Маған қымбат ашық аспан
Соғыс... Әлемнің барлық тілдеріндегі ең үрейлі сөз. Ұлы Отан соғысы ХХ ғасырдағы ірі оқиға болып, тарихқа қасіретті беттер қосыты. Мен бақыттымын. Өйткені мен өз көзіммен соғысты көрген жоқпын. Осы сұм соғысқа біздің құрдастарымыз қатысқаны туралы ойлаудың өзі ауыр. Төрт жыл бойы адамдар қанды қырғынның, зұлымдықтың, қатігездіктің салтанат құруына куә болып, онымен күресіп, күл талқан етіп жеңді. Аязға, суыққа, аштыққа, жау оғына шыдап, ұйқы туралы ұмытты. Соғыста менің халқымның адам баласына тән ең жақсы қасиеттері: батылдық, ерлік, қайсарлық, кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншік сезімі бой көтерді. Қанша қиындық көрсе де сағы сынған жоқ. Соғыс адал, мейірімді адамды қатігез ете алмайды, олай болуы мүмкін емес. Жаратушы табиғаттың заңына ол қайшы келеді. Сол жылдар туралы естеліктерді майданнан келген бір жапырақ қағаз, жұпыны ғана ашық хаттар, ардагерлердің кеудесіндегі алқалар сақтап келеді. Соғыс ешқашан ұмытылмайды. Соғыстың түнегін, азабын көрген жауынгердің, баласынан, қосағынан айрылған ананың, талай адам көз алдында бақилық болып кеткен майдандағы дәрігердің түсіне енері анық.
Жаңғырып орны жараның,
Жазылып әлі кеткен жоқ,
Жоғалтқан ұлын ананың,
Көз жасы әлі кепкен жоқ .......
Жаңғырып орны жараның,
Жазылып әлі кеткен жоқ,
Жоғалтқан ұлын ананың,
Көз жасы әлі кепкен жоқ .......
Шығармалар