Дәстүрлі күйшілік өнер

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.
Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар.....
Рефераттар
Толық

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода , элегия , баллада , сонет , т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай ( аңшылық , төрт түлік , наурыз өлеңдері ), ескілікті наным-сенімге байланысты ( бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі ( салт , үйлену , мұң-шер өлеңдері), қара....
Шығармалар
Толық

Қазақша Жұмбақ: Ойын - сауық, Музыкалық аспап

Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,
Аралап он екі үйге қонақ болған.
Домбыра

Ағаш , темір, қағаз, желім,
Бұлардың басын қосқан көрдім жерін,
Шырқырап неше түрлі ән салады,
Ішіне толтырып ап барлық жемін.
Гармонь
Жұмбақтар жауабымен
Толық