Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту 2011-2020 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде білім беру ісіне жылдан-жылға үлкен көңіл бөлінуде. Елбасы Жолдауындағы ең маңызды көтерілген тақырып, ол білім мәселесінің қаралуы. Білімді жоғары сапаға көтеру арқылы заманауи білім беруді қалыптастыру. Оқытудың жаңа әдістемелік жүйелерін белсене дамытудың керектігін айтады. Осы Жолдауды қолдай отырып оқушыларымызға сапалы білім беру жолында еңбек етеміз деп сенемін. Бiлiм беру мазмұны - жеке адамның бiлiктiлiгi мен....
1. Тізбектер. Жұп оң сандарды өсу ретімен теріп жазайық. Ондай бірінші сан 2, екіншісі 4, үшіншісі 6, төртіншісі 8, т.с.с. Сонда 2; 4; 6; 8; ... тізбегі шығады. Бұл тізбекте бесіншісі орында 10, оныншы орында 20, жүзінші орында 200 саны тұратыны айқын. Жалпы алғанда кез келген n натурал саны үшін оған сәйкес болатын жұп оң санды көрсетуге болады, он 2n – ге тең. Тағы да бір тізбек қарастырайық. Алымы 1 – ге тең дұрыс бөлшектерді кему ретімен теріп жазайық: 1/2; 1/3; 1/4; 1/5; 1/6; ... Кез келген натурал сан үшін біз оған сәйкес болатын бөлшекті көрсете аламыз; ол бөлшек 1/n + 1 – ге тең. Сөйтіп, алтыншы орында – 1/7 бөлшегі, отызыншы орында – 1/31 бөлшегі, мыңыншы орында – 1/1001 бөлшегі тұруы тиіс. Тізбекті құрайтын сандар реті бойынша тізбектің бірінші, екінші, үшінші, төртінші, т.с.с. мүшелері деп аталады. Тізбектің мүшелерін әдетте мүшенің реттік нөмірін көрсететін бар әріптермен белгілейді. Мысалы, а , а , а , а , т.с.с. Жалпы тізбектің n нөмірлі мүшесін немесе тізбектің n – ші мүшесі деленді а n деп белгілейді. Тізбектің өзін былай белгілейміз (а ). Тізбектің мүшелер саны шектеулі болуы мүмкін екенін ескертеміз. Мұндай жағдайда оны шектеулі тізбек деп атайды. Шектеулі тізбекке екі таңбалы сандар тізбегі мысал бола алады: 10; 11; 12; 13; ... ; 98; 99. Тізбекті беру үшін, оның кез келген нөмірлі мүшесін табуға мүмкіндік туғызатын тәсілді көрсету керек. Тізбекті көбінесе тізбектің n – ші мүшесінің формуласы арқылы береді. Мысалы, жұп оң сандардың тізбегін а = 2n, алымы 1 – ге тең дұрыс бөлшектер тізбегін Вn = 1/ 1 + n формуласымен беруге болады. Басқа мысалдар келтірейік. 1. Мысал. Тізбек у = n - 3n формуласымен n берілген болсын n – нің орнына 1, 2, 3, 4, 5 ... натурал сандарын қойып, мынаны шығарып аламыз: у = - 2; у = - 2; у = 0; у = 4; у = 10; ... Қарастырып отырған тізбек былай басталады: - 2; - 2; 0; 4; 10; ... 2 – мысал. Тізбек Х = (- 1) · 10 формуласымен берілген болсын. Осы тізбектің тақ нөмірлі барлық мүшелері – 10 – ға, ал жұп нөмірлі мүшелері 10 – ға тең: х = - 10, х = 10, х = - 10, х = 10. Мына тізбекті аламыз - 10; 10; - 10; 10; - 10; ... 3 – мысал. (С ) = 5 формуласымен барлықмүшесі 5 – ке тең тізбек былай жазылады: 5; 5; 5; 5; ... Тізбектің берілуінің тағы бір тәсілін қарастырайық. 4 – мысал. ( а ) тізбегінің бірінші мүшесі 3 – ке тең, ал әрбір келесі мүшесі алдыңғы мүшесінің квадратына тең болсын ....
XXI- ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Дегенмен алгоритмдік бейімділікті қалыптастырып оқыту жалпы оқу іс-әрекетіне және дамуына әсері қарастырылмаған. Сонымен бастауыш сыныпта оқыту тиімділігін арттыруда, оқу іс-әрекеті мен дамуына алгоритмдік бейімділікті қалыптастырудың айтарлықтай мүмкіндігінің бар болуы мен оның дидактикалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеу салдарынан жеткілікті дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы арасында қарама-қайшылық пайда болды. Алгоритм ұғымы мынадай қасиеттермен сипатталады : 1) бастапқы бөлімдері болады, 2) атқарушы ұғынықты тілі болуы тиіс, 3) әмірлердің бір-бірінен айқын ажыратылған қадамдары берілуі шарт, 4) соңғы әмір нәтижеге жеткізуі тиіс, 5) алгоритмдік нұсқау-ереже бір ғана есепті емес, соған ортақтас есептер жинамының ( класының) баршасына жарамды болуы керек. Алгоритмдік бейімділік пен машық деп біз оқушылардың алгоритмді құрастыруға, орындауға және қолдануға қажет негізгі іс-әрекетінің қалыптасқан жүйесін айтамыз. Бұл ретте, алгоритмді «алға қойылған мақсатқа жету жолында немесе берілген есепті шешу бағытында біртіндеп, қандай әрекеттер жасау керектігін орындаушыға түсінікті түрде әрі дәл көрсететін жарлық (нұсқау)» деп түсінеміз. 1. Алгоритм ұғымы мен оның қасиеттерін оқушылардың интуициялық деңгейде игеруі. Алгоритмнің — орындаушыға арналған жарлық ретінде берілген түсініктің — жеке-жеке пункттерден тұратынын, оның көмегімен көптеген есептер шешілетінін, көрсетілген амалдар тізбегінің қайталану мүмкіндігі бар екенін оқушы жете түсінуі керек. Сондықтан алынған алгоритмді орындау барысында оның пункттерінің реті, әрбір нұсқауы жазылуында келтірілгендей қатал сақталып, дәлме-дәл орындалуы қажет. 2. Алгоритмнің кейбір жазылу әдіс-тәсілдерін, яғни оның толық жазылуын және көрнекі блок-схема ретінде берілуін білу. 3. Математиканы оқып-үйрену барысында есептеулер схемасын құру, таблицалар толтыру, алгоритмді жазудың формулалық түрін пайдалану. 4. Алгоритмді жазудың бір түрінен екінші түріне көшу. 5.Бастауыш сыныптардан белгілі алгоритмдерді білу және оларды қолдана алу. 6. Бір есептің әр түрлі шешуі болатын бірнеше алгоритмдердің ішінен ең тиімдісін таңдай білу. 7. Бұрыннан белгілі немесе есепті шығару барысында құрастырылған алгоритмді ұқсас есептер шығару үшін пайдалану. ....
І-бөлім:Іс-әрекетті зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу Жеті модуль арасынан бұл тақырыпты таңдаған себебім, көпшілік әріптестерімнің ұйғарымы топтық жұмыстың математика сабағына келе бермейтіні, тіпті мүлде келтіре алмадық дегендер де табылды. Әлем мойындап жатқан бұл жүйенің математикаға келгенде қандай құпиясы бар екеніне көз жеткізу тұрғысынан және оқушылардың күрделі ғылымға деген шынайы қызығушылығын ояту мақсатында мен зерттеу тақырыбымды есептерді топта талқылау арқылы шығару....
Балабақша еліміз бойынша қашаннан күн тәртібінен түспей келе жатқан үлкен мәселенің бірі. Бұл мәселені Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша назарға алып, нақтылы тапсыр - малар мен жүктеулерінің арқасында серпінді жұмыстар қолға алынып, мәселе түйіні шешілді. Өткен жылғы Жолдауында мектепке дейінгі тәрбие туралы арнайы айтылып, елдіктің асыл мұратындай «Балапан» бағдарламасының қолға алынуы қала мен ауылда бір - неше жүздеген балабақшалардың ашылуына мүмкіндік тудырып, сәбилерге қуаныш сыйлады. Осындай елбасы бастаған мектепке дейінгі білім беру саласындағы өрелі оң өзгерістер бізді жақсы жетістіктерге бастайды......
Балабақша еліміз бойынша қашаннан күн тәртібінен түспей келе жатқан үлкен мәселенің бірі. Бұл мәселені Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша назарға алып, нақтылы тапсыр - малар мен жүктеулерінің арқасында серпінді жұмыстар қолға алынып, мәселе түйіні шешілді. Өткен жылғы Жолдауында мектепке дейінгі тәрбие туралы арнайы айтылып, елдіктің асыл мұратындай «Балапан» бағдарламасының қолға алынуы қала мен ауылда бір - неше жүздеген балабақшалардың ашылуына мүмкіндік тудырып, сәбилерге қуаныш сыйлады. Осындай елбасы бастаған мектепке дейінгі білім беру саласындағы өрелі оң өзгерістер бізді жақсы жетістіктерге бастайды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты өткен жылғы жолдауы – мектепке дейінгі маман - дар үшін жігер, патриоттық сезім тудыратын, сенім беретін, патриоттық үндеуі деп санаймын. Елбасымыз біздің алдымызға зор міндеттер қойып, нақты тапсырмалар беріп отыр. Біз бұл белестерден ұйымшылдығымыз бен бірлігіміздің арқасында абыроймен өтетінімізге сенімдімін. Баланың ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы. .....
Сабақтың тақырыбы: Математика әлеміне саяхат «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісімен. Сабақтың мақсаты: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, Балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету, сахналап беруге талпындыру. Ойынның шартын сақтап ойнауға, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Болашақта кейіпкерлер рөлдерін сомдай алуға тәрбиелеу. Тілін, сөздік қорын, танымын дамыту. Көрнекілігі: сандар, суреттер, дидактикалық материалдар, үлестірмелі материалдар, слайд. Сабақтың түрі: Ашық сабақ. Әдіс - тәсілдер: ой қозғау, сұрақ - жауап, салыстыру, түсіндіру, дидактикалық ойындар, тапсырмалар.
Мотивациялық қозғаушы Балалар бүгін бізде ерекше күн, қонақ апайлар келді. Қәне бәріміз амандасайық. Сәлеметсіздер ме? Шаттық шеңбері Армысың, алтын Күн! .....
Баланың сандық ұғымы туралы білімін тереңдету және санай білу қабілетін жетілдіру осы кезеңдей ең жауапты міндет болып табылады. Ата-аналар балаға «қанша», «неше» - деген сұрақтарды қоюға болатын мүмкіншілікті орынды пайдалану тиіс. Мысалы: «Біздің үйдің бағында неше алма ағашы, неше өрік ағашы өсіп тұр», «Сенің бөлмеңде неше гүл өсіп тұр?», «Балам столға үш кесе, үш шанышқы әкел және сонша қасық әкеле қойшы. Қане қанша қасық әкелдің? Және т.б. сұрақтар мен тапсырмалар айтыңдар олардың санау қабілетін дамытады. Жақсы санау білу дағдыларын «Кім көп тосын алады?», т.б. ойындар арқылы шыңдай түсуге болады. Реттік сандар қатарын салыстыруға жаттығу баланың санның реттік қатарын (1,2,3) құрылуының негіздегі принципін түсінуге бағыттайды. Осыған орай «Бірлігі ортақ санды ата?» - ойынын ойнатуға болады. Тәрбиеші балалардың көз өлшемінің дамуына көп көңіл бөлуі керек. Мысалы, оларға 4-5 заттың үнемі таңдай отырып, оған тең аз - көп үлгідей затты көзбен табу ұсынылады. Балалар өлшемі тең затты табуды үйренеді. Өлшемі енді көз өлшемдік әрекетке салыстыру заттарын қоюдан өту мақсатын аралық құрал ретінде пайдаланады. Балалар заттарды өлшей отырып, заттардың санына мән береді. Балалар өлшеу, есептеу барысында көптеген көрнекіліктерді қолданады (ленталар, шарфтар, қораптар, шаңғылар). Олардың санын анықтап, бір-бірінен үлкен-кіші, биік-аласа, ұзын-қысқа, тең т.б. екеніне көз жеткізеді. ....
Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, «Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны, жұмбақтар. Құрал жабдық ретінде суреттер, кілем, шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар пайдаланылады
Билингвизм.. Іс - әрекет кезеңдері; Тәрбиешінің іс - әрекеті; Балалардың іс - әрекеті; Мотивациялық – қозғаушылық - Саламатсыздар ма, балалар! Саламатсыз ба! - Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық! Біз әдепті баламыз Амандасу үлкенге, Алдыменен қонақпен Тәрбиенің басы ғой. Амандасып аламыз. Ал қанекей бәріміз. Сәлем!- дейік үлкенге.....
Тақырыбы: Қызықты математика. (математикадан қорытынды сабақ) Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту. Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Тәрбиелігі: Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету. Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу Сабақтың көрнекілігі: сандар, әртүрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.
Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері: Армысың, мейірімді Аспан - Ата Армысың, қайырымды Жер - Ана Армысың, шұғылалы Алтын – Күн Армысың, балабақша, дос - жаран.. Жылулық шеңбер. - Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма? Кәне, бізде қайырлы таң тілейік. - Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!! - Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!! - Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!! Көздерін, құлақтарын уқалайды, қолдарын шапалақтайды. - Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық. - Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу – іс-әрекеті......