Оққа төселген от кеуде

Бастауын тым әріден, ата-бабаның арманынан, олардың қанмен тасқа қашап жазып кеткен тереңде жатқан тарихынан алатын Мәңгілік Ел идеясы бүгінгі ұрпағынан қажырлы еңбекті, ешқашан таусылмайтын жігерлі де жасампаз патриоттық сезімді қажет ететіндігін Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басты бағдар тұтар ұран етуі тегіннен тегін емес. Бұл біздің мемлекетіміздің , Отанды шексіз сүюдің суалмас тамыры, жалпыұлтты біріктіруші күші, қуатының қайнар көзі. Бұл жолда біз халқымыздың «Ескерген ескісін сақтайды, Ел болған естісін сақтайды», «Ердің баласы – елдің панасы» деген даналықтарының астарына үңіле түсіп, емеуріннен ерліктің қасиетін ұғынамыз.
Ежелден батырлар мен дауылпаз ақындардың , билердің мекені танылған көне Дендердің қасиетті топырағында дүниеге келіп, сонау бір дүниежүзілік соғыстың ортасында алапат ерлікпен қаза тапқан батыр – Боран Нысанбаев еді. Күні кешегідей ғана, жер дүниені дүркіретіп кеткен,біраз жылдармен жылжып өткен, өткен ғасырдың ең елеулі оқиғасына айналған Ұлы Отан соғысы бүгінгі ұрпақтың есінен кетуі тиіс емес. Қашанда Ұлы Отан соғысы болса, сол батырлармен қатар өз халқымыздың мақтанышы, жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағын алған Боран Нысанбаев ең алдымен еске түседі, оған деген құрмет сезімі жүрек иітеді, көңілді баурайды, ерлікке үндейді.
Боран Нысанбаев 1918 жылы Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай округіне қарасты Қаңбақты елді мекенінде кедей шаруаның жанұясында туған. ......
Шығармалар
Толық

Сен құрметте оны!

Отан үшін отқа түс- күймейсің.
Сен құрметте оны!
Түсіндін, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Өлім соққысын өз үлесіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.... - деп, жерлес ақын жазушы Ә. Сәрсенбаев атамыз сонау сұрапыл соғыс жылдарынан аман оралған соғыс ардагерлерін құрметтеуге өз өлең жолдарында жырлаған болатын. Себебі жерлес Әбу атамыздың өзіде сол 1942-1947 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан аталардың бірі еді. Әбу атамыздың осы өлең жолдарын оқи отырып, мен де өз атамның әкесі менің атамды көз алдыма елесте аламын......
Шығармалар
Толық

Жеңіс жаңғырығы

Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққанжауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз, Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды.
Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігін ұастерлеу– кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. .....
Шығармалар
Толық

Өлкеміздің Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі

Туған жер! Бұл осы өңірде туып-өскен ұрпақтың мәңгі есінде қалар сурет екені даусыз. Туған жердің жұпар ауасы кеудеңді керіп, алыс кетсең сағындырады. Туған жерін сүймейтін тіршілік иесі жоқ. Біздің өлкенің жерін сүймейтін тіршілік иесі жоқ. Біздің өлкенің жері бай, тарихы терең. Сол тарихта Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев (Новобогат, Қамысқала) ауылының алатын орны ерекше. Оның өткеніне көз жіберіп, арғы шежіреге үңілсек, қалың қыпшақ даласы болған, кейін Ноғай ордасы құрамына кірген қалмақтар жайлап, олар Қытайға көшкенде, отыз жылдай жүгірген аң мен ұшқан құстан өзге жан иесі мекендемеген бос жатқан өңір ойға оралады. Еділ мен Жайық аралығындағы осынау кең далаға қоныстануға 1801 жылы орыс патшасынан рұқсат алған Бөкей сұлтан бес мың шаңырақпен көшіп, Жайық өзенінен өтіп, ат басын осы Қазіргі Хамит Ерғалиев ,бұрынғы Новобогат жеріне тіреген Новобогат ауданы еңбекшілерінің ұйымшылдығы мен тамаша патриоттық бастамалары ел басына қатер төнген Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше көрінді. Фашист басқыншыларының айуандық, жауыздық әрекеттеріне ыза болған новобогаттықтар алғашқы күндері-ақ митингілер-жиналыстар өткізіп, берік топтасып, Отанымыздың күш-қуаты мен қорғаныс қабілетін нығайту үшін жан аямай еңбек ететіндіктерін білдірді.
1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы бүкіл елдегі сияқты Новобогат ауданында да қауырт жағдай туғызды. Ер-азаматтар әскери комисариаттың алдында лек-лек болып майданға аттанып жатты.......
Шығармалар
Толық

Ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлаған батыр

Иә, биылғы жылы талай ұл-қызды әкесіз талай ата-ананы баласыз қалдырып, етігімен су кешкен зұлмат соғыстың аяқталғанына 71жыл. Қаншама ержүрек батыр ата-әжелеріміз басын қаперге тігіп, ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлайды. Ал, ол ел үшін кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ізгілікті ісінің арқасы. Демек, Ұлы Отан соғысына қатысушы майдангерлер ерлігін бүгінгі және кейінгі ұрпаққа насихаттап, оларды өнеге тұту парыз.Ерлік мәңгі ескірмейтін, ұрпақтар жанында сақталатын қасиетті іс. Осы ерлік көрсеткен батырлардың бірі –жерлесіміз «Даңқ» Орденінің толық иегері Ш.Т.Еркіновте бар.
Ол 1924жылы Ойыл ауылдық кеңесінде Даулетиман елді мекенінде дүниеге келіп,Батыс Қазақстан облысы ,Қаратөбе айданы, Саралжын ауылындағы бастауыш мектептен дәріс аладыда Миялыдағы Орлыкөл мектебінде білімін жалғастырып , үздік бағамен бітіреді.1942жылдың 18 тамызында Ақтөбе облысы, Қобда аудандық әскери дайындық тан өтіп,1943 жылдың шілде айынан бастап,ұрыстың қызған жері Батыс майданының құрамында Сталинград шайқасында шыңдалады......
Шығармалар
Толық

Ауылымның мәртебелі азаматы

Жас ұрпақтың туған елге, оның тарихы мен мәдениетіне, жастарды бүкіладамзаттық деңгейдегі тұлға етіп тәрбиелеу, ұлы адамдарға еліктеп өсуге жетелеу және әрбір жасты ғылым мен өнерге баулу, ар-ұяты мен намысы биік нағыз адам етіп өсіру деген мақсатта мен де тұлға болып тәрбиеленуші қазақтың қызының бірімін. Бұл шығармамда нақты тұлғаның туған ел тарихындағы үлесін айтқым келеді.
Менің ауылым ертеректе балық шаруашылығымен айналысқан.Атам Рахметов Жұқалтай 1905 жылы Атырау облысы Исатай ауданы Манаш ауылында Қызылбалық ұжымшарында дүниеге келген.Әкесі Құрманғазиев Рахмет өмір бойы балық шаруашылығымен айнласқан. Еңбек жолын 1920-29 жылдары №4 жүзбелі балық зауытында жұмысшы болып бастаған. 1919-1923 жылдары бастауыш кластық білім алып, 1935 жылы Астрахань қаласындағы кооператив техникумында оқып, бухгалтерлік мамандық алады. 1929-33 жылдары есепші, 1936-40 жылдары бухгалтер қызметін атқарған.1940-41 жылдары Манаш балықшылар кооперативінің төрағасы, 1941-54 жылдары Забурын балықшылар кооперативінің төрағасы қызметінде болған.Соғыс жылдарында халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің маңызы өте зор болды. Осыған байланысты осы жердегі ұжымшардағы балықшыларды әскер қатарына алмаған. Забурын балықшылар кооперативі Новобогат (қазіргі Исатай), Теңіз (Құрманғазы) аудандарының тұрғын халқын азық-түлікпен қамтамасыз етуде көп еңбек сіңірген. Атам өзінің жеке шаруасындағы малын сатып, одан түскен қаржыны Отан қорғау қорына жұмсайды. Бұл турасында Жоғарғы Бас қолбасшы И.В.Сталиннің атына жолданған жеделхатында көрсетілген.....
Шығармалар
Толық

Оққа төселген от кеуде!

Жеңіс күні! Бұл сөз менің бала санамда өте ғаламат сөз ретінде әсер қалдырады. Біз бұл мерекені жыл сайын 9 мамырда атап өтеміз. Мен «Жеңіс күнін» аға- апалардың, ата – әжелердің және мектептегі мұғалімдеріміздің әңгімесінен, сыныптан тыс тәрбие сағаттардан көріп білдім. Бала күнімнен бері жылда Жеңіс мерекесін атап өтсек те, оның шын мағынасын түсінбейтінмін. Өсе келе балабақша, содан соң мектепке келдім. Жасым есейе, ержете келе «Жеңіс күні» мерекесін жете түсіндім. Жеңіс күні – адамзат аңсап жеткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр – азат күресінің айбынды күні. Менің бейбіт өмірде алаңсыз өмір сүріп, білім алып, болашаққа жоспар құруымның кепілі болған күн.
Ол ата – бабамыздың, ана- әжелеріміздің көзінің жасы, маңдайының тері, қаны аққан күн. Міне сол жеңіске биыл 71 жыл. Ешкім де, ешнәрседе ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Иә, ол барды жоқ етті, тауды жер етті емеспе? Жер бетіндегі бүкіл тіршілікті өлтірді. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының батырлықтарын паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді көзі көрген аталар мен әжелер тойлайды. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш – бірлік болатын. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды , сондықтан бұл мереке одақтас болған он бес мемлекеттің мерекесі.
Мен осы жазғалы отырған шығармамды Жеңіс күніне, жерлес батырымыз Боран Нысанбаевқа арнаймын. Ең алғаш мен Боран есімін мұғалімімнің өткізген тәрбие сағатында танысып білдім.......
Шығармалар
Толық

Қазақ батырларының ерлігі

Биыл Ұлы отан соғысының өткеніне 71 жыл. Кейінге шегінсек, Ұлы отан соғысында қазақ халқы көп зардап шекті. Көптеген балалар жетім қалды, мүгедектер атанды, өз өмірлерімен қоштасты. Бұның барлығы тек тәуелсіздік алып, болашақты жарқын ету жолындағы күрес еді. Ер азаматтар елін, жерін қорғау үшін қасық қаны қалғанша күресті. Біз бәлкім бұл қиындықты сезіне алмайтында болармыз, бірақ соғысқа қатысқан атаәжелеріміз көзіне жас алып еске түсіреді. Біздің еліміздің жеңіске жетуінің бірден бір себебі- намысты қолдан бермеу, ел намысын жоғары қоятын біздің ұлттық мінезіміз, ерекше қасиетіміз болып табылады.
Ұлы отан соғысында қазақ халқы өзінің аз екендігіне қарамастан , ерлігін, батырлығын көрсете білді. Ұлы отан соғысына батырлар, тіпті ерлермен қатар әйел адамдарда қатысты. Олар ерлік көрсете білді. Қазақ қыздарының арасында 19 жасында «Отан үшін» деп соғысқа аттанған Әлия мен Мәншүк бар. Олар ауыр мылтықты арқалап, соғысқа аттанды. Әлия қан майданға шығып, 78 немісті жоюы, қайран қалатын ерлік емес пе? Оның өмірі қысқа болғанымен, даңқы ұзақ. « Батырдың өзі өлсе де, аты өлмейді» дейді дана халқымыз. Сол себепті қазақ халқының батырларының есімі қазақ елінің жүрегінде мәңгі сақталады.
Қазақ халқының жүрегінде өшпейтін тағы бірден- бір нәрсе қазақ батырларының ерлігі. Оларды жазықсыздан жазықсыз жазалап отырды. Бірақ бұларға қарамастан қазақ жастары ерлігімен, елдің атын шығара білді. Сонымен қатар Ұлы отан соғысына Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Мәншүк Маметова сияқты соғыста тағы да басқа апа- ағаларымыз қатысқан екен.Ұлы жеңістің ұмытылмайтыны секілді, соғыста ұмытылмастай ізін қалдырды. ......
Шығармалар
Толық

Соғыс салған зардап

1941 жылғы 22 маусым –тарихта мәңгі есте қалатын қасіретті күн.Осыдан жетпіс бір жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Ұлы Отан соғысы майдандарында , жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып , фашизм концлагерьлерінде қаза тапқан өжет , қайсар қандастарымыздың рухына бас иеміз . Соғыс салған зардап әлі күнге толық жойылған жоқ . Олардың Отан үшін қан кешкен әр қадамы , жеңісті жақындата түскен әр күні ұмытылмайды . Ұлы Отан соғысы дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті . Соғыс қимылдары әлемнің қырық мемлекетінің аумағында жүрді . Ең соңғы деректер бойынша бұл апатта 60 млн адам қаза тапқан . Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 млн. деп есептелінді. Әлем 1941 жылы соғысты кім бастап , оған адамзат тарихында бұрын - соңды болып көрмеген қандай қатер төніп тұрғанын бірден сезген .
Соғыс жылдары Қазақстанға Кеңес Одағының аудандарынан көптеген өнеркәсіп көшірілді. Ауыр машина жасау зауыттары , сондай-ақ тоқыма , мақта- мата аяқкиім фабрикалары Қазақстан жеріне өніпм беріп , майдан қажетін өтеуге кірісті .Қазақ халқының да Жеңіс күнін жақындату үшін қосқан үлесі зор болды......
Шығармалар
Толық

Жасасын Жеңіс!

Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Соғыс! Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені соғыс атаулы адамзатты қырып – жоюға бағышталған. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді – мекендерді тып –типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының , бірлігінің дәлелі.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бі ғаламат соғыс басталды. Сол түні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диқаншы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. ......
Шығармалар
Толық