Жәнібек батыр (1693-1752)
![Жәнібек батыр (1693-1752)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-11/1478618853_zhanibek.png)
![Жәнібек батыр (1693-1752)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-11/1478618742_00000306.jpg)
Жәнібек Тархан бастаған қазақ жасақтары саны жағынан анағұрлым басым басқыншыларға тойтарыс береді.
Бірақ үздіксіз шапқыншылықтан әбден титықтаған Қазақ елі Ресей патшасынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Жәнібек Тарханның қазақ даласының тұтастығы мен елінің еркіндігі жолындағы саяси күресінің елеулі белестері осы кезеңде басталды. Абылай хан да, Жәнібек Тархан да Ресей мемлекетінің қазақ жеріне бекіністер салуына үзілді-кесілді қарсы шыққандарына қарамастан 1740 жылы шекара комиссиясының бастығы В. А. Урусовпен қазақ-орыс сауда қатынасын орнатуға, саяси байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздерге қатысқан. Ресей әкімшілігі Орта Азиядан Орынборға қатынап тұрған сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, Жәнібек Тарханға жүктеген. Кейін Жәнібек Тархан Абылай сұлтан, Әбілмәмбет хан, Қабанбай, Бөгенбай батырлармен бірге Орта жүздің Ресейдің қол астына өтуін ресми тіркеген құжатқа қол қойды. Осы тұста, 1743 жылы 11 шілдеде Ресей патшайымы Елизавета Петровнаның жарлығымен Қошқарұлы Жәнібекке тархан атағы берілді. Орта жүз хандығының билігі Абылайдың қолына көшкеннен кейін Жәнібек Тарханның өкілдігі де жоғарлады. Ш. Уәлихановтың пікірінше, Жәнібек Тархан көп тыңдап, аз сөйлейтін, ердің құнын екі ауыз сөзбен шеше алатын әділ де шешен адам болған. Жәнібек Тарханның үлкен бәйбішесі- Тұрсынбай датқаның қызы, екінші әйелі-Әйтеке бидің қызы, үшіншісі- қалмақ ханның қызы, кіші әйелі- Қосым батырдың қызы. Бұлардан тараған Дәуітбай, Жауғашар, Ақпанбет, Тоқпанбет, Деріпсалы, Тоқтамыс ұрпақтары қазіргі уақытта, негізінен, Қостанай облысы Жангелдин ауданыда тұрады. Жәнібек Тарханның мәйіті Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленген. Батыр есімі Бұқар жырау, Тәттіқара ақын, Абыз әулие жырларда кездеседі. Халық ақыны Иманжан Жылқайдаровтың жырларында бізге жеткен «Шақшақ Жәнібек батыр» жырында, Көкбайдың «Абылай» дастанында Жәнібек Тарханның ер тұлғасы нанымды сомдалған. 1993 жылы Арқалық қаласында ескерткіш орнатылған.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жәнібек хан туралы қазақша реферат, жанибек хан туралы казакша реферат, жанибек хан туралы казакша омирбаяны, жәнібек хан туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке жанибек хан, биография на казахском языке жанибек хан, биография на казахском языке, жанибек хан, реферат на казахском языке, жәнібек хан туралы, қазақша реферат, жәнібек хан