден Дуйсенбiге караған түн Ашура түнi

Алдымыздағы жексенбiден Дуйсенбiге караған түн Ашура түнi

Ашура сөзі оныншы мағынасына келеді, өйткені Аллаh Тағала Пайғамбарымыздың үмметіне он үлкен кереметтер берген: 1) Режеп айы, 2) Шағбан айы, 3) Рамазан айы, 4) Қадір түні, 5) Ораза айты, 6) Зилхиджа айының он күні , 7) Арафа күні, 8) Құрбан айт күні, 9) Жұма күні, 10-Осы Ашура күні.

Бұл күні үйге ұсақ-түйек заттар алынса, бір жыл бойы үйде береке болады. Пайғамбарымыз Хадис шеріпінде «Кімде кім Ашура күні отбасының нәпақасын мол қылса, Аллаһ Тағала да ол жанұяның бір жылдық несібесін мол қылады» деген.

Кемінде он мұсылманға салем беру немесе бір мұсылманға он рет салем беру барлық мұсылманға сəлем бергенмен тең .

Садақа және көмек беріп мұсылман бауырын қуанту. Пайғамбарымыз Хадис шәріпінде Ашура күні берілген садақа (сауабы) жеті жүз мыңдық садақаға тең. «Ашура күні түйірдей садақа берген адам Ухуд тауындай сауапқа қауышады».

Ашура күні мүмкіндік болса ғұсыл құйыну. Кімде-кім бұл күні ғұсыл дәретін алса, бір жыл бойы ұсақ-түйек аурулардан ұзақ болады.
Өйткені, ол күні Аллаh Тағаланың әмірімен періштелер зәмзәм суын су бұлақтарына қосады. Пайғамбарымыз Хадис шәріпінде: «Кімде-кім Ашура күні жуынса, анасынан туғандай күналардан тазарады» деген.
Ілім үйрену керек. Хадис шәріпте: «Ашура күні ілім үйреніліп жатқан немесе Алла Тағала зікір етіліп жатқан жерде біраз отырған адам жәннатқа кіреді», - деп бұйырылды. Мысалы; Құран оқыған абзал, қазасы бар адам қаза намаздарын оқуы керек.

Ашура күні ораза ұстаған адамға ауыз аштыру. Пайғамбарымыз Хадис шәріпінде: «Кімде-кім Ашура күні бір мұсылманға ауыз аштырса, барлық үмметі Мұхаммедке ауыз аштырғандай сауап алады». деген. Осыларды жасағандар Жұмақта Пайғамбарымыздың немересі Хз Хүсейнмен (р.а.) бірге болады делінген.: Танбихул-Ғафилин, Танзихуш-Шариғат, Нүзхатул-мажалис, Раузул-Фаайқ Рухыл-Баян тәпсір кітаптарынан алынған.
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Fatima Abdashimova
    Fatima Abdashimova 01.06.2016 20:48
    0 + 0 -
    Нешинши туни 4 нен 5 не караган тунбе