Тілепбергенұлы Қазанғап (1854 - 1927)

Тілепбергенұлы Қазанғап (1854–1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі — Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар.....
Рефераттар
Толық

Кейкі батыр (1871–1923)

Кейкі батыр (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871–1923 ж.), 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын.......
Рефераттар
Толық

Қасымұлы Кенесары хан (1802 - 1847)

Кенесары Қасымұлы (1802–1847) — мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837–1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ хандығының соңғы ханы. Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан.

1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың әйелі Қалмақ ханы Қалдан-Сереннің туысы — Хошу мерген ноянның қызы.....
Рефераттар
Толық

Жиренше шешен (XV)

Жиренше шешен (XV) – қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аңызға айналған ділмәр шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шығармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. Дегенмен, қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік саяси өміріне жүйрік тарихшысы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» кітабында........
Рефераттар
Толық

Жиембет жырау Бортоғашұлы (XVII)

Жиембет Бортоғашұлы - жырау, әскербасы болған. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен, қазақтың жорық жырауын жырлаған.

Жиембет Бортоғашұлы қазақ халқының ішкі және......
Рефераттар
Толық

Жауғаш Қырбасұлы (1738-1787)

Қырбасұлы Жауғаш - 1738 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданында дүниеге келіп, Жамбыл облысы, Меркі ауданында қайтыс болған.

Жауғаш Абылай ханның әскери қолбасшысы, елшісі болған, белгілі мәмілегерінің бірі, атақты батыр, қолбасшы, өз дәуірінің көрнекті қайраткері. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының.......
Рефераттар
Толық

Жасыбай батыр (шамамен 1716-1741)

Жасыбай батыр - 18 ғасырда өмір сүрген батыр. Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан, Бәсентиін руынан. Олжабай батырдың жиені. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған ірі тұлға. Әкесі-Өмірәділ от ауызды, орақ тілді шешен ......
Рефераттар
Толық

Жәнібек батыр (1693-1752)

Жәнібек Тархан Қошқарұлы, Шақшақ Жәнібек (1693–1752 жылы Қостанай облысында Жангелдин ауданы Тосын құмы) -қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің қаһарманы. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасынан шыққан. Атасы Шақшақ Аманжолұлы «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған атақты Есім хан қолбасшыларының бірі болған Жәнібек Тархан 1710 жылы он жеті жасында Тәуке ханның қолымен бірге жауға шығып, жекпе-жекке қалмақтың бас батырын өлтірген. Абылай ханның тұсында қол бастап, ханның негізгі кеңесшісінің бірі болған, ел басқару және мемлекет аралық қатынастарға белсене араласқан.1717 жылы Аягөз маңындағы......
Рефераттар
Толық

Жамал Қарши (1230-1315)

Жамал Қарши - Қазақстанның Жетісу аймағында туып-өскен тарихшы, жазушы, ғалым (шын аты-Абдул-Фазал ибн Мұхаммед) (1230, Алмалық-1315). Әкесі Мұхаммед Баласағұн қаласында туылған. Алмалыққа келіп, өсе келе Шағатай ханға қызмет еткен. Жамал Қарши әкесімен бірге қаңлы тайпасының ортасында болып, бала күнінен өз жері мен елінің тарихи шежіресін, аңыздарын тыңдаған. Алмалық пен Қашқарда......
Рефераттар
Толық

Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы (1576-1656)

Жалаңтөс Сейітқұлұлы Сырдария өзенінің бойы, Нұрата аймағында дүниеге келген. Жалаңтөс батыр мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би. Әйтеке бидің үлкен атасы Жалаңтөс батыр бес жасқа келгенде әкесі Сейітқұл хан (Сейітқұл 1570 жылы өзіне қарасты алшындармен Нұрата өңіріндегі өзбек, қарақалпақтардың басын біріктіріп хан болады да, 5000 тұрақты жасақ құрып, жеке ел билейді) оны Нұратадағы.....
Рефераттар
Толық